Сыр бойындағы қалалар
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Сыр бойында орналасқан қалалар.
Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastern Caliphate» кітабындағы мәліметтер. Guy le Strange 1905 жыл.
туған жері, өміртарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Жалпы тақырыпқа кірмес бұрын Сыр бойындағы қалаларға қалам ұшын арнаған адам жайлы сөз қозғағанымыз жөн болар. Мақаламыздағы қалалар жайлы мәліметтердің көпшілігі Гай Лэ Стрэнждің (Guy le Strange) «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабынан және азғана бөлігі Бартольдтің «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» атты кітабынан алынды. 1854 жылы Англияда дүниеге келген Гай Лэ Стрэнждің жасы 80 күн алып, 1933 жылы Кэмбриджде дүние салды.
Саяхаттары мен кітаптары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Гай Ұлыбританияда туғанымен өмірінің көп бөлігін шетелде өткізген. Анасымен бірге Парижге келген Гай онда шығыстанушы Джулиос Молмен (Julius Mohl) танысады. Джулиос Мол Шахнамені француз тіліне аударған адам. Джулиуспен кездескен жылдары Гайдің шет тіліне деген қызушылығы пайда болады. Осы қызығушылығының арқасында Парижде шығыстанушы Станислас Гайардтің (Stanislas Guyard) араб тілі сабақтарына қатысады. 1877-80 жылдары ежелгі Парсы еліне саяхатқа шығады. Мұнда 3 жыл қалып, парсы тілімен әдет-ғұрпы, тарихы жайлы мағлұматтар жинайды. 1882 жылы Хаггардтың (Haggard) көмегімен парсы және ағылшын тілдерінде «The Vizir of Lankuran» кітабы, 1886 жылы «The Alchemist» кітабы жарыққа шығады. 1890 "Palestine under the Moslems" кітабы жарыққа шықты. 1900 жылы «Baghdad During the Abbasid Caliphate» (Аббаси халифаты тұсындағы Бағдад) кітабы жарыққа шықты. 1905 жылы «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабы баспадан шықты. 1915 жылы Хамдилла әл-Мустауфа әл-Қазуинидің «Нәзһәтул Қулуб» кітабын ағылшын тіліне аударып, баспадан шығарды.
Гай Лэ Стрэнж өмірін ғылымға арнаған жандардың бірі болды.
Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабы шамамен 600 беттен тұрады. Кітап 1905 жылы жарыққа шыққан, араб тіліне 1985 жылы аударылған. Аудармашылар Башир Френсис, Коркис Аууад . Мақаламызда тарих беттерінен білетін қалалардың есімі келген. Мысалы: Исфиджаб, Яссы, Отырар т.б. Біз бұл қалалардың атауы арабша қалай жазылса сол жазылған күйінде аударма жасауға тырсытық. Автор кітабының соңғы 34 бөлімін (2-сурет) Сырдария өзенінің бойында орналасқан қалаларға арнаған. 517-532 беттер. Бізге әрине өз елемізге қарасты қалалар ғана қызық боп көрінеді. Бөлім ішінде Өзкент, Ош, Шаш, Исбижаб, Сайрам, Шымкент, Фараб, Ясы, Сауран, Женд, Йангикент, Тараз, Мерке қалалары жайлы мағлұматтар келген. Дегенмен мәліметтер толық емес. Тек азғана сипаттамаларымен келген.
Сыр бойында орналасқан қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Сыр бойындағы қалалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ендігі кезекте осы бөлімдерге назар аударсақ. Алдымен Сырдария өзені жайлы. Сырдарияның Шаш деп аталғандығын жазған. Жергілікті халық Шаш өзені десе әл-Мустауфа 14 ғасырда Моңғолдар оны Гүлзариян деп атайтын еді дейді. Арабтар Сейхун деп атаған . Ал түріктер Сырдария немесе Сырсу деп атаған. Василий Владимирович Бартольдтің «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» атты кітабының 53 бетінде Сырдария өзені жайлы мәліметтер келген . Абу әл-Ғазида осылай атаған. Ибн Хауқал Сейхун өзені түрік елдерінен шығып ағады деп айтқан. Ибн Хауқалдың айтуынша таудан аққан бұл өзен Арал теңізіне барып құяды. Араб саяхатшылары Сейхун Жейхун өзені секілді, онда кемемен жүзуге болады дейді. Қыс мезгілдерінде ұзақ уақытқа өзеннің бетінде мұз қатады. Осы себепті өзеннің үстінен арбалар жүре беретін.
Сырдария мен Амудария Сейхун, Жейхун болмас бұрын Жаксартекс және Оксис деп аталған. Арабтар Сейхун, Жейхун атауларын яһудилерден алуы мүмкін деген болжам айтылады. Яһудилердің жазбаларында Писон және Гихон деген өзендер жайлы айтылады. Сейхун мен Жейхун осы сөздерге жақын болуы мүмкін, бірақ мағыналары белгісіз. Моңғол шапқыншылығы заманында Сейхун атауы қолданыста шығып, Сырдария деп атала бастаған.
Исбижаб қаласы. Шымкенттің шығысында 8 мил қашықтықта орналасқан қала. Исбижаб Арыс немесе Бадам өзендерінің бойында орналасқан. Исбижабқа байланысты Шуйлер өзінің «Түркістан» атты кітабында 1 том 75 бетте Исбижаб ол қазіргі Шымкент қаласы деп айтқан. «Тарихи Рашиди» кітабында Исбиджаб ол Сайрам деп жазылған. Бұл жазбаларды Британ музейі, парсы жазбалары, 24090 папкада орналасқан парсы қолжазбаларыда қуаттайды. Исбижаб таудың етегінде орналасқан. Тауға дейін небәрі 3 фарсах. Қаланың айналысында бау-бақшалар бар. Сырты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін 4 қақпа болған. Қаланың оралығында базар, әкімшілік, түрме және мешіт болған. Әл-Мақдиси қалада мақташылар базары болғандығын айтады. Базардағы дүкендер ай сайын жеті мың дирхам жинап, жетімдерге ішіп-жем, нан, азық-түлік тарататын болған. Исбиджаб қаласы Моңғол шапқыншылыған кейін Сайрам деп өзгертілген. Әли әл-Язиди Әмір Темір жорықтарында да бұл қаланы Сайрам деп атаған. Әли әл-Язиди өз жазбаларында Чимкент немесе Чимикент деген қаланы жазады. Әл-Мақдиси Чимукет деп жазған. Бұл қазіргі өзіміздің шырайлы шымкентіміз болуы мүмкін. Әл-Мақдиси Шымкент қаласы үлкен қоршаумен қоршалған, ішінде базар және мешіт болғандығын жазады.
Сейхун өзінінің шығысында Шымкент өзенінің төменгі жағында Бараб немесе Фараб қаласы болған. Кейінгі жазбаларда Отырар деп аталған. Әл-Мақадиси Бараб үлкен қала, 70 мың жауынгері бар. Қаланың ортасында қамал бар. Қалада үлкен мешіт және базар болған. Қазуини Фараб қаласында атақты мұсылман философы Әбу Насыр Әл-Фарабидің дүниеге келгендігін жазады. Дегенмен Ибн Хауқал Әл-Фараби Фараб қаласына қарасты Уәсиж елдімекенінде дүниеге келген дейді (Ибн Хауқал 510 бет.). Уәсиж Фарабтан екі фарсах қашықтықта орналасқан қоршауы бар, кішкене қалашық. Орталығында мешіті мен базары бар. Отырардан солтүстікке біркүндік жолды алатын Шауағир қаласы болған. Әл-Мақдиси Шауағир үлкен, көшелері кең, дуалдармен қоршалған қала. Орталығында базар және мешіт бар. Бірақ араб саяхатшылары Шауағир туралы айтпаған. Шауағир Ясси қаласы болуы мүмкін деген пікірлер бар.
Әли әл-Язиди Яссы қаласы туралыда жазған. Яссы (Иасы) қаласы кейін Хазірет Түркістан деп аталғандығын жазады. Яссы Қырғыз елдерінің басшыларының көмілген жерлері. Солардың ішіндегі шейхтерінің бірі дейді Әли әл-Язиди Ахмад әл-Ясси (Қожа Ахмет Йасауи). Ахмад әл-Ясси Мухаммад ибн әл-Ханифа ибн әл-Халифа Алидің немерелерінен болған. Бұл Шейх 12 ғасырда дүниеден өткен. 14 ғасырда Әмір Темір шейхтің қабіріне үлкен мешіт (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі) салдырған. Шейхтың қабірін зиярат ету үшін ұзақ жерлерден көптеген адамдар келеді. Ясси Шауағир немесе Шауағар депте аталған дейді кейбір саяхатшылар.
Ясси немесе Шауағирдан солтүстікке бір күндік жолды алатын Сауран немесе Сабран деген қала бар. Әл-Мақдиси бұл қаланың бірін-бірі қоршаған 7 дуалы болғандығын жазады. Қаланың орталығында үлкен мешіт болған. Әли Әл-Язиди Әмір Темірдің жорықтары кезінде қаланың Сабран деп аталғандығын жазады. Йақут қаланың қорғандары өте биік болған деп жазады. Әли Әл-Язиди Отырардан солтүстікке қарай 24 фарсах ұзақтықта Сығынақ қаласының болғандығын жазады. Сығынақ қыпшақтардың елдімекені болған. Бірақ бұл қала туралы алғашқы араб саяхатшылары жазған емес.
Солтүстікке Сығынақтан шамалы ұзағырақ Женд (Жент (қала)) қаласы болғандығын жазады. Алғашқы араб саяхатшылары мен Йақут Женд Түркістан аймағындағы үлкен мұсылман қаласы болғандығын жазады. 12 ғасырда Моңғол шапқыншылығы кезінде, қала моңғолдардың қолымен тас талқаны шыққан. Сол уақыттарда Арал теңізі Женд теңізі деп те аталған. Дегенмен жоғарыда көрсетілген арабша картада Арал теңізі «бахрул Хауарезм» яғни Хорезм теңізі деп жазылған екен. Осы бетте Сейхуннің Аралға құятын тұсында тағы бір қаланың болғандығы жайлы жазылған. Арабтар ол қаланы «әл-Қорйату «әл-жәдидә» яғни жаңа ауыл деп атаған. Сол заманда түріктер оны Янгикент немесе Янгишаһар деп атаған. Жент және Янгикент қалалары сол уақытта мұсылман қалалары болып есептелген.
Исбижабтың (Исфиджаб) солтүстік шығысында, 80 мил қашықтықта қазіргі Әулие-Ата қаласына жақын маңда Тараз қаласы болған. Тараз немесе әл-Тараз қаласының 10 ғасырда маңызы ерекше болған. Ибн Хауқал әл-Тараз Қарлұқ түріктерінен болған мұсылмандардың сауда қаласы болған дейді. Әл-Мақдиси қала өте үлкен әрі әдемі, бау-бақшалы, ғимараттарының терезелері көп болған деп жазады. Қаланың 4 қақпасы, сыртында үлкен ор болған. Қаланың кіреберісінде үлкен өзен, ішінде базар және мешіт болған. Әл-Қазуини сол уақытта айналадағы қалаларда тараздықтар секілді сұлу ерлер мен әйелдердің болмағандығын жазады.
Тараздың шығысында 100 мил қашықтықты Берке немесе Мерке (Меркі (Көне қала орны)) қаласы болған. Әл-Мақдиси қаланың қоршауы болған. Бұрын қалада христиандардың шіркеуі болған, кейін оны мешітке айналдырған дейді. Бартольд Тараз немесе Талас қаласында үлкен шіркеудің болғандығын жазады. 89 һижри жылы Таразға Исламның келуімен мұндағы үлкен шіркеу мешітке айналдырылған. Бұл мәліметтер Христиан діні бұл жерлерге Исламнан бұрын келген дегенді білдіреді. Меркенің батысында Тараздың жолында, бүркүндік жол қашықтықта Құлан елдімекені бар. Әл-Мақдиси: "Құлан қорғаны бар үлкен ауыл, орталығында мешіт болған" деп жазады.
Әбу әл-Фада 10-11 ғ. Түркістан хандығына қарасты Баласағұн қаласы жайлы жазады (Әбу әл-Фада, 505 бет.). Бұл қаланың нақты қай жерде орналасқандығын жазбаған. Ибн әл-Әсирде Баласағұн жайлы жазған. Әбу әл-Фада қаланың Қашғарға жақын маңда орналасуы мүмкін деген болжам айтқан. «Тарихул Ирақ» кітабында Баласақун деп келген. «Ғ» әрпінің орнына «қ» әрпі қолданылған.
Сыр бойындағы қалалар жайлы Гай Лэ Стрэнждің «The Lands of the Eastren Caliphate» (Шығыс Халифат елдері) атты кітабында келген мәліметтер осы. Біз тек қазақ жеріндегі қалаларға тоқтағанды жөн көрдік. Кітапта жоғарыды аталған қалалардан бөлек Шаш, Ош т.б. қалалар жайлы мәліметтер келген.
Араб тілінен аударып, құрастырған: Ұлықбек Алиакбарұлы http://kattani.kz/ Мұрағатталған 22 қарашаның 2011 жылы. сайтының администраторы, арабист, дінтанушы. 30.10.2011 жыл. © Ұлықбек Алиакбарұлы
Сыр бойындағы қалалар: кеше-бүгін
[өңдеу | қайнарын өңдеу]-
Йангикенттің орнынан табылған ыдыс-аяқтар. Қорқыт Ата мемориялы.
-
Түркістан, 1879 ж
-
Ежелгі Тараз қаласы
Дереккөздер:
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1. «The Lands of the Eastren Caliphate» Guy Le Strange 1905 жыл. «Булдан әл-Хилафа әл-Шарқийа» Гай Лэ Стрэнж. Араб тіліне аударғандар: Башир Френсис, Коркис Аууад. 2-басылым. Бейрут 1985 жыл.
2. Василий Владимирович Бартольд. (1869-1930). «Орта Азиядағы Түріктердің тарихы» Араб тіліне аударған Ахмад әл-Сағид Сүлеймен. Мысыр, 1996 жыл.
3. Василий Владимирович Бартольд. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии Мұрағатталған 28 қаңтардың 2012 жылы.
4. «Тарихул Ирақ, Хукумат әл-Мәғул» «Ирақ тарихы 1-том, Моңғол шапқыншылығы кезеңі». Аббас әл-Ғазауи. Бағдат, 1935 жыл.
5. بلدان الخلافة الشرقية / كي لسترنج / ط1 / سنة 1371 م بغداد
|
Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Гай Лэ Стрэнж |
- Guy Le Strange The Lands of the Eastern Caliphate: Mesopotamia, Persia, and Central Asia from the Moslem Conquest to the Time of Timur — Cosimo, Inc., 2011. — 576 б. — ISBN 1616405120.