Архегоний
Архегоний (еже.гр. ἀρχή — басталу, γονή — ұрпақ) — мүк, қырыққұлақ тәрізді плаун және жалаңаш тұқымды өсімдіктердің аналық тұқым жасушасы (кейде бұларды архегонийлі өсімдіктер деп атайды).
Оның пішіні шөлмек немесе қолба тәрізді төменгі кеңейген бөлігі құрсақ жоғарғы тарылған жағы мойын. Құрсақта қозғалмайтын аналық гамета жұмыртқа оның үстіңде құрсақ канал жасушалары орналасқан. Мойынның ішінде мойын канал жасушалары орналасқан. Жұмыртқалар пісіп жетілуіне дейін барлық канал жасушалары шырыштанады және төбесінде архегоний ашылады. Шырыш бойымен енуыз архегоний құрсағына еніп жұмыртқаны ұрықтандырады.
Мүктердің архегонийлері топталып, өркеннің төбесінде немесе бүйірінде, плаун, қырыққұлақ тәрізділерде — спорадан түзілген тұқымдық өскінде (гаметофитте), ал жалаңаш тұқымдыларда (қарағай, шырша) — аналық бүрлеріндегі тұқым бүршігі мен тұқымдық өскінде (эндоспермде) жетіледі. Архегонийдің қабырғасы бір қатар клеткадан тұрады, мойны ұзын, құмыра тәрізді болады. Кеңейген жерінде бір аналық тұқым клеткасы жетіледі де, мойын тәрізді жіңішке келген жеріндегі клеткалар арнайы зат бөліп шығарып, аталық тұқым клеткасының аналық тұқым клеткасына кедергісіз өтуіне жағдай жасайды.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3
Бұл — ботаника бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
|