Элиза Маккардл Джонсон
Элиза Маккардл Джонсон Eliza McCardle Johnson | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
15 сәуір 1865 жыл — 4 наурыз 1869 жыл | |||
Ізашары | Мэри Тодд Линкольн | ||
Ізбасары | Джулия Грант | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 4 қазан 1810 Телфорд, Теннесси, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 15 қаңтар 1876 (65 жас) Гринвилл, Теннесси | ||
Әкесі | Джон Маккардл | ||
Анасы | Сара Филипс Маккардл | ||
Жұбайы | Эндрю Джонсон | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Элиза Маккардл-Джонсон (ағылш. Eliza McCardle Johnson; 4 қазаң 1810, Телфорд, Теннесси штаты, АҚШ – 15 қаңтар 1876, Гринвилл, Теннесси) - Америка Құрама Штаттарының 17-ші президенті Эндрю Джонсонның әйелі және 1865-1869 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Жас кезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Элиза Телфорд, Теннесси штатында 1810 жылы дүниеге келді. Ол етікші Джорн Маккардл және Сара Филипс-Маккардлдардың жалғыз қызы болды. Кішкентай кезінде әкесінің қазасынан кейін, анасы оны Гринвиллде тәрбиеледі. Бірде 1826 жылы қыркүйекте Элиза сыныптастарымен сөйлесіп жатқанда, Эндрю Джонсон және оның отбасысы Гринвиллге көшкенін біледі. Олар бір-біріне бірінші көзқарастан ғашық болады. 1827 жылы 17 мамырда он алты жасар Элиза он сегіз жасар Эндрюге тұрмысқа шығады.
Элиза жақсы білім алғандықтан, ол Эндрюге тігін шеберханасында жұмыс істеп жатқанда, арифметика мен жазумен көмектесетін.
Балалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Оларда үш ұл және екі қыз болды:
- Марта Джонсон Паттерсон (1828—1901). Ақ үйдің міндеттерін анасының орнына орындады. Дэвид Паттерсон, Теннесси штатының сенаторына тұрмысқа шықты.
- Чарльз Джонсон (1830—1863) – дәрігер және фармацевт. Азамат соғысына қатысып, шайқаста қаза табады.
- Мэри Джонсон Стовер Браун (1832—1883). Одақтың жағындағы полковник Дэн Стоверге тұрмықа шығады. Стоверлер Картердегі фермада тұрды. 1864 жылы күйеуінің қазасынан кейін В.Р.Браунға тұрмысқа шығады.
- Роберт Джонсон (1834—1869) – заңгер. Теннесси штатының заң шығарушы органдарында жұмыс істеді, азамат соғысы кезінде – кавалериялық полковник болды. Әкесінің басқаруы кезінде оның жеке хатшысы болды. Маскүнемдіктен 35 жасында қайтыс болады.
- Эндрю Джонсон-джуниор (1852—1879) – журналист. Ол құрған апталық Greeneville Intelligencer тек екі жыл ғана басылды. Содан кейін 27 жасында қаза табады.
Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Күйеуі президент болып сайланған кезде, оған Ақ үйде қосылады. Алайда ол Бірінші ханым ретінде өз міндеттерін жаман хал-жайдың кесірінен орындай алмады. Осының кесірінен Бірінші ханымның функцияларын оның қызы – Марта Джонсон Паттерсон орындады. Элиза Джонсон ашық түрде Бірінші ханым ретінде тек екі рет жарыққа шықты – Гавайи патшалығынан 1866 жылы келген Эмма патшайымын қабылдауда және президенттік 1867 жылы туған күнінде.
Өлім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Элиза 1876 жылы 15 қаңтарда 65 жасында қайтыс болды. Ол күйеуінен тек алты ай артық өмір сүрді. Эндрю Джонсонның қасында Гринвиллде, Теннесси штатында көмілген.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Eliza Johnson on Find-A-Grave
- The White House Web Site
- National First Ladies' Library Мұрағатталған 9 мамырдың 2012 жылы.
- Eliza Johnson at C-SPAN's First Ladies: Influence & Image