Мазмұнға өту

Қашаған кен орны

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Қашаған кен орны
46°38′11″ с. е. 52°27′15″ ш. б. / 46.63639° с. е. 52.45417° ш. б. / 46.63639; 52.45417 (G) (O) (Я)Координаттар: 46°38′11″ с. е. 52°27′15″ ш. б. / 46.63639° с. е. 52.45417° ш. б. / 46.63639; 52.45417 (G) (O) (Я)
Ел Қазақстан
Ашылған уақыты2000 жыл
Игеріле бастады2001 жыл
Теңгерімдік қорлары6 млрд тонн мұнай
Өңдеу әдісіжасанды арал
Жылдық өнімі8,35 млн. тонн (2017)
Жер қойнауын пайдаланушыNorth Caspian Operating Company
Қашаған кен орны (Қазақстан)
Қашаған кен орны
Қашаған кен орны (Каспий теңізі)
Қашаған кен орны

ҚашағанКаспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан әлемдегі ірі мұнай және газ кен орны. Ол Атырау қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 80 км жерде орналасқан. Қашаған 75 км x 45 км аумақты алып жатыр. Қашаған соңғы 40 жылда табылған әлемдегі ең ірі кен орны болды[1]. Кен орнының коллекторы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде теңіз түбінен 4200 метрдей тереңдікте жатыр.  

Соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррель мұнайды құрайды. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілуде. Консорциумға Eni (16,81%), «ҚазМұнайГаз» (16,87%), TotalEnergies (16,81%), Royal Dutch Shell (16,81 %), ExxonMobil (16,81%), CNPC (8,33%), INPEX (7,56%) компаниялары кіреді.  

Кен орнына ХІХ ғасырда Маңғыстау облысында дүниеге келген қазақтың әйгілі жырауы Қашаған Күржіманұлының есімі берілген.

Географиясы және геологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қашаған кен орны Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Каспий аймағы мұнай кен провинциясына жатады. Қашаған - Солтүстік Каспийдегі Қаратон-Теңіз кен орнының жалғасы болып саналады. Ол негізгі үш массивке бөлінеді: Шығыс Қашаған, Батыс және Оңтүстік-Батыс Қашаған. Өндірілетін мұнай қоры 1,5-10,5 млрд тонна аралығында болса, ал жалпы геологиялық мұнай қоры - 38 млрд баррель құрайды (6 млрд т)[2].

Шығыс Қашағанның қоры 1,1 - 8 млрд тонна, Батыс - 2,5 млрд тоннаға дейін ал Оңтүстік-Батыс Қашағанда - 150 млн тонна. Қашағанның геологиялық қоры қазақстандық мамандардың есебі бойынша шамамен 4,8 млрд тонна деп жоспарлануда. Сонымен қатар Қашағанда табиғи газдың да ірі қоры бар - 1 трлн м³ асады.

Қашаған кен орнынан бөлек консорциум қосымша он бір блокті игеруде. Олар Ақтоты, Қайран және Қаламкас. Мұнайды өндіру жасанды аралдар арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі күнге төрт жасанды арал құрастырылып, шамамен 37 ұңғыма бұрғыланған.

Мұнай мен газды кешенді дайындау мақсатында Атырау қаласынан 32 шақырым қашықтықта «Болашак» станциясы тұрғызылды. Аталған станция тәулігіне 300 мың баррель мұнай дайындай алады және кейін оны 450 мың баррельге дейін ұлғайтуға болады.

Өндірістік операцияларды қолдау мақсатында Маңғыстау облысында Баутино базасы арқылы асырылады. Сонымен қатар мұнда мұнай төгілуге қарсы күрес орталығы да қызмет етеді.

Каспийдің солтүстігінде жатқан Қашаған кен орыны «Восток-1» ұңғысымен 2000 жылы ашылды.

Каспийдің солтүстік жобасы Agip КСО консорциумымен іске асырылып жатыр. Оның құрамына 18,52% үлесі бар Eni (жобаның ортақ операторы), TotalEnergies, ExxonMobil, Royal Dutch Shell, 9,26% үлесіне ие ConocoPhillips, және 8,33% үлесі бар Inpex және «ҚазМұнайГаз» компаниялары кіреді.

Қазақстан үкіметі Қашаған жобасында операторлық қызметін атқарған итальяндық Eni компаниясының жұмысына қанағаттанбады. Бұған кен орнына қатысты жасалған жаңа сметалық құжат себеп болды. Онда шығын көлемі $57 млрд тан $136 млрд дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, өнім өндіре бастау мерзімі 2008-2010 жылға ауыстырылды.

Кейін, Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау ведомствосы Қашаған кен орынын пайдалану рұқсатын тоқтатты. Ресми мәліметтер бойынша, мұндай шешім Agip KCO консорциумының республикалық табиғатты қорғау заңдарын орындамағаны үшін қабылданған.

Үш айлық келіссөздердің нәтижесінде 2007 жылдың 3 желтоқсанында «ҚазМұнайГаз» Қашаған консорциумымен өзара түсіністік жөнінде хаттамаға қол қойып, онда жобаны іске асыру уақыты және шығындар көлеміне қатысты мәселенің қайта қаралатыны көрсетілді.

Құжат бойынша 20 желтоқсанда барлық компаниялар, өздерінің үлесіндегі бір бөлікті «ҚазМұнайГаз»компаниясына тапсыру және оның операциялық қызметіндегі ролін көтеру жөнінде келіссөздерді аяқтауы тиіс болатын.

Сөйтiп, Қашағанға қатысушы компаниялар ENI, Total, Shell және ExxonMobil-дiң үлес салмағы — «ҚазМұнайГазбен» бiрдей 16,8%-ды [дереккөзі?] құрайды. Қазақстан компаниясы шетелдiк компаниялардан акцияны сатып алғаны үшiн 1,78 миллиард доллар төлейтiн болады.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]