Летиция Кристиан Тайлер
Летиция Кристиан Тайлер Letitia Christian Tyler | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
4 сәуір 1841 жыл — 10 қыркүйек 1842 жыл | |||
Ізашары | Анна Гаррисон | ||
Ізбасары | Присцилла Тайлер | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 12 қараша 1790 Тайдуотер, Виргиния, АҚШ | ||
Қайтыс болуы | 10 қыркүйек 1842 (51 жас) Вашингтон, АҚШ | ||
Жұбайы | Джон Тайлер | ||
өңдеу |
Летиция Кристиан Тайлер (ағылш. Letitia Christian Tyler; 12 қараша 1790 – 10 қыркүйек 1842) – Америка Құрама Штаттарының президенті Джон Тайлердің бірінші әйелі және 1841 жылдан бастап өмірінің соңына дейін АҚШ-тың Бірінші ханымы.
Өмірбаян
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Летиция Виргинияда ранчода өсті. Ол ешқандай ресми білім алмаса да, плантацияны басқаруды және балаларды тәрбиелеуді тез үйренді. 1808 жылы ол Джон Тайлерді кездестірді. Олар 1813 жылы 29 наурызда Сидар-Гровта үйленді. Летиция мен Джонда жеті бала туылды. Екеуі жиырма жеті жасында, ал біреуі отыз үш жасында қайтыс болады. Ұлдары Джон Вашингтонда саяси мансаб құрды.
Ол әрдайым үйде балалармен отыратын, тек бір рет қыста Вашингтонда болды.
1839 жылы ол инсульт алып, тек мүгедектер арбашасында ғана жүре алатын. Инсульттан кейін ол Бірінші ханымның міндеттерін атқара алмаған соң, ұлы Роберттің әйелі Присцилла Тайлер Бірінші ханымның міндетін жиырма төрт жасында атқарды.
Балалары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жұбайларда төрт қыз және үш ұл болды.
- Мэри Тайлер-Джонс (1815—1848)
- Джон Тайлер, III (1819—1896)
- Роберт Тайлер (1816—1877)
- Летиция Тайлер-Семпл (1821—1907)
- Элизабет Тайлер-Уоллер (1823—1850)
- Алиса Тайлер-Денисон (1827—1854)
- Тазуэлл Тайлер (1830—1874)
Қалған өмірі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Летиция 1842 жылы 10 қыркүйекте кешке отбасысының қасында қайтыс болды. Өзі туған ранчода көмілген. Летиция Тайлердің құрметіне Мэн аралында оның бейнесімен маркалар шығарылған болатын.