Синьмун
Синьмун | |
синмун, пуок | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
20 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі сенімдер |
Синьмун (өз атауы синмун, пуок, «таулық» дегенді білдіреді)[1] — Вьетнам мен Лаостың солтүстік шекарасының екі жағында тұратын халық.[2][3][4] Солтүстік Үндіқытайдың автохтондары. Олар Вьетнамның ресми түрде танылған 54 халқының қатарына кіреді.[5] Саны шамамен 20 мың адам, оның 18 018 (1999 жылғы санақ) Вьетнамда тұрады.[6]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Олар аустроазия отбасының мон-кхмер тобының тілінде сөйлейді. Таи тілі кең тараған, Вьетнамдавьетнам тілі.[7]
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дінге сенушілердің діни наным-сенімдері: дәстүрлі сенімдер.[8]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі кәсібі - таудағы егістік немесе қолмен атқарылатын егіншілік (күріш, жүгері, көкөністер). Шошқа, құс, ешкі өсіріледі (негізінен діни жоралғылар үшін). Қазіргі таңда ірі қара мал өсірілуде. Терушілік маңызды рөл атқарады. Үй ыдыстарын бамбуктан тоқу, кейбір аудандарда ұсталық өнері кең таралған.[9]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Синмун тхай қоғамдық ұйымының бөлігі болды, тхай дворяндарына тәуелді болды және оның пайдасына әртүрлі міндеттер атқарды. Неке патрилокальды. Үйленгеннен кейін ерлі-зайыптылардың есімдерін бір жалпы есімге ауыстыру дәстүрі бар. Қоғамдастықтың өзара көмек көрсету салты сақталған.
Елді мекендері мен дәстүрлі баспаналары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Синмун ауылдары - «кол» - шағын, кейде көп балалы отбасылар тұратын бірнеше сопақ төбесі бар қадалы үйлерден тұрады.[10]
Дәстүрлі киімдері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пуок және тай дам қауымдары этникалық топтың әйелдерінің киімдері мен бас киімдері жиі ұқсас. Әйелдерге арналған ең көп таралған көйлек қысқа және көбелек пішініндегі күміс түймелермен жабдықталған.
Дәстүрлі тағамдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі тағамдары - ащы дәмдеуіштері бар күріш және жүгері тағамдары. Барлық жерде бетел шайнау кездеседі.[11]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Синьмун сөзінің мағынасы. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Орыс тілінің түсіндірме сөздігі. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Синьмун. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Синьмун. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Синьмун. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Синьмун халқы. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Синьмун. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ Синьмун. Тексерілді, 9 қараша 2024.
- ↑ В.А.Тишков Дүние жүзіндегі халықтар мен діндер. Энциклопедия. — Москва: Үлкен Ресей энциклопедиясы, 1999. — Б. 484. — 930 б. — 100 000 таралым. — ISBN 5-85270-155-6.
- ↑ Әлем халықтары/Синьмун. Тексерілді, 9 қараша 2024.