Ангиография
Ангиография (грек. angeion - тамыр, grapho - жазамын, сызамын) - әр түрлі ішкі органдардың (өкпе, жүрек, бүйрек, ми т.б.) қан тамырларын рентген сәулелері арқылы тексеру әдісі.
Бұл әдіспен қан тамырларының және оның төңірегіндегі тканьдердің ауруын анықтауға болады. Мысалы, мидың қантамырлдарының ангиограммасының ерекше суреті - Мойамойа ауруын диагнозын қоюға көмектеседі.
Ангиограмма қолданатын жағдайлар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ангиограмманың арқасында қантамырларының дамуының ақаулықтарын анықтау үшін:
- Аневризмдер
- Қан тамырларының тарылуы
- Мальформация
- Қан тамырларының өткізу қабылетінің нашарлауы (атеросклероз, тромбоз)
- Ісіктер, органдардың дауының кемістіктерін анықтауға.
Жарамаулығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ангиограмманы келесі жағдайларда қолдануға болмайды:
- инфекциялық ауруларда
- тромбофлебитта
- Психикалық ауруларда
- жүрек, бауыр және бүйрек жетімсіздіктерде
- йодқа аллергияда
- науқастың ауыр қалынде.
Дайындық
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ангиограмманың ең кең қолданылатын жағдай - жанбас артериясына катетер салғанда.
- Біріншіден, ангиограмма алдында аурудың қарсылығы жоқ екенін айқындайтын жазба түріндегі қолхатын алу керек.
- Ауруда медициналық қарсы жарамаулықтары бар ма, анықтау керек.
- Флюрография мен ЭКГ қажет.
- 2 апта алдын ала алкоголь ішуге болмайды.
- 4 сағат ангиограмма алдында еш су мен тамақ ішуге және тамақ ішуге болмайды.
- Темірден істелген бұйымдыр, әшекейлерді, сағат т.б. рентген сәулелері өте алмайтын заттарды шешіп қою керек.
- Тесіп шығаратын жерінде шаштарын қырып, жуып дайындайды.
- Антигистамин препараттарды енгізіп, дайындайды.
Әдісті орындау
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Емделушіні ангиогрифакалық үстелге жатқызып, кардиомониторға қосып, инъекция үшін қан тамырына катетер орналастырады.
- Премедикация жасайды:
- антигистамин препараттармен
- транквилизаторлармен
- анальгетиктармен
- Пункция жасалып, артынан катетер салынады.
- Салынған катетерден контраст заты (йод препараты) енгізіледі.
- Зерттеу жұмысы біткеннен соң, пункция жасаған орнына қысып байланған таңғыш салынады.
- Ангиограммадан кейін көп мөлшерде су ішу керек - йодты ағзадан шығару үшін.
Ангиогрммада цифрлі жүйесін қолдану (digital subtraction angiography (DSA))
[өңдеу | қайнарын өңдеу]3D-DSA әдісі - қазіргі заманда цифрлы жүйе арқасында 3-D құрылымын көруге болады ( ).
Color-DSA әдісі — цифрлі ангиографияның арқасында артериялық және күретамырдарының қан айналымын түрлі түстерге боялып бір суретте көріге болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Angiography |
|