Қауіпті жағдайда қалдыру
Көрініс
Қауіпті жағдайда қалдыру — қылмыстық заңнама бойынша өміріне немесе денсаулығына қауіпті жағдайдағы және сәбилігіне, қарттығына, науқастығына немесе өзге де дәрменсіз күйінің салдарынан өзін-өзі сақтап қалу шараларын қабылдау мүмкіндігінен айырылған адамды көрінеу көмексіз қалдыру көрініс табатын қылмыс. Егер кінәлі кісінің ол адамға көмек көрсету мүмкін болған және ол адамға қамқорлық жасауға міндетті болған не оны өміріне немесе денсаулығына қауіпті күйде өзі қалдырған жағдайда кінәлі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. [1]
Бұл қылмыстың жазасы Қылмыстық кодекстің 119-бабында келтірілген.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6