Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасының Президенті | |
Президент байрағы | |
Басқару түрі | |
---|---|
Ресми резиденциясы | |
Тағайындалды |
тікелей дауыс беру арқылы |
Өкілеттігінің мерзімі |
7 жыл, қайта сайлану құқығы жоқ |
Лауазым пайда болды | |
Алғашқысы | |
Сайты |
Бұл мақала келесі топтама бөлігі: |
Қазақстан Республикасының саяси жүйесі |
---|
|
Қазақстан порталы |
Қазақстан Республикасының Президенті — Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы және ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы, елдегі ең жоғарғы лауазым.
Тарихы
1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Президентінің лауазымын белгілеу және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақ КСР заңымен Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ КСР Президенті болып сайланды.[1] Сайланған кезінде Назарбаев Қазақстанды 1989 жылғы 22 маусымнан бастап Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып басқарған болатын.
1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық Президент сайлауы өтті. Дауыс беруге келген 88.2% сайлау 98.78% дауыс жинап Нұрсұлтан Назарбаев жеңіске жетті.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
1993 жылдың жаңа Конституциясы арқылы Қазақстанда қоғам дамуына динамика беріп, бірпартиялық саяси басқарудан, экономикалық монополия жүйесінен және тарихи идеологиядан бас тарту арқылы Жоғарғы Кеңеске қатысу ауқымды өкілет берілді.[2]
Бұл конституцияға сәйкес, президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланды, бір адам екі мерзіммен шектелді.
1995 жылы 29 сәуірде президент Назарбаевтың өкілеттігін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзарту туралы референдум өтті. Мұны 91.26% келушілердің сайлаушылардың 95.46% қолдаған.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Бұл конституция бойынша президент жалпыхалықтық дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланды. Президент туғаннан Қазақстан азаматы болуы керек, 40 жастан кіші болмауы керек, мемлекеттік (қазақ) тілді еркін білуі қажет, Қазақстанда кемінде 15 жыл тұруы керек және жоғары білімі болуы керек.[3]
1998 жылы 7 қазанда Қазақстан конституциясына, оның ішінде президентке қатысты өзгертулер енгізілді — оның өкілеттік мерзімі 7 жылға дейін ұлғайтылды, президент үшін белгіленген шектік жас мөлшерін (65 жас) алып тастады, оған міндетті түрде қатысу қажеттілігі де белгіленді, Президенттік сайлауда сайлаушылардың 50%-ы болып қажеттілігі жойылды, Қазақстанның барлық мемлекеттік қызметшілері үшін осындай шектеуді алып тастады. Конституцияға енгізілген өзгерістермен бір мезгілде кезектен тыс президент сайлауы белгіленді.
10 қаңтар күні 1999 жылы бірінші кезектен тыс президент сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев 79.78%, Серікболсын Әбділдин 11.7%, Ғани Қасымов 4.61%, Энгельс Ғаббасов 0.76% дауыс жинады.[4]
2005 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда үшінші жалпыхалықтық президент сайлауы өтті. Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 91.15 % дауысын жинап, жеңіске жетіп, алдағы 7 жылда билікте қалды. Оппозициялық кандидат Жармахан Тұяқбай 6.61 % дауыс жинады. Ел тарихында алғаш рет кандидаттар арасында теледебаттар өтті.[5]
2007 жылғы 21 мамырда Конституцияға, оның ішінде президент лауазымына қатысты өзгерістер қайтадан енгізілді. Парламенттік өзгерістері кезінде Ата заңға 30 түзету жасалды. Президенттің өкілеттігінің мерзімі 5 жылға өзгертілді. Бірақ, "бір адам қатарынан екі реттен артық президент болып сайлана алмайды" деген тармаққа "бұл шектеу Қазақстан Республикасының Тұңғыш президентіне қолданылмайды" деген есептеме қосылды. Сонымен өзара өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде президенттің саяси партиядағы қызметін тоқтатуына сөз қосылды.[6]
2011 жылғы 3 сәуірде елде кезектен тыс сайлауы тағайындалды.[7] Нәтижесінде жалпы дауыстың 95.5% жинаған Назарбаев қайта сайланды.[8]
2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстанда тағы бір кезектен тыс президент сайлауы жүргізілді. Сайлауда Назарбаев сайлаушылардың 97.75% дауысын алды да, тағы қайта сайланды.[9]
2019 жылғы 19 наурызда президент Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігінің аяқталуына бір жыл қалғанда отставкаға кетті.[10] Президент міндетінің атқарушысы болып Конституция бойынша Сенат төрағасы тағайындалатындықтан Назарбаевтың ізбасары Қасым-Жомарт Тоқаев болды.[11] Көп ұзамай 9 сәуір күні Тоқаевтың жарлығы арқылы кезектен тыс президент сайлауының 9 маусым күні өтетіні бекітілді.[12] Сайлау нәтижесінде Тоқаев жалпы дауыстың 70.96% жинады да, елдің екінші президенті болды.[13]
2022 жылғы 17 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев конституцияға өзгертулерге қол қойды, оған сәйкес президенттің өкілеттік мерзімі 7 жылдық болды да, қайта сайлануға тыйым салынды.[14]
Конституциялық мәртебесі
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекет басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға.
Конституцияға сәйкес Республика Президенті:
- халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.
- мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
- халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының Президентіне, оның абыройы мен қадір-қасиетіне ешкімнің тиісуіне болмайды.
Республика Президенті мен оның отбасын қамтамасыз ету, оларға қызмет көрсету және қорғау мемлекет есебінен жүзеге асырылады.
Өкілеттіктері
Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті:
- Қазақстан халқына елдегі жағдай мен Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
- Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
- Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
- Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
- Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- Республика дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады;
- Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
- республикалық референдум өткізу жөнінде шешім қабылдайды;
- адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін, егемендігі мен тұтастығын қамтамасыз ету мүддесінде, күшіне енген заңды немесе өзге де құқықтық актіні Республика Конституциясына сәйкестігіне қарау туралы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 3-тармағында көзделген жағдайда қорытынды беру туралы Конституциялық Сотқа өтініш жолдайды;
- келіссөздер жүргізеді және Республиканың халықаралық шарттарына қол қояды; бекіту грамоталарына қол қояды; өзінің жанында тіркелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және өзге де өкілдерінің сенім грамоталары мен кері шақырып алу грамоталарын қабылдайды;
- Республика Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердің жоғары қолбасшылығын тағайындайды және ауыстырып отырады;
- Республиканың мемлекеттік наградаларымен марапаттайды, құрметті, жоғары әскери және өзге атақтарды, сыныптық шендерді, дипломатиялық дәрежелерді, біліктілік сыныптарын береді;
- Республиканың азаматтығы, саяси баспана беру мәселелерін шешеді;
- азаматтарға кешірім жасауды жүзеге асырады;
- Республиканың демократиялық институттарына, оның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығына, саяси тұрақтылығына, азаматтарының қауіпсіздігіне елеулі және тікелей қатер төнген, мемлекеттің конституциялық органдарының қалыпты жұмыс істеуі бұзылған ретте, Премьер-Министрмен және Республика Парламенті Палаталарының Төрағаларымен ресми консультациялардан кейін Республика Парламентіне дереу хабарлай отырып, Қазақстанның бүкіл аумағында және оның жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізуді, Республиканың Қарулы Күштерін қолдануды қоса алғанда, аталған жағдаяттар талап ететін шараларды қолданады;
- Республикаға қарсы агрессия жасалған не оның қауіпсіздігіне сырттан тікелей қатер төнген ретте Республиканың бүкіл аумағында немесе оның жекелеген жерлерінде әскери жағдай енгізеді, ішінара немесе жалпы мобилизация жариялап, бұл туралы Республика Парламентіне дереу хабарлайды;
- өзіне бағынысты Мемлекеттік күзет қызметін жасақтайды;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, оның мәртебесі мен өкілеттігін анықтайды; Республика Президентінің Әкімшілігін құрады;
- Қауіпсіздік Кеңесін және өзге де консультативтік-кеңесші органдарды, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жоғары Сот Кеңесін құрады;
- Республиканың Конституциясы мен заңдарына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Президентке қойылатын шектеулер
Республика Президенті:
- өкілді органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
- өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
- жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.
Президенттер тізімі
Саяси партиясы Қазақстан Коммунистік партиясы (ҚКП) Отан → Нұр Отан Аманат Партиясыз
- Статусы
Президент міндетін атқарушысын білдіреді
# | Суреті | Аты-жөні (өмір сүрген жылдары) |
Сайлауы | Өкілеттік мерзімі | Саяси партиясы | ||
---|---|---|---|---|---|---|---|
Қызметін бастады | Қызметін аяқтады | Қызмет еткені | |||||
1 | Нұрсұлтан Назарбаев (1940 туған) |
1990 | 24 сәуір 1990 | 20 наурыз 2019 | 28 жыл, 330 күн | ҚКП (–1991) | |
1991 1999 |
Партиясыз (1991–1999) | ||||||
2005 2011 2015 |
Отан → Нұр Отан (1999–) | ||||||
2 | Қасым-Жомарт Тоқаев (1953 туған) |
— | 20 наурыз 2019 | 12 маусым 2019 | 84 күн | Нұр Отан → Аманат | |
2019 | 12 маусым 2019 | Қазіргісі | 5 жыл, 180+ күн | Аманат (–2022) | |||
2022 | Партиясыз (2022–) |
Ескертпе: 1991 жылғы 16 желтоқсанға дейін мемлекет басшысын Қазақ КСР Президенті деп атайтын.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- ↑ Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі.
- ↑ Тұңғыш Президенттің ерен еңбегі.
- ↑ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- ↑ Қазақстандағы президент сайлауы. Хроника.
- ↑ 1991-2022. Қазақстан президенті болғысы келгендер.
- ↑ Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның Конституциясы қалай өзгерді.
- ↑ Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы.
- ↑ 2011 жылы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді.
- ↑ Қазақстан президенті болғысы келгендер.
- ↑ ҚазТАГ агенттігінің нұсқасы бойынша 2019 жылдың 10 басты оқиғасы.
- ↑ Назарбаев өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Халыққа үндеуінің толық мәтіні (қаз.). informburo.kz (19 наурыз 2019). Тексерілді, 24 желтоқсан 2023.
- ↑ Тоқаев ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын жариялады (қаз.). BAQ.kz (9 сәуір 2019). Тексерілді, 24 желтоқсан 2023.
- ↑ Results of the early election of the President of the Republic of Kazakhstan, held on June 9, 2019 (ағыл.). Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы (10 June 2019). Тексерілді, 24 желтоқсан 2023.
- ↑ Тоқаев президенттікті 7 жылдық бір мерзіммен шектеу және Астана атауын қайтару туралы түзетулерге қол қойды.