Пенджабдықтар
Пенджабдықтар | |
панджабдықтар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
120 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Пәкістан |
76,3 млн. |
Үндістан |
29,1 млн. |
Тілдері | |
Діні | |
Пенджабдықтар (панджабдықтар) — Пенджаб географиялық-тарихи аймағының негізгі халқы (қазіргі Үндістандағы Пенджаб және Харьяна штаттарының және Пәкістандағы Пенджаб провинциясының территориясы).[1][2][3][4][5][6]
Жалпы саны шамамен 120 миллион адам (2013). Олар Пәкістанның шығысында 76,3 миллион адам (2011, санақ), Үндістанда 29,1 миллион адам, оның ішінде Пенджаб штатында 22,3 миллион адам тұрады. Харьянада 2,2 миллион адам, Раджастхан 1,1 миллион адам (2001, халық санағы). Сондай-ақ АҚШ-та (негізінен Калифорния штатында), Ұлыбританияда (1,5 миллионнан астам адам (2009), БАӘ, Сауд Арабиясында тұрады.[7]
Эндоэтнонимдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ағылшын тілінде – «Punjabis»; хинди тілінде - “पंजाबी समुदाय”; урду тілінде - “پنجابیها”; бенгал тілінде - “পাঞ্জাবি জাতি»; парсы тілінде – “پنجابی”; индонезия тілінде - «Punjabi»; тамил тілінде - «பஞ்சாபி மக்கள்»; араб тілінде – «بنجاب»; орыс тілінде - «Панджабцы»; украин тілінде - «Пенджабці».[8]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Үндіеуропалық тіл шоғырындағы үндіарий тобына жататын пенджаби (панджаби) тілінде сөйлейді. Кейбірі (сикхтер) хинди (Үндістанда), ленди диалектілері (Лахнда) және урду (Пәкістан) тілінде сөйлейді. Жазуы брахмидан бастау алатын гурмукхиға негізделген.[9]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пәкістанда тұратын Пенджабдықтар ислам дінінің сүннит тармағын, ал Үндістандағылар сикхизм мен индуизмді (55%) ұстанады.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пенджабдықтардың этникалық тарихы б.з.б. 2-мыңжылдықтардағы үндіарий тайпалары мен Хараппа өркениетін қалыптастырған Пенджаб тарихи аймағының ежелгі тұрғындарының араласуынан басталады. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Пенджабқа парсылар, гректер, т.б. халықтардың біраз бөліктері ығысып келген. 8 ғасырдан бастап арабтар жаулап алған оңтүстік-батыс Пенджабта ислам діні тарала бастады. Аймаққа орта ғасырларда келген арабтар, парсылар, сонымен қатар ауғандықтар, тәжіктер, түркі-моңғолдар да Пенджабдықтардың этностық тарихына, мәдениетіне азды-кемді үлестерін қосты. Пенджабдықтардың ұлт ретінде қалыптасуына джат (пенджаби тілінің негізін қалаған), гуджар және раджпуттар секілді үш туыстас топ тікелей ұйытқы болды.[10]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі - суармалы егіншілік: бидай, тары, жүгері, қыша, мақта, қант қамысы егіледі. Қолөнер және тоқымашылық дамыды – мата, орамал, кілем тоқу, металл ыдыстар, зергерлік бұйымдар, ағашқа, тасқа, піл сүйегіне ою. Өнеркәсіп пен сауда дамып келеді. Пенджабдықтар арасында (әсіресе Үндістанда) көптеген білікті жұмысшылар мен зиялылар бар, Пәкістанда пенджабдық кәсіпкерлер саяси және экономикалық өмірде басым орынға ие.[11]
Өмір салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өмірлік циклдің ғұрыптары - мұсылмандар, сикхтер және индустар арасында ерекшеленеді. Өлгендерді индустар мен сикхтер өртеп жібереді, христиандар мен мұсылмандар жерлейді.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қалалардағы дәстүрлі тұрғын үйлері – кірпіштен қаланған бір немесе екі қабатты, төбесі тегіс, үстіңгі қабатында жабық веранда, ауылды жерлерде тұрғын үй шикі кірпіштен тұрғызылады.[12]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ерлер дхоти, лунга немесе шалбар, көйлек секілді ұлттық киімдер киеді. Әйелдер ұзын әрі кең белдемше, ұзынша кофта немесе ұзын көйлек киіп, иығы мен басына шәлі тартады, сари киеді. Қазіргі таңда еуропалық үлгідегі киімдер ұлттық киімдерді ығыстара бастаған.[13]
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пенджабтардың көпшілігі ет (қой еті, кейбір жағдайларда шошқа еті мен сиыр еті), құс етін және жұмыртқаны жейді, брахман касталарының бірқатарын қоспағанда. Тандури (тандыр тауық еті), бирьяни, чапати кең таралған тағамдар.
Сілтеме
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Пенджабдықтар
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Пенджабдықтар сөзінің мағынасы. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Үлкен Кеңестік Энциклопедия. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Пенджабдықтар. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Пенджабдықтар. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Кеңестік тарихи энциклопедия. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Пенджабдықтар - ਪੰਜਾਬੀ ਲੋਕ /پنجابی لوک. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Пенджабдықтар. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Бас редактор Ә. Нысанбаев «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 1998. — Т. VII. — ISBN 5-89800-123-9.
- ↑ Пенджабдықтар. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Пенджабдықтар. Тексерілді, 26 қазан 2024.
- ↑ Әлем халықтары/Пенджабдықтар. Тексерілді, 26 қазан 2024.