Мазмұнға өту

ҚазМұнайГаз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Түрі

Қоғамдық компания

Биржадағы листингі

KASE: KMGZ
AIX: KMG

Құрылды

2002

Орналасуы

 Қазақстан Астана, Есіл ауданы, Қонаев көшесі, 8, «Зүбаржат орамы» әкімшілік ғимараты, «Б» блогы

Басты адамдары

Асхат Хасенов (Басқарма төрағасы)

Саласы

Мұнай мен газды өндіру, өңдеу және тасымалдау

Айналым

2,3 трлн теңге (2010 жыл)

Операциялық кірісі

284 млрд теңге (2010 жыл)

Қызметкерлер саны

48,2 мың (2023)[1]

Басшы компания

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ (67,42%), ҚР Қаржы министрлiгi (20%), ҚР Ұлттық банкі (9,58%)[2]

Сайты

www.kmg.kz  (ағыл.)  (қаз.)  (орыс.)

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚҚазақстанның ұлттық мұнай компаниясы.

Толық атауы – «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы. Бас кеңсесі Астана қаласында орналасқан.

Толық мақаласы: ҚазМұнайГаз тарихы

2002 жылдың 20 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының мүддесін қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. Компанияның 67% акциясының иесі «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы «Қазақойл» Ұлттық мұнай-газ компаниясы» ЖАҚ және «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ компанияларын бір-біріне қосу арқылы құрылды. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықтық мирасқоры болып келеді.

«Қазақстаннефтегаз» басшылары
«Қазақстанмұнайгаз» басшылары
«Мұнайгаз» басшылары
«Қазақойл» басшылары
«ҚазМұнайГаз» басшылары

Мұнай және газ өндіру көрсеткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2000 жылы бұл компанияларда 5,8 млн. т мұнай өндірілді, оның 3,57 млн. тоннасы экспортқа шығарылды. 89 жаңа ұңғыма іске қосылды. Ұлттық компания “Атырау мұнай өңдеу зауытының” акциялар пакетінің 86%-ын иеленеді [3].

Компанияның жобалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Еншілес компаниялар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«ҚазМұнайГаз» 2024 жылғы қыркүйек айындағы ақпарат бойынша төмендегідей компаниялардың 10%-дан артық акциясына иелік етеді:[4]

Мұнай-газ барлау және өндіру
Мұнай-газ тасымалдау
Мұнай-газ өңдеу және басқа сала
  • «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (ПМХЗ) – 100%
  • «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС (АМӨЗ) – 99,53%
  • Нидерланд TH KazMunaiGaz B.V. – 100%
  • «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС – 100%
  • «ҚазРосГаз» ЖШС – 50%
  • «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС – 49,5%
  • Нидерланд KMG International N.V. (Rompetrol) – 100%
  • Америка Құрама Штаттары Kazakhstan Pipeline Ventures LLP – 49,9% (Каспий құбыр консорциумның 1,75% акционері)
  • «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС – 100%
  • «ҚМГ-Құмкөл» ЖШС – 100%
  • «KMG Drilling&Services» ЖШС – 99,7%
  • «KMG PetroChem» ЖШС – 100%
  • «KMG-Security» ЖШС – 100%
  • «KMG Green Energy» ЖШС – 100%
  • «KMG Systems & Services» ЖШС – 100%
  • «KMG Automation» ЖШС – 49%
  • «KMG EP-Catering» ЖШС – 100%
  • «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС – 100%
  • «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС – 93,88%
  • «Petrosun» ЖШС – 49%
  • «Полимер Продакшн» ЖШС – 100%
  • «ӨзенМұнайСервис» ЖШС – 100%
  • «Кен-Құрылыс-Сервис» ЖШС – 100%
  • «ТеңізСервис» ЖШС – 49%
  • «Су өндіру және тасымалдау Басқармасы» ЖШС – 100%
  • «Эр Ликид Мунай Тех Газы» ЖШС – 25%
  • Ресей «Каспийская Нефтегазовая Компания» ЖШҚ – 50%
  • Ресей «Нефтегазовая Компания Центральная» ЖШҚ – 50%
  • «АқтауОйлМаш» ЖШС – 25%
  • «Грейс Казахстан Каталистс» ЖШС – 12,5%
  • «Professional Geo Solutions Kazakhstan» ЖШС – 50%
  • «Oil Construction Company» ЖШС – 100%
  • «Oil Services Company» ЖШС – 100%
  • «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС – 100%
  • «Мұнайтелеком» ЖШС – 100%
  • «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС – 100%
  • «Силлено» ЖШС – 29,9%
  • «КС Energy Group» ЖШС – 49%

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Жылдық есеп / 2023
  2. АО "Национальная компания "КазМунайГаз" (KMGZ)
  3. К. Қажымұрат мақаласы
  4. Эмитент әрбір осындай ұйым акцияларының (үлестерінің, пайларының) он және одан көп пайызын иеленетін ұйымдардың тізімі

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]