Мазмұнға өту

Экологиялық қылмыстар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Экологиялық қылмысқылмыстық құқықта қоршаған ортаға нұқсан келтіретін қылмыс түрі.

Экологиялық қылмысқа шаруашылық қызмет пен өзге де қызметке қойылатын экология талаптардың бұзылуы, экология тұрғыдан қауіпті химикалық, радиоактивті және биология заттарды өндіру мен пайдалану кезінде микробиология немесе басқа да биология агенттермен жұмыс істеу кезінде сақталуға тиіс қауіпсіздік ережелерінің, ветеринарлық ережелердің, өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы, суды ластау, бітеу, сарқу, теңіз аясын ластау, Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңы және айрықша экономика аймағы туралы заңдардың бұзылуы, жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу, су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу, заңсыз аңшылық, жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз әрекет жасау, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, ормандарды жою немесе зақымдау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы, экология ластау зардаптарын жою шараларын қолданбау, т.б. жатады (ҚР Қылмыстық кодексі, 278 – 292-баптар).[1]

Экологиялық қылмыстарға мыналар жатады:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын талаптардың бұзылуы;
  • ықтимал экологиялық, қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы;
  • микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы заттармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;
  • ветеринарлық ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы;
  • суларды ластау, бітеу және сарқу;
  • атмосфераны ластау;
  • теңіз аясын ластау;
  • Қазақстан Республикасының құрылыстық шельфі туралы және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы;
  • жерді бүлдіру;
  • жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерін бұзу;
  • су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу;
  • заңсыз аңшылық;
  • жануарлар дүниесін қорғау ережелерін бұзу;
  • жануарлар мен өсімдіктердің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер;
  • ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу;
  • ормандарды жою немесе зақымдау;
  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимінің бұзылуы;
  • экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау.[2]

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том;
  2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: Жеті жарғы, 2008. ISBN 9965-11-274-6