Хабар алмасу құпиясын бұзу
Көрініс
Хабар алмасу құпиясын бұзу — хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошта, телеграф хабарлары немесе өзге де хабарлар құпиясын заңсыз бұзуымен сипатталатын қылмыс.
Ондай қылмыс жасаған адам 2000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қызмет бабын немесе арнайы техникалық құралдарды пайдаланып жасаған сол қылмысқа жаза күшейтіледі.[1]