2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері

Үстіден астыға: Дүниежүзілік сауда орталығындағы өрт. Пентагонның бұзылған бөлігі. 175 рейстің Оңтүстік мұнарамен соқтығысу сәті. Өрт сөндіруші Граунд-Зирода көмек сұрауда. 93 рейстегі ұшақтың қозғалтқышының бөлігі. 77 рейстің Пентагонмен соқтығысу сәті.
Шабуыл орны

АҚШ: Нью-Йорк
ДСО
Пентагон
Ақ Үй/Капитолий (болжам бойынша)

Дата

сейсенбі
11 қыркүйек 2001 жыл

Уақыты


8:46 — 10:28

Шабуыл әдiсi

Әуе кемесін айдап кету
Өзін-өзі өлтіру
Теракт

Қару-жарақ

ұшақ

Қаза тапқандар саны

2977

Жарақаттанғандар

шамамен 6300

2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі лаңкестік актілері (кейде жай ғана 9/11 деп аталады) — АҚШ-та орын алған төрт өзара келісілген жанкешті лаңкестік шабуылдардың тізбегі[1]. Бұл шабуылдардың жауапкершілігін «әл-Қағида» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды[2].

Дүниежүзілік сауда орталығының (ДСО) жарылыс сәті.

11 қыркүйектің таңында «әл-Қағидаға» қатысы бар он тоғыз лаңкес төрт топқа бөлініп төрт рейстік жолаушылар ұшағын басып алды. Әрбір топ бастапқы ұшу дайындығынан өткен кем дегенде бір адамнан құралды.

Басқыншылар бұл лайнерлердің екеуін Нью-Йоркте, Манхэттеннің оңтүстік бөлігінде орналасқан Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларына бағыттады. American Airlines 11 рейсі Дүниежүзілік сауда орталығының 1-ші мұнарасына соқтығысты (солтүстік), ал United Airlines 175 рейсі 2-ші мұнарасына (оңтүстік) соғысты. Соның нәтижесінде бұл екі мұнара қасындағы ғимараттарға үлкен нұқсан келтіріп, құлады[3]. Үшінші ұшақ (American Airlines 77 рейсі) Вашингтон маңында орналасқан Пентагон ғимаратына бағытталды. Төртінші авиалайнердің (United Airlines 93 рейсі) экипажы мен жолаушылары ұшақ басқаруын лаңкестерден тартып алуға әрекеттенді[4]; ұшақ Пенсильвания штатындағы Шенксвилл қаласының маңындағы далада құлады.

19 лаңкестен басқа, шабуылдар нәтижесінде 2977 адам қаза тапты, тағы 24 адам із-түссіз жоғалып кетті. Қаза тапқандардың көбісі азаматтық тұлғалар болған.

Қайғылы оқиғаның ресми нұсқасы бірқатар журналистер, ғалымдар мен куәгерлердің тарапынан сынға ұшырады. Тәуелсіз тергеулер өткізіліп, олардың кейбірінің желісі бойынша деректі фильмдер түсірілді.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. 11 қыркүйектегі шабуылдар БҰҰ қауіпсіздік кеңесімен «жантүршігерлік лаңкестік актілері» деп аталған. Security Council Condemns, 'In Strongest Terms' Terrorist Attacks on the United States. United Nations (September 12, 2001). Басты дереккөзінен мұрағатталған 26 тамыз 2011. Тексерілді, 11 қыркүйек 2006.
  2. Bin Laden claims responsibility for 9/11, CBC News (29 қазан 2004). Тексерілді 14 наурыздың 2010.
  3. National Construction Safety Team Executive Summary // Final Report on the Collapse of the World Trade Center Towers — NIST.
  4. Black Box Recordings.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 30 наурыз 2007.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]