Мазмұнға өту

Ханкенди

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Қала
Ханкенди
Әкімшілігі
Тарихы мен географиясы
Координаттары

39°48′55″ с. е. 46°45′07″ ш. б. / 39.81528° с. е. 46.75194° ш. б. / 39.81528; 46.75194 (G) (O) (Я)Координаттар: 39°48′55″ с. е. 46°45′07″ ш. б. / 39.81528° с. е. 46.75194° ш. б. / 39.81528; 46.75194 (G) (O) (Я)

Тұрғындары
Тұрғыны

58300 адам (2020)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+994 26 22[1]

Ханкенди картада
Ханкенди
Ханкенди

Ханкенди (әз. Xankəndi) — Әзербайжандағы қала. Ол Қарабақ таулы аймағында орналасқан. 1991 (де-факто 2023) жылға дейін Степанакерт аталған.

Қала 1805 жылы Ресей империясының бақылауында құрылған. 1923 жылы Степан Шаумян атты армян революционерінің есімімен аталды.

1990-жылдардағы Қарабақ соғысы кезінде Степанакерт қиындықтар мен қауіп-қатерлерге ұшырады. Армения мен Әзербайжан арасындағы талас ұзақ жылдарға созылды. 1991 жылдан 2023 жылға дейін өздігінен жарияланған мемлекет, халықаралық деңгейде мойындалмаған Арцах немесе Таулы-Қарабах Республикасының астанасы болған. 2023 жылы түпкілікті Әзірбайдан қарамағында қалды.

20 қыркүйек «Қала күні» ретінде аталады.

Таулы аймақта орналасқандықтан, оның климаты континенталды болып саналады. Жаз ыстық және құрғақ, ал қыс салқын және қарлы болады. Жаз айларында температура 25-30 градус Цельсийге дейін көтеріледі. Күн көп шығады, жауын-шашын аз. Қыс айларында температура -5-тен 5 градус Цельсийге дейін төмендейді. Қар жиі жауады, кейде қарлы борандар болады.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Şəhərlərarası telefon kodları </noinclude> (әзір.).(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 15 қаңтар 2021.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]