Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
ақпан 1957 жыл — сәуір 1962 жыл | |||
Ізашары | Сейітжан Полымбетов | ||
Ізбасары | Қосай Әліқұлұлы Егізбаев | ||
| |||
сәуір 1955 жыл — ақпан 1957 жыл | |||
Ізашары | Абжан Суйкумбаевич Жусупов | ||
Ізбасары | Жұмабек Ахметұлы Тәшенов | ||
| |||
23 наурыз 1954 жыл — 31 наурыз 1955 жыл | |||
Ізашары | Даниял Керімбаев | ||
Ізбасары | Жұмабек Ахметұлы Тәшенов | ||
Өмірбаяны | |||
Партиясы | КОКП (1926) | ||
Дүниеге келуі | 13 (26) қазан 1904 Үшқайық ауылы (қазіргі Нұртас ауылы) Түркістан облысы, Ресей империясы | ||
Қайтыс болуы | 1 қараша 1989 (85 жас) Мәскеу, РСФСР, КСРО | ||
Жұбайы | Валентина Астапова | ||
Балалары | Ескендір, Гених | ||
Марапаттары | |||
өңдеу |
Нұртас Дәндібайұлы Оңдасынов (1904—1989 жж.) — қоғам қайраткері, тілші-ғалым, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы (1954 жыл наурыз – 1955 жыл наурыз).
Нұртас Оңдасынов Шалғай аудандарда мұғалімдер даярлайтын курстар, училище, облыс орталықтарында Мұғалімдер институтын ашып, Орталық Комитеттің саясатының жүзеге асуына күш салады. Қазақстан Орталық Комитетінің бюро мүшесі ретінде ол мәдениет мәселелеріне жауапты болды. Н.Оңдасынов соғыс жылдарының ауыртпалығына қарамай Абайдың 95 және 100 жылдық мерейтойын аса биік дәрежеде атап өту жөнінде Үкімет қаулысын шығарып, комиссияның төрағасы өзі болып өткізген. Қыздар педагогикалық институты, Ұлттық консерватория, Дене шынықтыру институты, Политехникалық, технологиялық институттар ашу және медицина, шет тілдер институттарына көптеген жаңа факультеттер қосу сол кісінің тұсында істелінген істер. Қоңырат тайпасының Жетімдер руынан[1].
Опера және балет театры құрылысының жедел аяқталуын тікелей бақылап, облыстарда театрлардың ашылып, филармония, ән-би ансамбльдерінің ұйымдасуына да ұйытқы болған. КСРО Ғылым академиясының дербес құрылуына бірден-бір атсалысқан адам. Соғыстың жүріп жатқанына қарамай жаңа ғимараттың салынуына қаражат қарастырып, оның іргесі қаланғанда ырымдап: "Қазақ ғылымы күмістей таза болсын" деп, күміс ақша шашқаны мәлім. Осы Ғылым академиясының басына Қаныш Сәтбаевтың келуіне де себепші осы кісі. Қ.Сәтбаевтың газетке шыққан мақаласындағы болашақ ғалымның сөз саптасы ұнап, жаңа ойларын білуге, танысуға Мәскеуге шақырады. Кездесіп, сөйлескеннен кейін КСРО Ғылым Академиясының президенті В.Л. Комаровқа алып барып: "Қазақтың Ғылым Академиясының болашақ президенті..." — деп, бірден таныстырады.
1942 жылдың басында Кенді Алтай, Лениногорға іссапарға келген Оңдасынов білімді, байсалды Дінмұхамед Қонаевты кездестіреді. Кейіннен Алматыға келіп, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Скворцовпен ақылдасып, өзіне орынбасарлыққа шақырттырады. Қонаев он жыл бойы Оңдасыновтың орынбасары болады. Нұртас Дәндібайүлы 1954-1955 жылдары Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының төрағасы, сосын Гурьев (Атырау) облыстық атқару комитетінің төрағасы және осы облыстың партия ұйымын басқарды. "Жауапты қызметте жүріп, шығармашылықтан қол үзбейтін. Араб, парсы тілдеріне жүйрік еді.
1962 жылы зейнеткерлікке шыққаннан кейін шығармашылықпен шындап айналысқан. 1969 жылы "Арабша-қазақша түсіндірме сөздігі", 1974 жылы "Парсыша-қазақша түсіндірме сөздігі" жарық көріп, қалың оқырманның ыстық ықыласына бөленді" — дейді Д.А.Қонаев өзінің "Өтті дәурен осылай" кітабында. Алматыдағы Абай ескерткішінің авторы Хакімжан Наурызбаевты да Қостанайға барған іссапарында байқап, Алматыға алып келіп, оқытып, ат бағушыдан қазақтың тұңғыш мүсіншісін жасаған осы кісі.[2][3][4]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ jetimder.ucoz.com/index/n_rtas_o_dasynov.../0-62
- ↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
- ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
- ↑ Гүлсім Oразалықызы "Оңдасынов Нұртас"
|
|
- Үлгі шақыруында көшірме аргумент қолданатын беттер
- 26 қазанда туғандар
- 1904 жылы туғандар
- 1 қарашада қайтыс болғандар
- 1989 жылы қайтыс болғандар
- Ленин орденінің иегерлері
- Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері
- 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері
- Еңбектегі ерлігі үшін медалінің иегерлері
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Қазақстан мемлекет қайраткерлері
- Қазақстан премьер-министрлері