Ержан Сапарбекұлы Сәденов
Ержан Сапарбекұлы Сәденов | ||||||
Сәденов, 2023 жыл | ||||||
Лауазымы | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||
2 қыркүйек 2023 жылдан бері | ||||||
Президент | Қасым-Жомарт Тоқаев | |||||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов Олжас Бектенов | |||||
Ізашары | Марат Ахметжанов | |||||
| ||||||
26 қаңтар 2022 — 2 қыркүйек 2023 | ||||||
Премьер-Министр | Әлихан Смайылов | |||||
Министрі | Марат Ахметжанов | |||||
| ||||||
24 сәуір 2019 — 26 қаңтар 2022 | ||||||
| ||||||
маусым 2016 — сәуір 2019 | ||||||
Өмірбаяны | ||||||
Білімі | 1) С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (1993) 2) ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебі (1998) | |||||
Дүниеге келуі | 24 қазан 1968 (56 жас) Құйған ауылы, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР, КСРО[1] | |||||
Сайты | Ішкі істер министрлігінің ресми сайты | |||||
Әскери қызметі | ||||||
Атағы | полиция генерал-лейтенанты (2023)[2] | |||||
Марапаттары | ||||||
Ержан Сапарбекұлы Сәденов Ортаққорда | ||||||
өңдеу |
Ержан Сапарбекұлы Сәденов[3] (кейде Саденов;[4] 24 қазан 1968 жыл, Құйған, Күршім ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — қазақстандық саясаткер, полиция генерал-лейтенанты, 2023 жылғы қыркүйектен бері Қазақстан Ішкі істер министрі.[4]
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ержан Сәденов 1968 жылғы қазанда, Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданындағы Құйған ауылында дүниеге келген. 1993 жылы ол Шығыс Қазақстан Университетінде және 1998 жылы ҚР ҰҚК Қарағанды жоғары мектебінде білім алды.[1]
Сәденов қызмет жолын 1993 жылы Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер басқармасы ауданаралық жедел-іздестіру бөлімінің жедел уәкілі лауазымынан бастады.[4] 1994 жылы ол бұл қызметін аяқтап, ШҚО ІІБ жедел-іздестіру бөлімінің аға жедел уәкілі болып тағайындалды.[1]
1995–1996 жылдары Сәденов Өскемен қаласы ІІБ жедел-іздестіру бөлімі жанындағы автокөлікті ұрлау және айдап әкетуге қарсы күрес бөлімшенің бастығы болса, 1996 жылғы 1 қаңтардан сол жылғы 19 наурызға дейін Өскемен қылмыстық іздестіру бөлімі мүліктік және нашақорлық қылмыстарды ашу бөлімшесінің бастығы лауазымында болды.[4]
1996–1997 жылдары аралығында ол Серебрянск қаласы бойынша мемлекеттік тергеу комитеті басшысының орынбасары[1] және 1997 жылдан 1998 жылға дейін ШҚО ІІБ жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды ашу басқармасы іздестіру бөліміне басшылық етті.
1998 жылғы ақпаннан 1 шілдеге дейін ол ШҚО ІІБ аса қауіпті қылмыстарға қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі бөлімінің бастығы болды және одан кейін, 2000 жылғы 17 ақпанда дейін ШҚО ІІБ аса маңызды істер жөніндегі бөлімнің бастығы болды.[4]
2000–2004 жылдары аралығында ол ШҚО ІІБ Зайсан ауданы ІІО бастығы болса, бұдан кейін, 2006 жылға дейін ШҚО ҚІІБ Тарбағатай ауданындағы ІІО басшысы болды.[5]
2006 жылдан 2008 жылға дейін Сәденов ШҚО ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасы бастығы болып жұмыс істеді және 2008–2009 жылдары аралығында ШҚО ІІД Риддер қаласы ІІО бастығы болды.
2009 жылғы 5 мамырдан 22 тамызға дейін ол ШҚО ІІД Өскемен ІІБ бастығы бола тұрды да, 2009 жылдан 2013 жылға дейін Маңғыстау облысы ІІД бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
2013 жылдан 2015 жылға дейін Сәденов Ішкі істер министрлігінің «Р» департаментінің бастығы болған. 2015 жылғы 10 наурызда көліктегі ІІД бастығының міндетін атқарушысы ретіндегі қызметін бастады, сол жылғы 18 наурызда сол департаменттің бастығы болып тағайындалды.[1]
2016 жылғы маусымда ол Ақмола облыстық полиция басқармасының бастығы болып тағайындалды. Бұл қызметін ол 2019 жылғы сәуірде дейін жалғастырды.
2019 жылғы 24 сәуірде Сәденов Нұр-Сұлтан қаласы (қазіргі Астана) Полиция департаментінің бастығы лауазымына тағайындалды. Сәденовті Полиция департаментінің жеке құрамына Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтанов бірге таныстырды.[3] Қызметін 2022 жылғы 26 қаңтарда дейін жалғастырды.
2022 жылғы 26 қаңтарда ол президент Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың орынбасары болып тағайындалды,[6] және сол себеппен Астана бас полицейі лауазымынан босатылды.[7]
2023 жылғы 2 қыркүйекте, Ахметжановтың министр лауазымынан босатылғанынан кейін Сәденов оның ізбасары болып тағайындалды.[8] 2024 жылғы 6 ақпанда Әлихан Смайылов үкіметінің отставкасынан кейін Сәденов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды.[9]
Марапаттары және атақтары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ержан Сәденовтың марапаттары:[4]
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалі (2011);
- Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы (2013);
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалі (2015);
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл медалі (2016);
- ІІО қызметкерлерінің атыс қаруы (2017);
- 2-дәрежелі Айбын ордені (2018).
2023 жылғы 5 мамырда президент Тоқаевтың жарлығымен Сәденовке полиция генерал-полковнигі атағы берілді.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ a b c d e Саденов Ержан Сапарбекович (орыс.). online.zakon.kz. Тексерілді, 11 қазан 2023.
- ↑ a b Тоқаев әскери қызметкерлерге жаңа атақтар берді (қаз.). SPUTNIK (5 мамыр 2023). Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ a b Нұр-Сұлтан қаласының бас полицейі тағайындалды (қаз.). tengrinews (24 сәуір 2019). Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ a b c d e f Саденов Ержан Сапарбекұлы (қаз.). Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайты. Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ Ішкі істер министрі (қаз.). Қазақстан премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы. Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ ТОҚАЕВ, Қасым-Жомарт Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (26 қаңтар 2022). Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды (қаз.). tengrinews (27 қаңтар 2022). Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ Е.С. Сәденовті тағайындау туралы (қаз.). Қазақстан президентінің ресми сайты (2 қыркүйек 2023). Тексерілді, 12 қазан 2023.
- ↑ Ерлан Сәденов Ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды (қаз.). inbusiness (6 ақпан 2024). Тексерілді, 8 ақпан 2024.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсындағы өмірбаяны
- Қазақстан Ішкі істер министрлігі сайтындағы өмірбаяны
|
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 24 қазанда туғандар
- 1968 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Күршім ауданында туғандар
- II дәрежелі Айбын орденінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Конституциясына 20 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл медалінің иегерлері
- Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасының иегерлері
- Шығыс Қазақстан университеті түлектері
- Қазақстан ҰҚК қызметкерлері
- Қазақстан әскерилері
- Қазақстан ішкі істер министрлері