Джейн Пирс
Джейн Пирс Jane Pierce | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
4 наурыз 1853 жыл — 4 наурыз 1857 жыл | |||
Ізашары | Эбигейл Филлмор | ||
Ізбасары | Харриет Лэйн | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 12 наурыз 1806 Хэмптон, Нью-Гэмпшир, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 2 желтоқсан 1863 (57 жас) Андоувэр, Массачусетс, АҚШ | ||
Әкесі | Джесси Эпплтон | ||
Анасы | Элизабет Минс-Эпплтон | ||
Жұбайы | Франклин Пирс | ||
Қолтаңбасы | |||
өңдеу |
Джейн Минс Эплтон Пирс (ағылш. Jane Means Appleton Pierce; 12 наурыз 1806 – 2 желтоқсан 1863) – Америка Құрама Штаттарының 14-ші президенті Франклин Пирстің жұбайы және 1853-1857 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Джейн Хэмптон, Нью-Гэмпширде қасиетті Джесси Эплтон, конгреционалдық дін қызметшісі және Боудойн колледжінің вице-президенті мен Элизабет Минс-Эплтонның отбасында дүниеге келген. Балалық шағында Джейн кішкентай, ұялшаң және нәзік бала болған. Әкесінің қазасынан кейін анасымен бірге Эмхерст, Нью-Гэмпширге көшеді.
Джейн Эплтон және Франклин Пирс қандай жағдайда кездескені белгісіз. 1834 жылы 19 қарашада отыз жасар Пирс жиырма сегіз жасар Джейнге үйленеді. Неке рәсімі қалыңдықтың Эмхерстегі анасының үйінде өтті. Олардың некесін қасиетті Сайлас Айкен қиды. Бал айын жас жұбайлар Софи пансионында, Вашингтонның маңында өткізді.
Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1852 жылы Пирс Демократиялық партиянын атынан президентікке үміткер атанды. Бұл жаңалықтан Джейн есінен танып қалған. Франклин Ньюпортқа аттанған кезде, оның он бір жасар ұлы Бенджамин анасына былай жазған: «Мен оның сайланбайтынына үміттенемін, себебі мен Вашингтонда тұрғым келмейді. Сіз де осында ойдасыз деп ойлаймын». Алайда сайланған президент Дженниге жаңа офис пайдалы болар деген ойда болды.
Джейн күйеуінің президенттікке сайлануына қарсы болды. Олардың ұлы Бенджамин темір жол апатында қайтыс болған кезде, Пирс бұны Құдайдың жұбайының саяси менмендігіне наразылығы деп ұқты. Баласының қазасынан кейін оны мұң басты және ол міндеттерінен алыстап кетті. Ол бұл қайғыдан өмірінің соңына дейін арыла алмады. Его жыл Джейн Ақ үйдің тұрғын бөлмелерінде тұрып, өмірден озған ұлына ментименталды хаттар жазумен айналысты. Бірінші ханымның міндеттерін Дженни Пирс ханым өзінің тәтесіне Эбби Кент-Минске тапсырды. Бірінші ханым ретінде миссис Пирс Жаңа жылға арналған кеште шықты. Алда ол жарыққа үзілістермен шықты. Әр Жаңа жыл сайын Ақ үйде шыршаның қойылуына Джейн себепші болды деп есептелінеді.
Өлім
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Пирс туберкулезден (әкесі сияқты) Эндовердте, Массачусестсте 1863 жылы 2 желтоқсанда қайтыс болды. Ол Конкорд, Нью-Гэмпширде орналасқан Олд-Норт мазарында көмілген. 1869 жылы оның күйеуі оның қасында көмілді.
Сыртқы сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Jane Pierce (American first lady)
- New Hampshire Historical Society - HISTORICAL NEW HAMPSHIRE Мұрағатталған 20 желтоқсанның 2010 жылы.
- Jane Pierce First Spouse Gold Coins
- IPL website
- Jane Pierce Biography :: National First Ladies' Library Мұрағатталған 9 мамырдың 2012 жылы.
- NationMaster — Encyclopedia: Jane Pierce Мұрағатталған 19 маусымның 2012 жылы.
- Letter to Benjamin Pierce from Jane Pierce after Benjamin's death Мұрағатталған 26 сәуірдің 2007 жылы.
- Find A Grave listing of Jane Pierce
- Modern representationalism Painting of Jane Pierce