Явалықтар: Нұсқалар арасындағы айырмашылық
→Тілі: нақтылау |
→Діні: нақтылау |
||
57-жол: | 57-жол: | ||
== Діні == |
== Діні == |
||
Дінге сенушілер [[Сунниттер|сүнниттік мұсылмандар]], аздап [[Христиандық|христиандар]] да кездеседі.<ref>{{cite web|url=https://megabook.ru/article/%D0%AF%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D1%86%D1%8B|title=Явалықтар|author=|date=|work=|publisher=|accessdate=2024-12-26 |lang=}}</ref> |
|||
== Тарихы == |
== Тарихы == |
10:39, 2024 ж. желтоқсанның 26 кезіндегі нұсқа
Явалықтар | |
вонг ява | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
95,2 млн | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
Діні | |
Явалықтар (вонг ява) — Индонезиядағы ұлт. Ява аралы мен Калимантанның кейбір аудандарында шоғырланған. Малайзияда, Сингапурда, Аустралияда, Жаңа Каледония мен Нидерланд елдерінде де тұрады. Халқы 95,2 млн адам (2010, халық санағы).[1]
Тілі
Австронезий отбасындағы ява тілінде сөйлейді. Индонезия тілі де явалықтар арасында кеңінен тараған.[2]
Діні
Дінге сенушілер сүнниттік мұсылмандар, аздап христиандар да кездеседі.[3]
Тарихы
Мамандар явалықтардың ата-бабалары қазіргі отандарына б.з.б. 1-мыңжылдық ортасында келген, кейіннен Үндістанның мәдени ықпалына түскен деп жорамалдайды. Ұлт ретінде шоғырлану үрдісі Маджапахит империясы (1293 – 1520 ж. шамасы) тұсында жанданған. 17 ғасырдың бас кезінен Нидерландының (Голландия) отарына айналып, бірнеше ғасыр бойы үлттық езгіге ұшырады.[4]
Кәсібі
Дәстүрлі кәсібі – егіншілік. Күріш, жүгері, кассава, батат, жер жаңғақ,бұршақ, банан, кокос, т.б. тропиктік дәнді-дақылдар егеді. Мүйізді ірі қара ұстайды, құс шаруашылығымен айналысып, жасанды су қоймаларында балық өсіреді. Теңіз жағалауының тұрғындары ежелден балық аулаумен күнелткен. Халық арасында қолөнер (тоқымашылық, ұсталық, зергерлік, ағаш ою, т.б.) дамыған.
Өмір салты
Явалықтар қоғамы ұзақ уақытқа дейін вонг чилик (жұмысшылар мен шаруалар), сантри (саудагерлер мен қолөнершілер, дін тұтынушылар), прийяи (шенеуніктер, зиялылар), ндара (ақсүйектер) касталарына бөлініп келді. Туыстық қатынастары гавайлықтар мен ағылшындарға жақын. Явалықтар бай ұлттық әдебиетін, сәулет өнерін, музыкасы мен театрын сақтап қалған.
Баспаналары каркасты-бағаналы болып келеді, оның қабырғалары өрілген бамбуктен көтерілді, екі не төрт жаққа бағытталған шатыры пальма жапырақтарымен немесе қыш тастармен жабылады.
Ұлттық киімдері – каин, саронг. Ерлер күртеше, әйелдер кеудешені жауып тұратын кембен, ашық кофта киіп, иықтан түсіп тұратын орамал (сленданг), сан алуан әшекейлер тағып жүреді. Бастарына пүліштен жасалған пичи, икет (орамал түрі) киеді.
Дәстүрлі тағамдары күрішке негізделген. Балықтан дайындалған тағам түрлері де көп.[5]
Дереккөздер
- ↑ Үлкен Ресей энциклопедиясы 2004–2017. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Қазіргі заман энциклопедиясы. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Явалықтар. Тексерілді, 26 желтоқсан 2024.
- ↑ Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
- ↑ народы мира / Яванцы http://www.etnolog.ru/people.php?id=YAVA