Гондтар
Гондтар | |
койтор «таулықтар» | |
![]() | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
3,8 млн адам (1995) | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
гонди тілі, хинди және урду тілдері | |
Діні | |
Гондтар — Орталық Үндістанның бірқатар ұлттары мен тайпаларының жиынтық атауы (мариа, муриа, бхаттра, дхакар, дорла, койя т.б.).[1] Саны 3,8 млн адам (1995).[2] Гондтар Чхота Нагпур тауларының таулы және орманды аймақтарында, негізінен Мадхья-Прадештің Бастар ауданында тұрады. Көрші халықтармен бірте-бірте ассимиляциялануда.[3]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар гонди тілінде сөйлейді. хинди және урду тілдері де кеңінен таралған.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Діні индуизм мен ескі Гонд құдайларына табынуды біріктіреді.[4]
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/cf/Women_in_adivasi_village%2C_Umaria_district%2C_India.jpg/200px-Women_in_adivasi_village%2C_Umaria_district%2C_India.jpg)
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсіптері – егіншілік (тары, күріш, бидай, майлы дақылдар, жүгері).[5] Сонымен қатар аң аулау, балық аулау, терушілік.[6]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гондтар отырықшы, ауылдарда, ағаштан және саздан жасалған, көбінесе қабырғалары боялған үйлерде тұрады. Үйлердің қабырғалары мен едендеріндегі геометриялық сызбалар, сондай-ақ соғылған металл стелалар құдайлар мен мифтердің бейнелерін білдіреді.
Дәстүрлі ерлер киімі - дхоти және лунги. Әйелдер - тобықтың ортасына дейін тігілмеген белдемше, дененің үстіңгі жамылғы киім киген. Шаштары қызыл гүлдермен безендірілген. Ерлер де, әйелдерде де татуировка жасату кең қолданылады.[7]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Большая советская энциклопедия https://gufo.me/dict/bse/%D0%93%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%8B
- ↑ Толковый словарь русского языка. https://sanstv.ru/dict/%D0%B3%D0%BE%D0%BD%D0%B4%D1%8B
- ↑ Большая советская энциклопедия, БСЭ. 2012 https://slovar.cc/enc/bse/1989240.html
- ↑ Советская историческая энциклопедия Гонды https://my-dict.ru/dic/sovetskaya-istoricheskaya-enciklopediya/2110516-gondy/
- ↑ Әлем халықтарының энциклопедиясы. Гондтар. http://www.etnolog.ru/people.php?id=GNDY
- ↑ Советская историческая энциклопедия ГОНДЫ https://dic.academic.ru/dic.nsf/sie/4562/%D0%93%D0%9E%D0%9D%D0%94%D0%AB
- ↑ Народы Индии http://www.endia.ru/gondy.php
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |