Бейжің

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Бейжің
北京
Әкімшілігі
Ел

 Қытай

Статусы

Астана

Ішкі бөлінісі

18 уездік деңгейдегі әкімшілік бірлік
273 болыстық деңгейдегі әкімшілік бірлік

ҚКП қалалық комитет хатшысы
мэрі

Цай Ци

Чэнь Цзинин

Тарихы мен географиясы
Координаттары

39°56′ с. е. 116°24′ ш. б. / 39.933° с. е. 116.400° ш. б. / 39.933; 116.400 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°56′ с. е. 116°24′ ш. б. / 39.933° с. е. 116.400° ш. б. / 39.933; 116.400 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

16 801 км²

Орталығының биiктігі

43 м

Уақыт белдеуі

UTC+8

Тұрғындары
Тұрғыны

21 707 000[1] адам (2017)

Тығыздығы

1182 адам/км²

Ұлттық құрамы

қытайлар — 96 %, маньчжурлар — 2 %,
хуэй халқы — 2 %, моңғолдар — 0,3 %

Этнохороним

бейжіңдер

Ресми тілі

қытай

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+86 10

Пошта индекстері

100000 — 102600

Автомобиль коды

京A, C, E, F, H
京B (такси)
京G (қалалық емес)
京O (полиция және билік)

ISO 3166-2

CN-11

beijing.gov.cn  (қыт.)

Бейжің картада
Бейжің
Бейжің

Бейжің (қытай тілінен аударғанда "солтүстік астана" деген мағына береді) — Қытай Халық Республикасының астанасы. Көлемі жөнінен Қытайдағы (Шанхайдан кейін) 2-ші қала. Халқы — 12,6 млн (1995). Солтүстік Қытай жазығының солтүстік шетінде, Юндинхэ өзенінің алабында орналасқан. Үш жағынан тау жоталарымен қоршалған, оңтүстік-шығыс жағы ғана жазық болып келеді.

Тарихы

  • Бейжің тұрған жердегі елді мекен туралы алғашқы дерек б.з.б. 2-мыңжылдықта кездеседі.
  • Б.з.б. 11 — 8 ғасырлар аралығындағы жылнамаларда (Батыс Чжоу заманы) ол Цзи қаласы деп аталады.
  • Соғысушы патшалықтар дәуірінде (б.з.б. 475 — 221 ж.) ол Янь патшалығының орталығы болып, Солтүстік Қытайдың стратег. маңызды қаласына әрі ірі сауда орталығына айналды.
  • 10 ғасырдың басында Ляо әулеті қидандарының екінші астанасына айналып, атын Яньцзин деп өзгертті.
  • 12 ғасырдың ортасынан Чжунд, Дасин (чжурчжэннің Цзинь мемлекетінің ортаңғы астанасы) атанды.
  • 1215 жылы қаланы моңғолдар басып алды. 13 — 14 ғасырларда Даду немесе Ханбалық атанып, моңғолдың Юань империясының астанасы болды.

1368 жылы моңғолдардан азат етілгеннен кейін Бейпин атанды.

  • 1421 жылы Қытайдың Мин империясының астанасы болып,Бейжің атанды.
  • 1644 — 1911 жылдары Цинь империясының астанасы болды. Бейжің мен оның маңайында металлургия, мұнай өңдеу, химия, машина және прибор жасау, полиграфия, құрылыс металдары, жеңіл және тамақ өнеркәсіп орындары, т.б. шоғырланған.

Ескерткiштер

Бейжің көптеген тарихи ескерткіштерге бай қала, соның ішінде «әлемдегі ең ұлы» деп саналатын ескерткіштер — атақты Тяньаньмэнь қақпасы, әлемдегі ең үлкен Тяньаньмэнь алаңы, әлемдегі толық сақталған ең көне архит. ансамбль ескерткішінің бірі, тыйым салынған императорлық қала — Гугун мұражайы Қытай қорғанының Бадалиндегі бөлігі, әлемдегі ең үлкен Аспан ғибадатханасы, Мин әулетінің 13 императоры жерленген Шисаньлин бейіттер кешені, әлемдегі ең ірі «Сыхэюан» сарайы орналасқан.

Мәдени орындары

1949 жылдан бері қаланың орталығы алаңы саналатын Тяньаньмэннің төңірегінде Халық өкілдерінің жиналыс үйі (парламент), Қытайдың тарихи музейі, Қытай революциясының музейі, Халық батырларына арналған ескерткіш, Мао Цзэдунның мұражайы, т.б. салынған. Қазіргі заманғы ірі құрылыстар — мемлекеттік кітапхана, орталықтеледидар үйі, Халықар. сауда үйі, Қытай театры, Бейжіңнің ірі әкімшілік мекемелері, ірі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтары, мәдени-спорттық кешендер орналасқан.

Қазақстанмен қатынасы

1992 жылы Бейжіңде Қазақстан елшілігі ашылды. Сондай-ақ Бейжіңдегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының орталықштаб пәтерінде Қазақстан өкілдігі орналасқан, сонымен қатар бұл қалада қазақстандық банк, темір жол өкілдіктері жұмыс істейді. Көптеген қазақстандық студент-жастар Бейжіңнің жоғары оқу орындарында білім алады. Бейжіңдегі мемлекеттік мұрағаттарда қазақ халқының тарихына, қазақ-қытай қатынастарына байланысты көптеген құжаттар сақтаулы.

Дереккөздер

  1. Beijing Municipal Bureau of Statistics and NBS Survey Office in Beijing (English). Beijing Bureau of Statistics (25 Jan 2018). Басты дереккөзінен мұрағатталған 20 наурыз 2018. Тексерілді, 20 наурыз 2018.