Компьютерлік томография
Компьютерлік томография | |
ағылш. Computed tomography scan | |
---|---|
Заманауи КТ сканер (2021), фотон санаушы КТ (Siemens NAEOTOM Alpha) | |
ICD-10-PCS | B?2 |
ICD-9-CM | 88.38 |
MeSH | D014057 |
OPS-301 код | 3–20...3–26 |
Басқа кодтар | 88.38 |
MedlinePlus | 003330 |
өңдеу |
Компьютерлік томография (әдетте КТ деп қысқартылады; бұрын аксиал компьютерлік томография немесе АКТ сканер деп аталған) — дененің егжей-тегжейлі ішкі кескіндерін алуға қолданылатын медицинадағы визуализация әдісі. КТ жүргізетін персоналls рентгенологтар немесе радиология технологтары дейді.[1] [2]
КТ сканерлері дененің ішіндегі әртүрлі тіндердің рентген сәулелерін ұстап қалу деңгейін өлшеу үшін айналмалы рентген түтігін және гентриде орналасқан детекторлар қатарын қолданады. Әртүрлі бұрыштардан алынған бірнеше рентген өлшемдер дененің томографиялық (көлденең кесінді) кескіндерін (виртуал «тілімдер») жасау үшін томографиялық реконструкция алгоритмдерін пайдаланып компьютерде өңделеді. Металл имплант не кардиостимуляторы бар науқастарға магнитті резонанстық томография (МРТ) жасауға болмайтындықтан, КТ ұсынуға болады.
1970 жылдардың өзінде-ақ КТ сканерлер жан-жақты бейнелеу әдісі екені дәлелденді. КТ медициналық диагностикада өте жиі қолданғанымен, оны жансыз нысандардың кескіндерін қалыптастыру үшін де қолдануға болады. 1970 жылы Оңтүстік Африка-Америкалық физик Аллан МакЛеод Кормак пен британ инженер-электрик Годфри Хоунсфилдке «компьютерлік томографияны жасағаны үшін» физиология не медицина саласындағы Нобель сыйлығы берілді. [3]
Түрлері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бұрандалы КТ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Айналмалы түтік, әдетте спиральды КТ не бұрандалы КТ деп аталады, бұл рентген түтік тұтастай сканерленетін аймақтың орталық осі айналасында айналып тұрып кескінді бейнелеу әдісі. Бұл сканерлердің нарықтағы басым түрі, себебі олар ұзағырақ шыдас береді әрі оны өндіру мен сатып алуға азырақ қаржы жұмсалады. Компьютерлік томографияның бұл түрінің кем тұсы – жабдықтың көлемі мен инерциясы (рентгендік түтік пен шеңбердің қарама-қарсы жағындағы детектор матрицасы), бұл жабдықтың айналу жылдамдығын шектейді. Кейбір конструкциялар уақыт ажыратымдылығын жақсарту әдісі ретінде екі рентген көзін және бұрышқа ығысқан детектор матрицасын қолданады.[4][5]
Электрон-сәулелік КТ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Электрон-сәулелік томография (ЭСТ) – рентген түтігі айтарлықтай ірі болатын компьютерлік томографтардың арнайы түрі. КТның бұл түрінде рентген түтігінің катоды мен аноды арасында өтетін электрондар траекториясы ғана ауытқу катушкалары көмегімен айналады.[6] Бұл түрдің басты артықшылығы – сканерлеу жылдамдығы әлдеқайда жоғары болады, бұл әдетте бұлыңғыр боп түсетін жүрек пен артерия сияқты қозғалатын құрылымдардың айқын бейнесін алуға мүмкіндік береді.[7]
Қос көзді КТ
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Қос сәулелену көзі бар КТ – әдеттегі КТ сканердегідей бір ғана емес, екі рентген түтігі болатын детектор жүйесі бар жетілдірілген КТ сканер түрі.[8][9] Бұл екі детектор жүйесі бір жазықтықта 90° бұрыш жасап бір гентриге орнатылады.[10] Қос көзді КТ сканері жоғары уақытша ажыратымдылықпен жылдам сканерлеу арқылы тек жарты айналым жасап, толық КТ кескін алуға мүмкіндік береді. Жылдам сканерлеу арқасында жүрек қағысы жиі болғанда да кескін бұлыңғыр болмайды әрі демді ұстап қалу уақыты айтарлықтай қысқарады. Бұл ұзақ уақыт дем ұстап тұра алмайтын және жүрек қағысын сирететін дәрі іше алмайтын науқастарға пайдалы.[10][11]
Перфузияны КТ бейнелеу
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Перфузияны КТ бейнелеу – контраст зат енгізгендегі тамырлардағы ағысты бағалауға арналған арнайы КТ түрі.[12] Қан ағысын, қанның өту уақытын әрі ағзалардағы қан көлемін сезімталдық пен арнайылық көрсеткіші жақсы әдіспен өлшеуге болады.[12] Бұл КТ түрін жүректі бағалау үшін қолдануға болады, алайда оның сезімталдық пен арнайылық көрсеткіші басқа КТ түрлерімен салыстырғанда төмендеу.[13] Сондай-ақ оның көмегімен ми перфузиясын бағалауға болатындықтан, спиральді КТда әлі көрінбейтін перфузиясы азайған ошақтарды ертерек анықтауға болады.[12][14] Инсультті анықтау үшін бұл КТ түрі басқаларынан тиімдірек.[14]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Patient Page. ARRT – The American Registry of Radiologic Technologists. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 қараша 2014.
- ↑ Individual State Licensure Information. American Society of Radiologic Technologists. Басты дереккөзінен мұрағатталған 18 шілде 2013. Тексерілді, 19 шілде 2013.
- ↑ The Nobel Prize in Physiology or Medicine 1979 (en-US). NobelPrize.org. Тексерілді, 10 тамыз 2019.
- ↑ Spiral CT: Principles, Techniques, and Clinical Applications — Raven Press. — ISBN 978-0-7817-0218-8.
- ↑ Hsieh Jiang Computed Tomography: Principles, Design, Artifacts, and Recent Advances — SPIE Press. — P. 265. — ISBN 978-0-8194-4425-7.
- ↑ Stirrup, James (2020-01-02). Cardiovascular Computed Tomography. Oxford University Press. ISBN978-0-19-880927-2 .
- ↑ Talisetti, Anita; Jelnin, Vladimir; Ruiz, Carlos; John, Eunice; Benedetti, Enrico; Testa, Giuliano; Holterman, Ai-Xuan L.; Holterman, Mark J. (December 2004). "Electron beam CT scan is a valuable and safe imaging tool for the pediatric surgical patient". Journal of Pediatric Surgery 39 (12): 1859–1862. doi:10.1016/j.jpedsurg.2004.08.024. ISSN 1531-5037. PMID 15616951.
- ↑ Carrascosa, Patricia M.; Cury, Ricardo C.; García, Mario J.; Leipsic, Jonathon A. (2015-10-03). Dual-Energy CT in Cardiovascular Imaging. Springer. ISBN 978-3-319-21227-2.
- ↑ Schmidt, Bernhard; Flohr, Thomas (2020-11-01). "Principles and applications of dual source CT" (in en). Physica Medica. 125 Years of X-Rays 79: 36–46. doi:10.1016/j.ejmp.2020.10.014. ISSN 1120-1797. PMID 33115699. https://www.sciencedirect.com/science/article/pii/S112017972030257X.
- ↑ a b Dual Source CT Imaging — Springer Science & Business Media. — ISBN 978-3-540-77602-4.
- ↑ Schmidt, Bernhard; Flohr, Thomas (2020-11-01). "Principles and applications of dual source CT" (in English). Physica Medica: European Journal of Medical Physics 79: 36–46. doi:10.1016/j.ejmp.2020.10.014. ISSN 1120-1797. PMID 33115699. https://www.physicamedica.com/article/S1120-1797(20)30257-X/abstract.
- ↑ a b c Wittsack, H.-J.; Wohlschläger, A.M.; Ritzl, E.K.; Kleiser, R.; Cohnen, M.; Seitz, R.J.; Mödder, U. (2008-01-01). "CT-perfusion imaging of the human brain: Advanced deconvolution analysis using circulant singular value decomposition" (in en). Computerized Medical Imaging and Graphics 32 (1): 67–77. doi:10.1016/j.compmedimag.2007.09.004. ISSN 0895-6111. PMID 18029143.
- ↑ Williams, M.C.; Newby, D.E. (2016-08-01). "CT myocardial perfusion imaging: current status and future directions" (in en). Clinical Radiology 71 (8): 739–749. doi:10.1016/j.crad.2016.03.006. ISSN 0009-9260. PMID 27091433.
- ↑ a b Donahue, Joseph; Wintermark, Max (2015-02-01). "Perfusion CT and acute stroke imaging: Foundations, applications, and literature review" (in en). Journal of Neuroradiology 42 (1): 21–29. doi:10.1016/j.neurad.2014.11.003. ISSN 0150-9861. PMID 25636991.
|