2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Жазғы Олимпиадалық Ойындар 2008 бетінен бағытталды)
Навигацияға өту Іздеуге өту
2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындары
Ұйымдастырушы қала

Қытай Бейжің

Қатысушы елдер

204

Атлеттер саны

11099

Медальдар саны

302

Ашылу салтанаты

8 тамыз 2008 жыл

Жабылу салтанаты

24 тамыз 2008 жыл

Бұл ойындардың бағдарламасына спорттың 41 түрі еніп, онда 302 медальдар комлектісі сарапқа салынды. Ер адамдар - 165, әйелдер - 127 комлекті медальдары үшін сынға түсті. Пекиндегі ойындарға ҚР-дан 132 адам (61 - еркек, 71 - әйел) қатысып, республикамыздың құрамасы спорттың 22 түрімен күш сынасты. Нәтижесінде жерлестеріміз 13 медальға, оның ішінде 2 алтын (И.Ильин - ауыр атлетика, Б.Сәрсекбаев - бокс) ие болып жалпыкоманда- лық есепте 29 орынга ие болды.

Қытай астанасы Бейжің қаласында өтетін XXIX жазғы олимпиада ойындары 2008-ші жылғы тамыздың 8-і мен 24-і аралығында өтеді. Онда 41 спорт түрінен 302 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Бұл олимпиада ойындарына әлемнің 203 елінен 10500-ден астам спортшы қатысады деп жоспарлануда. * Бейжің Олимпиадасының ашылу салтанатына 100-ге жуық елдің басшылары қатысады деп күтілуде.

  • Қытай Үкіметі Олимпия ойындарына 23 миллиард АҚШ долларын бөліп отыр. Бұл – 2000 жылы Сиднейде өткен жазғы Олимпиада мен 2002 жылы Солт-Лейк-Ситиде өткен қысқы Олимпия ойындарына бөлінген қаржыдан 7 есеге, 2004 жылы Афина Олимпиадасымен салыстырғанда 5 есеге, ал 1984 жылы Лос-Анджелестегі бәсекеге қарағанда 32 есеге көп.
  • Олимпиадада ең көп алтын медаль сарапқа салынатын спорт түрі – жеңіл атлетика. Одан 47 медаль үлестіріледі. Бұдан кейін суға жүзуден – 34, мылтық ату мен ауыр атлетикадан 15 алтын жүлде сарапқа салынады.
  • Олимпиада медальдары осы айдың соңына дейін жасалып бітеді. Медальдар куньмун нефритінен жасалып жатыр.

Бейжің Олимпиадасының бағдарламасына 9 жаңа жарыс түрі енгізілген. Олар – әйелдердің 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруі, үстел теннисінен командалық бәсекелер, ерлер және әйелдер арасында 10 шақырымдық жүгіру марафоны және тағы басқалары.[1]

Пекин 2008 Бары
Ел Алтын Күміс Қола
1 Қытай 48 21 29 98
2 АҚШ 36 38 37 111
3 Ресей 22 15 22 59
4 Ұлыбритания 19 13 16 48
5 Германия 16 10 15 41
6 Аустралия 14 15 17 46
7 Корея 13 10 8 31
8 Жапония 9 6 10 25
9 Италия 8 9 10 27
10 Франция 7 16 18 41
Жүлде Спортшы Спорт түрі Дисциплина
Алтын Бақыт Сәрсекбаев Бокс 69 кг
Алтын Алла Важенина ауыр атл 75 кг
Күміс Ольга Рыпакова Үшсайы Үшсайыс
Күміс Асхат Житкеев Дзюдо 100 кг
Қола Нұрбақыт Теңізбаев Күрес 60 кг
Қола Елена Шалыгина Күрес 63 кг
Қола Марид Муталимов Күрес 120 кг
Қола Еркебұлан Шыналиев Бокс 81 кг
Қола Арман Шілманов Тхэквондо 80 кг

Қайта тексерілген соң

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Место (медаль) Спортшы Спорт түрі Дисциплина Тексерілген уақыты Себеп
Алтын Илья Ильин Аур атл. 94 кг 25.11.2016 допинг
Алтын Алла Важенина Аур атл 75 кг 17.11.2016 допинг
Күміс Таймураз Тигиев Күрес 96 кг 17.11.2016 допинг
Күміс Ирина Некрасова Ауыр атл 63 кг 17.11.2016 допинг
Күміс Нұрбахыт Теңізбаев Күрес 60 кг 17.11.2016 допинг
Қола Мария Грабовецкая Ауыр атл 75 кг 17.11.2016 допинг
Қола Асет Мәмбетов Күрес 96 кг 17.11.2016 допинг

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қазақстан Бейжің 2008 Олимпиадасында

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3