Корву

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Корву
порт. Ilha do Corvo
Флориш аралынан қарағандағы көрінісі
Флориш аралынан қарағандағы көрінісі
Сипаттамасы
Ауданы17 км²
Ең биік нүктесі718 м
Тұрғындар (2011 жыл)430 адам
Халық тығыздығы25,294 адам/км²
Орналасуы
39°41′53″ с. е. 31°06′15″ б. б. / 39.698194° с. е. 31.104306° б. б. / 39.698194; -31.104306 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°41′53″ с. е. 31°06′15″ б. б. / 39.698194° с. е. 31.104306° б. б. / 39.698194; -31.104306 (G) (O) (Я) (T)
АрхипелагАзор аралдары
АкваторияАтлант мұхиты
Ел Португалия
АймақАзор аралдары
АуданВила ду Корву
Корву (Азор аралдары)
Корву
Корву Ортаққорда

Корву немесе Корво (порт. Ilha do Corvo, сөзбе-сөз — «қарға аралы») — Азор аралдары мен Микронезияның солтүстігінде орналасқан. Азор аралдарының ең кішкентайы. Корвоның ауданы 17,45 шаршы шақырымды құрайды.

Аралдың оңтүстік-батысында Вила-доКорво елді мекені орналасқан. 2001 жылғы санақ бойынша, бұл елді мекенде тұрғылықты халықтың саны 425 адам болған.

Аралды 1452 жылы Диего Тэйв ашқан. Аралдың тереңдігі - 300 м, ал диаметрі 2 шақырымды құрайды. Жанартау атқылағаннан соң, аймақты үнемі тұман басып тұрады. Аралдың шығысында ормандар, ал батысы мен солтүстігінде тасты төбешіктер орналасқан.

Вила-доКорво - аралдың орталығы болып саналады. Мұнда тұрғын үйлермен қатар көптеген сауда орындары бар. Елді мекен аралдың үштен бір бөлігін алып жатыр.

Корво жанартауы Корво аралында орналасқан ылғалды, онда жауын жиі жауады. Табиғаты жанға жайлы. Бірақ үнемі жел соғып тұрады. Салыстырмалы ылғалдылық шамасы тұман жиілейтін кезде өзгеріп отырады. Мысалы, қазан айында 74% болса, шілде айында бұл көрсеткіш 85%-ға дейін ауытқиды. Бұл жанартау алғаш рет 730 мың жыл бұрын атқылаған. Жанартау ошағының диаметрі 5 шақырымды құрайды. Жанартау маңында ормандар, ал батысы мен солтүстігінде тасты төбешіктер бар. Корво шағын жанартау болып табылады.

Бұл аймақтың тұрғындары шошқа өсіріп, құс асырайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Алматы: “Аруна” баспасы. 208 бет. Сер.:“1100 қызықты дерек”.