Әлихан Асханұлы Смайылов
Әлихан Асханұлы Смайылов | |||||||||||
Смайылов, 2023 жыл | |||||||||||
Лауазымы | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||||||
2024 жылғы 1 сәуірден бастап | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Олжас Бектенов | ||||||||||
Ізашары | Наталья Годунова | ||||||||||
| |||||||||||
11 қаңтар 2022 — 5 ақпан 2024 | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Ізашары | Асқар Мамин | ||||||||||
Ізбасары | Олжас Бектенов Роман Скляр (м.а.) | ||||||||||
| |||||||||||
18 қаңтар 2021 — 11 қаңтар 2022 | |||||||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Асқар Мамин | ||||||||||
| |||||||||||
18 қыркүйек 2018 — 18 мамыр 2020 | |||||||||||
Президент | Нұрсұлтан Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаев | ||||||||||
Премьер-Министр | Бақытжан Сағынтаев Асқар Мамин | ||||||||||
Ізашары | Бақыт Сұлтанов | ||||||||||
Ізбасары | Ерұлан Жамаубаев | ||||||||||
Өмірбаяны | |||||||||||
Дүниеге келуі | 18 желтоқсан 1972 (52 жас) Алматы, Қазақ КСР, КСРО | ||||||||||
Әкесі | Асхан Смайылұлы (1948) | ||||||||||
Анасы | Анаркүл Тайжанова (1947) | ||||||||||
Жұбайы | Балжан Дуанбекқызы Смайылова (1987) | ||||||||||
Балалары | ұлы Әлисұлтан (2018), қыздары Айзере (2013) және Жания (2015) Асхандар | ||||||||||
Марапаттары |
| ||||||||||
өңдеу |
Әлихан Асханұлы Смайылов (18 желтоқсан 1972 жыл, Алматы) — қазақстандық саясаткер, мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 1 сәуірден Жоғары аудиторлық палата Төрағасы. 11 қаңтар 2022 жылы орын алған Асқар Маминнің отставкасынан 2024 жылғы ақпанға дейін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және 2023 жылғы қаңтардан Самұрық-Қазына АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. Қаңлы тайпасының Қара қаңлы Танта руының Сертек бөлімінен шыққан. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.
1993–1999 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының бас маманы; бөлім басшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысы; Қазақстан Республикасының Статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары; бас сарапшы, экономика секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет атқарған;
1999–2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2003–2006 жылдары — Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі, «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы» АҚ басқарма төрағасы;
2006–2009 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, «ҚазАгро» ҰХ президенті;
2009–2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің төрағасы;
2014–2015 жылдары — Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің төрағасы;
2015–2018 жылдары — Қазақстан Республикасының Президентінің көмекшісі;
2018–2022 жылдары — Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;
2022 жылғы 11 қаңтардан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі.
2024 жылғы 1 сәуірден — Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы[1]
Сын
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Өз премьерлігін бағалауы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Премьер-Министрлігін аяқтағаннан кейін Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Президенті Қ Тоқаев 2024 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы етіп тағайындады.[2] Жоғары аудиторлық палатаның жаңа тағайындалған басшысы Ә. Смайылов сол жылы өзІ басқарған Үкіметтің 2023 жылы жасаған қызметін өзі бағаламақ болды. Адамның осындай өз еңбегін өзі бағалауы сияқты мүдделер қайшылығын түрлі адамдар сынға алды.[3] Журналист Вадим Борейкоға сұхбат берген Санжар Боқаев палатаны жалған есеп айтты деп те айыптады.[4]
Марапаттары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Ерен еңбегі үшін медалі
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл медалі (2001)
- Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл медалі (2005)
- Астанаға 10 жыл медалі (2008)
- Еуразиялық экономикалық одақты құруға қосқан үлесі үшін II дәрежелі медалі (2015)
- «Еуразиялық экономикалық одақтың дамуына қосқан үлесі үшін» (29.05.2019ж)
- «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі (12.2019 ж.)
- Парасат ордені (2020)[5]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ https://adilet.zan.kz/kaz/docs/U2400000512
- ↑ Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы (қаз.). akorda.kz (1 сәуір 2024). Тексерілді, 5 қазан 2024.
- ↑ Как аудитор Смаилов будет давать оценку работе Смаилова-премьера (орыс.). bes.media (5 июня 2024). Тексерілді, 5 қазан 2024.
- ↑ Борейко, Вадим Николаевич Экс-премьер Смаилов «подчищает» финансовые потери своего правительства #мангистау #гиперборей (орыс.) (19 мая 2024). Тексерілді, 5 қазан 2024.
- ↑ Смайылов Әлихан Асханұлы Директорлар кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. baiterek.gov.kz
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
|
Үлгі:Асқар Маминның министрлер кабинеті
|
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 18 желтоқсанда туғандар
- 1972 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Алматыда туғандар
- Парасат орденінің иегерлері
- Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 10 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 10 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Астанаға 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 25 жыл медалінің иегерлері
- 1 дәрежелі Еуразиялық Одақты құруға сіңірген еңбегі үшін медалінің иегерлері
- Қазақстан қаржы министрлері
- Қазақстан премьер-министрлері
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан саясаткерлері
- Аманат партиясының мүшелері