Мазмұнға өту

Kcell

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
"Кселл" АҚ
Түрі

Ұялы байланыс операторы

Биржадағы листингі

KASE: KCEL, LSE: KCEL

Құрылды

30 қыркүйек 1998 жыл

Басты адамдары

Харламов Юрий Евгеньевич (Бас атқарушы директор)

Саласы

Телекоммуникация (МСОК: 61)

Өнімі

Ұялы байланыс, Интернетке кең жолақты қол жеткізу, MFS,OTT-services

Айналым

174,6 млрд. теңге (2020)

Операциялық кірісі

32,826 млн. теңге (2020)

Таза табыс

17,5 млрд. теңге (2020)

Басшы компания

"Қазақтелеком" АҚ

Аудитор

Deloitte

Сайты

kcell.kz, activ.kz

«Кселл» АҚ (KASE:KCEL) — «Activ» және «Kcell» бренді арқылы қызметтер ұсынатын GSM стандартындағы (900/1800), UMTS/WCDMA (2100 МГц), LTE(4G), LTE Advanced (700/800 МГц және 1700/1800 МГц) ұялы байланыс операторы. Компания 1998 жылы құрылды және Kcell бренді арқылы ұялы байланыс қызметін ұсынады, негізінен, корпоративтік сегментті көздейді, ал Activ көпшілік нарыққа бағытталған.

«Кселл» компаниясы 1998 жылдың 30 қыркүйегінде құрылды.

1999 жылдың 7 ақпанында — Kcell бренді, 1999 жылдың 9 қыркүйегінен бастап Activ бренді іске қосылды.

2004 жылы компанияның абоненттік базасы 1,5 миллион адамнан асты.

2007 жылдың желтоқсанында 6 миллионшы абонентпен толықты. Дәл осы жылы тұрғындарының саны 5000 адамнан асатын барлық елді-мекен осы байланыс желісімен қамтылды.

2009 жылы Kcell корпоративтік брендінің рестайлингі жасалды.

Kсell 2010 жылы өткізілген ОБСЕ Саммитінде және 2011 жылы VII Қысқы Азия ойындарында мобильдік байланыстың ресми операторы ретінде таңдап алынды.

2011 жылы «Кселл» компаниясының 3G желісі Қазақстанның 31 қаласында ашылды. Аймақ тұрғындарының 94% Kcell желісінің сигналымен қамтылды.

2012 жылдың желтоқсанында — компания акциясының (KCEL сауда жылы) KASE (Қазақстандық биржа қоры) және LSE (Лондон биржа қоры) l табысты листингі жасалды.

2013 жылы - Kcell «EMEA Finance» журналының нұсқасы бойынша «Орталық және Шығыс Еуропадағы ең үздік IPO» номинациясының жеңімпазы атанды.

2014 жылы – «Кселл» АҚ энергетикалық емес секторда елдегі ең ірі салық төлеуші ретінде алға шықты.

2014 жылдың мамыр айының соңында Kcell Қазақстандағы iPhone ресми дистрибьюторы болды.

2015 жылы - «Кселл» Алматыда бірінші Kcell Store фирмалық дүкеннің ашылғаны жөнінде жариялады.

Дүкеннің жаңа форматы Kcell кеңесшілерінен клиенттердің түрлі мобильдік құрылғылар мен қосымшалар туралы ақпарат алуына, сондай-ақ, дүкен ішінде смартфондарды сатып алғанға дейін тест жүргізуіне мүмкіндік береді.

2016 жылы - «Кселл» Beeline Қазақстан компаниясымен (VimpelCom тобы) Қазақстанда 4G/LTE қызметін бірлесіп іске қосу үшін желілерді өзара пайдалану жөнінде келісім жасасты. Бұл стратегиялық серіктестік екі оператор желісінің бірігіуі есебінен елдің ірі облыстарында Kcell компаниясының 4G/LTE қызметін оперативті іске қосуына мүмкіндік береді.

2016 жылы «Кселл» АҚ ақпаратты ашып көрсету және айқындығы үшін Қазақстандық биржа қорының номинациясы берілді.

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстанның 20 қаласы бойынша 6,5 млн. тұрғын «Кселл» АҚАҚ 4G/LTE сигналды торлау саласына тартылды.[1]

Меншік иесі және басшылық

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

«Кселл» АҚ TeliaCompany скандинавиялық телекоммуникация холдингінің www.teliacompany.com. құрамына енеді 2014 жылдан бастап Бас атқарушы директоры Арти Отс.[2]

Қызметтің негізгі бағыты — ұялы байланыс және мобильді интернет қызметтерін ұсыну. Нарықтағы 19 жылдық жұмысы барысында компания желіні сигналмен қамту саласын үнемі кеңейтіп отырады.

2016 жылы «Кселл» АҚ 4G/LTE коммерциялық желісін өрістете бастады, Beeline Қазақстанмен 4G/LTE желісін бірлесіп құру туралы келісім нәтижесінде ол біршама тездетілді. Бұл келісім жоғары сапалы қызмет көрсету бойынша талап етілген күрделі шығынның бір мезгілде төмендеуіне және желіні өрістету процесінің қарқынды түрде үдеуіне мүмкіндік берді. 2016 жылдың желтоқсанының соңында «Кселл» 4G/LTE желісімен қамтылған Қазақстан тұрғындарының саны 35% жетті.[3]

2017 жылдың бірінші жарты жылдығында 4G/LTE жылдамдығы жоғары мобильді интернетіне Риддер, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Петропавловск, Шемонайха және Екібастұз қалаларының тұрғындары қосылды. 2017 жылдың 12 мамырынан бастап компания 4G+ (LTE Advanced) байланысын дамыта бастады.[4]

2016 жылдың басында mobi (mobi TV, mobimusic, mobipress, mobikino, Bookmate) сызығы бойынша көңіл көтеретін OTT-сервисі дамытыла бастады.[5]

Біз үшін 2016 жылы Briefза агенттігі жүргізген жүйелі зерттеулер (NPS – Қазастан ұялы операторлары абоненттерінің Бейілділік және Қанағаттану Индексін өлшеу жобасы) Activ брендінің NPS тұрақты нәтижесін көрсетті және ол тұтынушылардың бейілдігі мен олардың қанағаттануы бойынша көшбасшы болып қалды. 2016 жылы Kcell брендінің орташа жылдық серпіні оңтайлы болды.

Корпоративтік-әлеуметтік жауапкершілік

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

"Кселл" АҚ 17 жылдан бері әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Компания БҰҰ Ғаламдық келісімшартының мүшесі және төмендегі бағыттар бойынша әлеуметтік жобаларды іске асырып жатыр, олар:

•сандық кәсіпкерлік пен инновацияны қолдау

•көпшілік үшін білім алу мүмкіндігін беру

•салауатты және қауіпсіз қоғам құруға көмектесу[6]

10 жыл бойы компания SMS қайырымдылық жобасын іске асыру үстінде, бұл жобаға компанияның кез-келген абоненті қатыса алады.

«Аяла» жекеменшік қайырымдылық қорының «Вдохнем жизнь» жобасы Қазақстан ауруханаларының балалар реанимация бөлімі мен перзентхана үйлеріне медицина жабдықтарын сатып алуға қаражат жинауға бағытталған. Қысқа нөмірі – 9962.[7]

«Шұғыла» қоғамдық қорының «Рука помощи» жобасы бүкіл Қазақстан бойынша табысы аз отбасыларына, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, жалғызбасты қарттарға және мүміндігі шектеулі мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету үшін ұйымдастырылды. Қысқа нөмірі – 9191.[8]

«Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының «Подари детям жизнь» жобасы - қазақстан дәрігерлерінің күшімен көмектесу мүмкін болмаған балаларға Қазақстан шегінен тыс операция жасау үшін қаражат жинайды. Қысқа нөмірі – 9099.

«Добровольное общество «Милосердие» қоғамдық қорының «Аутизм победим!» жобасы - аутизм диагнозы қойылған балалардың әлеуметтік бейімделуіне көмектеседі. Қысқа нөмірі – 6486.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасындағы Қызыл Жарты ай қоғамы» қоғамдық бірлестігінің 9777 қысқа нөмірі, оның мақсаты - Қазақстан Республикасы аймағында болған сұрапыл апат, техногенді апат және өзге төтенше жағдайлар салдарынан зардап шеккен табысы аз отбасыларына және азаматтарға қайырымдылық көмек көрсету, сонымен қатар, қоғам жарғысына сәйкес өзге іс-шараларға қатысу.

10 жылдан астам уақыттан бері «Кселл» компаниясы «SpecialOlympicsKazakhstan» қоғамдық бірлестігінің бас серіктесі және жыл сайын интеллектуалдығы шектеулі балаларға арналған «CampShriver» спорттық-сауықтыру лагерін ұйымдастыруға демеушілік жасайды. 2017 жылдың жазында лагерьде 70 бала демалды.[9]

Сондай-ақ, компания 7 жылдан бері TED x Almaty конференциясының идеялық серіктесі болып келеді.[10]

«Образование для всех» - бұл корпоративті әлеуметтік жауапкершілік стратегиясын іске асыруда ең басты артықшылық. Осы мақсатты іске асыру үшін компания Қазақстанда ОКЖА бойынша бірінші болып IT, бизнес және телекоммуникация openu.kz саласында Қазақстанның жетекші ЖОО - ҚБТУ, AlmaU, SDU, Сәтпаев ат. ҚазҒЗТУ және Математика және математикалық үлгілеу институтының үздік профессорлары жүргізетін тегін онлайн-курсын іске қосты. [11]

«DigitalLife» сандық мобильдік сауаттылық жобасын «Кселл» үшінші жылы жүргізіп келеді. Осы жобаның шегінде мобильді медиа, мобильді қауіпсіздік, мобильді білім, мобильді мемлекет, мобильді кәсіп саласында 230 тегін шеберлік кластарын, сондай-ақ, егде адамдарды қосу үшін «Аташки, апашки и смартфон» сандық байланысу курсын өткізді.[12]

Компанияның қолдауымен қазақ тілін үйренуге тілек білдірушілер үшін тегін «Ситуативный казахский» мобильдік қосымша іске қосылды. [13]

Ал «Ұлы Жібек жолы» тегін мобильдік қосымшасы ұлы жібек жолы заманына тарихи саяхат жасауға көмектеседі және б.э. дейінгі II ғасырдан бастап б.э. дейінгі XV ғасырдағы кезеңде Қазақстан аумағындағы Шығыс пен Батыс арасында керуен саудасының дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл қосымша Қазақстан мен Орта Азия бойынша отандық және шетелдік саяхатшыларға, сондай-ақ, отан тарихын зерттеп жүрген барлық қазақстандық оқушылардың саяхат жасауын таптырмайтын көмекшіге айналып отыр.[14]

«Кселл» 2017 жылы өткен 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиадада ресми мобильді оператор ретінде таңдалып алынды. Компания спорт объектілерінде желінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті және 4 мың еріктілер мен ұйымдастыру комитетін байланыспен қамтыды, сонымен қатар, қазақстандықтар мен қонақтардың Универсиада жарыстары және белсенділік бойынша ақпарат алуы үшін бірыңғай анықтамалық байланыс орталығын ұсынды. [15]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. https://www.kcell.kz/kk/product/613/240 Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  2. http://investors.kcell.kz/kk/article/show/1930/false?navipageId=1372 Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  3. https://static.kcell.kz/files/investors/Kcell_reports2016_ru.pdf
  4. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=405&year=2017&key=press.list 
  5. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=405&year=2017&key=press.list 
  6. https://static.kcell.kz/files/investors/Kcell_reports2016_ru.pdf
  7. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=256&year=2016&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  8. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=664&year=2014&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  9. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=393&year=2017&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  10. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=440&year=2017&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  11. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=340&year=2017&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  12. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=345&year=2017&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  13. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=347&year=2017&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  14. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=246&year=2014&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.
  15. https://www.kcell.kz/kk/news/show/2474?newsId=270&year=2017&key=press.list Мұрағатталған 7 қарашаның 2017 жылы.