Мазмұнға өту

Тамыр сабақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Тамыр сабақ — көп жылдық шөптесін өсімдіктердің түрі өзгерген жер асты сабағы. Сырт пішіні тамырға ұқсас болғанмен құрылысында айырмашылықтар бар. Мыс., Т. с-та қабыршақ тәрізді жапырағы, паренхимасы болады. Т. с. бунақ-бунақ болып, топырақ арасында көлбей өседі, буындарында не жапырақ қолтығында жыл сайын жер бетіне шығатын өркен және топырақ арасына тарайтын қосалқы тамыр беретін бүршіктері болады (қалуен, бидайық, жыланқияқ). Т. с-тың ұзын, қысқа, жуан, жіңішке болуы, тез өсуі өсімдік түріне байланысты. Кейбір өсімдіктердің Т. с. ұшында құрамы негізінде углеводтан тұратын түйнек кездеседі. Т. с-та дәрілік, бояғыш, илік заттар болады. Т. с-ты өсімдіктер құмды жақсы бекітеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы