Қарағанды

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Қарағанды
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Облыс орталығы

Облысы

Қарағанды облысы

Әкімі

Мейрам Мұратұлы Кожухов

Тарихы мен географиясы
Координаттары

49°48′ с. е. 73°07′ ш. б. / 49.800° с. е. 73.117° ш. б. / 49.800; 73.117 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°48′ с. е. 73°07′ ш. б. / 49.800° с. е. 73.117° ш. б. / 49.800; 73.117 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1931

Жер аумағы

550 км²

Биiктiкгі

553 м

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

515 625[1] адам (2023)

Тығыздығы

937,5 адам/км²

Ұлттық құрамы

қазақтар 47,63 %
орыстар 38,54 %
украиндар 2,73 %
татарлар 2,55 %
немістер 2,36 %
корейлер 1,44 %
белорустар 0,64 %
басқалары 4,11 % (2022 ж.)[2]

Конфессиялар

мұсылмандар, христиандар

Этнохороним

қарағандылық

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 7212

Пошта индекстері

100000-100030

Автомобиль коды

M

Қарағанды қаласының әкімдігі
 (қаз.) (орыс.)

Қарағанды картада
Қарағанды
Қарағанды
 Басқа мағыналар үшін Қарағанды (айрық) деген бетті қараңыз.

ҚарағандыОрталық Қазақстандағы қала, Қарағанды облысының орталығы. Қазақстан қалаларының халық саны бойынша Алматы, Астана, Шымкент және Ақтөбе шаһарларынан кейін 5-ші орында орналасқан. 1934 жылғы 10 ақпанда Қарағанды поселкесі ЖОАК Президиумының қаулысымен қала болып қайта құрылды. Қала аумағы 543,3 шаршы километрге тең. Қала халқының саны 2019 жылғы 1 қазан 496 701 адамды құрады[3]. Қалалық әкімшілікте 1 ауылдық елді мекен бар.

Этимологиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қaрaғaнды aтaлу себебi - "қaрaғaны қaлың өскен жер" мaғынaсынaн шыққaн.

1833 жылы көмірді тауып алған бақташы бала Аппақ Байжанов туралы аңыз ел аузында сақталған. XIX ғасырдың аяғында геологиялық зерттеулер жүргізіліп, XX ғасырдың басында көмір өндіру орыс көпестерімен басталса, соңында француз, ағылшын кәсіпкерлерімен жалғасты.

Алғашқы орыс қоныс аударушылары 1906 жылы Столыпин аграрлық реформасы бойынша келіп, Михайловка (Қазыбек би ауданы) ауылын құрды, содан кейін “Тихоновка”, “Зеленая балка” және “Новоузенка” құрылған болатын. Революциядан кейін ағылшындықтардың кетуіне байланысты көмір өндірісі уақытша тоқтатылды. Аумақтық құрылым жағынан, Ақмола облысы Ақмола уезінің Спасск болысының құрамына кірді.

1930 жылы көмір өндірісі белсенді түрде қайта басталып, жер аударған(тәркіленген) КСРО азаматтары мен олардың отбасыларына саз-балшықтан жартылай жер үй сияқты уақытша тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Жаңадан келген жұмысшылар мен мамандардың басым көпшілігі жаңа салынған Майқұдық, “Жаңа Тихоновка”, “Пришахтинский” ауылдарында қоныстанды. Бұрынғы ауылдарда да халық саны айтарлықтай өсті.

1931 жылдың 20 наурызында ҚазОАК (КазЦИК) бұйрығымен өз бюджеті бар Қарағанды жұмыс кеңесі құрылады, ол тікелей комитетке бағынатын болады. Орталығы кейін қала құрамына кірген “Большая Михайловка” ауылында болды. 1931 жылы шахталық Қарағанды кенті жұмыс ауылына айналады. 1930 бен 1931 жылы кеңес ауылының, кейін 1931-1932 жылы қала кеңесінің тұңғыш басқарушысы болып Қарағанды облысының Шет ауданының тумасы Кәрібоз Шектібаев (1897-1938) тағайындалады.

1934 жылдың 10 ақпанының БРОАК (ВЦИК) Президиумының қаулысы: 1. Қазақ АССР-нің төменде келтірілген елді мекендерді қалаға айналдыру: б) Қарағанды тас көмір бассейнін пайдалану жөніндегі мемлекеттік трест құрылысы аумағында пайда болған Қарағанды облысының Тельман ауданындағы елді мекен қалаға айналып, Қарағанды атауы берілсін.[4]

Ұлы Отан соғысы басталысымен мыңдаған қарағандылық майданға атсалысты.

1950 жылдары қалада екі апат орын алды - Ил-12 ұшақ күйреуі[5] және 4-Д зауытындағы жарылыс[6].

1974 жылы 66 кәсіпорын мен ұйымдар, оның ішінде 3 разрез бен 26 шахта “Қарағандыкөмір” өндіріс бірлестігіне қосылды.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ыдырауы қазақстандық шахтер астанасына қатты әсер етті - революциялық 1920-шы және әскери 1940-шы жылдардан кейінгі 1990-шы жылдар Қарағанды үшін XX ғасырда ең қиын уақытқа айналды. Еліміздің үшінші от жағушысы деп аталатын Қарағанды XXI ғасырдың басында КСРО кезінде өндірілген көмірдің аз ғана бөлігін өндіреді.

Географиясы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қарағанды ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Абсолюттық максимум, °C 5,5 7,0 22,3 29,9 34,8 39,1 39,6 40,2 37,4 26,5 18,4 11,5
Орташа максимум, °C −9,1 −7,9 −1,4 12,3 20,3 25,6 26,9 25,4 19,4 10,4 −0,5 −6,9
Орташа температура, °C −13,1 −12,5 −6 6,1 13,6 18,8 20,6 18,9 12,8 5,0 −4,5 −10,8
Орташа минимум, °C −17 −17 −10,5 −0,1 6,9 12,1 14,3 12,3 6,1 −0,3 −8,6 −14,8
Абсолюттық минимум, °C −35,6 −37,3 −33 −16,3 −8,8 −1,4 4,2 0,7 −6 −19,3 −38 −35
Жауын-шашын нормасы, мм 23,2 21,5 19,1 25,7 42,3 35,5 44,0 30,6 21,4 28,1 30,3 25,3
Дерекнама: Қарағанды ауа райы мен климаты

Ұлттық құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Есептілік деректер бойынша 2020 жылдың басына қалада тұратын халық санының 45,78 %-ы қазақтар, 39,89 %-ы орыстар, 2,91 %-ы украиндар, 2,62 %-ы татарлар, 2,49 %-ы немістер, 1,48 %-ы кәрістер, 4,84 %-ы басқа ұлт өкілдері.

Демография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2006 жылғы деректер бойынша халықтың 1000 тұрғынына жалпы коэффициенттер: туылу – 16,85 өлім – 13,89 табиғи өсім – 2,96

Қалада 01.01.07 жылға 10371 шаруашылық жүргізуші субъекті тіркелген, оның ішінде 92 ірі, 397 орта, 9882 шағын субъектілер.

  • 2007 жылғы 1 қаңтарда 453.4 мың адам
  • 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 471,8 мың адамды құрады. Әкімшілік-аумақтық құрылым екі ауданмен ұсынылған: 256,7 мың адам тұрғыны бар Қазыбек би атындағы аудан және 215,1 мың адам тұрғыны бар Октябрь ауданы (Қарағанды).

Қала аумағында 113 ұлттың өкілдері тұрады.

  • 2011 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тұрғындар саны 470 900[7]

Қарағанды қаласы халқының саны[8]

1959 1970 1979 1989 1991 1999 2004 2005 2006
397 083 523 271 571 877 613 797 608 600 436 864 428 867 435 953 446 139
2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015
453 271 459 187 459 778 465 178 470 890 475 370 478 952 484 510 492 162
2021 жылғы Ұлттық халық санағының қорытындысы бойынша халқының саны (1999, 2009, 2021)[9][10]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
436864 459778 508824 110,7 209795 235844 112,4 249983 272980 109,2

Негізгі экономикалық бағыт: энергетика; тамақ өнеркәсібі. Қаланың негізгі кәсіпорындары: «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды Маргарин зауыты» АҚ, «Эфес Қарағанды Сыра қайнату зауыты» АҚ ЖК, «Қарағанды конфеті» АҚ, Қарағанды металлоконструкция заводы «Имсталькон» АҚ филиалы, «Қарағанды Жылу» ЖШС. Өндірілетін өнімнің негізгі түрлері: электр энергиясы; жылу энергиясы; маргарин өнімі; сыра; конфеттер.

Ауыл шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін өсімдік шаруашылығы құрады. 2006 жылғы 1 шілдеге ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты бары: 20 ауыл шаруашылығы кәсіпорыны, 14,9 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылығы. Аймақта ауыл шаруашылық өнім өндіруге 10,3 мың гектар ауыл шаруашылық жерлер пайдаланылады, оның ішінде 3,0 мың га – егістік алқаптар.* 2006 жылғы астыққа 2,9 мың гектар ауыл шаруашылық дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның 0,1 мың гектарын дәнді дақылдар, 1,3 мың гектарын картоп, 0,5 мың гектарын көкөніс алады. 2006 жылы 0,1 мың тонна дән дақылдар, 23,5 мың тонна картоп, 12,5 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары, 0,7 мың тонна ет (тірі салмақта), 3,5 мың тонна сүт; 1991,0 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2007 жылғы 1 қаңтарға ірі қара мал саны 3,0 мың бас; қой мен ешкі – 1,1 мың бас; шошқа – 2,4 мың бас; жылқы - 0,1 мың бас; құс - 22,8 мың басты құрады.* Қалада 2006/2007 оқу жылы басына • 103 күндізгі жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді, онда 62917 оқушы оқиды, • 18 колледжде – 23427 оқушы, • 11 кәсіби-техникалық оқу орнында – 4567 оқушы, • 12 жоғары оқу орнында - 56222 оқушы оқиды. Қалада • 26 кітапхана, • 9 клуб типті мекеме, • кино көрсету қызметін жүзеге асыратын 7 ұйым, • 4 мәдениет және демалыс паркі, • 3 театр, • 2 мұражай, • 1 концерт залы, • бір хайуанаттар паркі жұмыс істейді. 2006 жылғы қаланың ірі және орта кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік саны 118844 адамды құрады, орташа атаулы еңбекақы - 34150 теңге. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 77505,5 млн теңгені құрады. 2006 жылы негізгі капиталға инвестициялар 49855,6 млн теңге сомасында игерілді, бұл 2005 жылғы көлемге 132,5%-ды құрайды. Кәсіпорындардың өз күштерімен орындаған мердігерлік жұмыстар көлемі 2006 жылы 21687,7 млн теңгені немесе 2005 жылғы көлемнің 140,7%-ын құрады. 2006 жылғы бөлшек тауар айналым көлемі (қоғамдық тамақтандыру қызметін есепке алмағанда) 131272,1 млн теңге шамасында құралды, қызмет көрсету көлемі (мемлекеттік басқару қызметінсіз) – 21379,2 млн теңге.

  • Бірінші ұлттық ауылшаруашылық санағының алдын ала қорытындылары бойынша

Қарағанды қаласының ескерткіштері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды қаласының көптеген ескерткіштері де туристерді қызықтыруы мүмкін. Олардың ішінде Абылай ханның ақылшысы, суырып салма ақын Бұқар жыраудың ескерткіші, қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ақын Абай Құнанбаев ескерткіші және тағы басқалары көз тартарлықтай.

Бұқар жырау ескерткіші (1668- 1781).

Бұқар жырау Қалқаманұлы ( 1668- 1781), ақын, жырау. Абылай ханның ақылшысы.

Абай Құнанбаев ескерткіші (1845-1904).

Ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы – Абай (Ибрахим) Құнанбайұлы Өскенбайұлы Шығыс Қазақстан облысы (бұрынғы Семей уезі) Абай ауданында (бұрынғы Шыңғыстау облысы) Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келді. Абай атақты Тобықты руының Ырғызбай деген тобынан тарайды. Ол ауыл молдасынан оқып жүрген кішкентай кезінен-ақ зеректігімен көзге түседі. Кейін ол Семей қаласында 3 жылдық медресе тәрбиесін алады.

2011 жылы 28 мамырда ескерткіш ашылды атақты фраза «Қайда-қайда? Қарағандыда!".[11]

2022 жылғы 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығы атындағы Қарағанды ​​этносаябағында «Ашаршылық құрбандарына» монументі ашылды.[12] Ол аштықты бейнелейтін жабық қазанның, сонымен қатар ер мен әйелдің бейнесінде жасалған.

Білім және ғылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қарағанды мемлекеттік университеті

Мемлекеттік ЖОО-лар Қарағанды өзінің мол жерасты байлығының арқасында өмірге келіп, өсімі тараған қала. Қарағанды облысының әкімшілік-орталығы. Петропавл-Шу темір жол бойындағы ірі темір жол стансасы, әуе, автомобиль қатынасының торабы.

Іргесі Қарағанды көмір алабының орталығындағы шахтерлер кенттерінің негізінде қаланды. Тұрғындарының тез өсуіне байланысты 1934 жылы қалаға, 1936 жылы облыс орталығына айналды. Сарыарқаның ұсақ шоқылы, сәл белесті жазығының орта тұсында, жазда тартылып қалатын Бұқпа өзенінің екі жағалауында орналасқан. Климаты айқын континенттік, қысы суық, ұзақ, қары жұқа, боранды; жазы ыстық, құрғақ, аңызақ желді. Қаланы сумен Нұра өзені, Ертіс-Қарағанды каналы, жер асты сулары қамтамасыз етеді.

Қарағандының 170 жылдық тарихы бар. Қараған көп өсетіндіктен қала «Қарағанды» деп аталған. Бұл жерден 1833 жылы Байжанов Аппақ тас көмір тапқан. Өтепов деген бай Қарағанды өңірін Н. Ушаковқа 250 сомға сатқан. Орыс кен кәсіпкерлері Ушаков пен Рязанов 1856 жылдан бастап Қарағандыдан көмір өндіре бастайды. Өндірілген көмір Спасск мыс қорыту зауытына тасылып тұрған.

Қазан төңкерілісінен кейін Қарағанды шахталары мемлекет меншігіне айналды. 1920-30 жылдары жүргізілген барлау жұмыстары мұнда көмір қорының мол екенін анықтады. 1929 жылы «Қазаққұрылыскөмір» тресі құрылды. Қарағандыда елдің үшінші көмір базасын салу туралы шешім шығарылды. Бұл Қарағанды көмір алабының дамуындағы жаңа кезең болды. Алғашқы бесжылдық жылдары Қарағандыда ірі көмір өндіру орталығы пайда болды. Оны салуға Донбасс кеншілері жан-жақты кәсіби көмек көрсетті. Шахталарды кен қазатын құралдар және жабдықтармен қамтамасыз етті. Қарағанды көмірін Оралға, Батыс Сібірге, Орта Азияға жеткізу үшін темір жолдар салынды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдары Қарағанды көмір алабы қорғаныс өнеркәсіптерін, теміржол көлігін қамтамасыз етті.

Өнеркәсібінің басты саласы – тас көмір өндіру. Олармен «Қарағандыкөмір», «Көмір-Инвест», «Трансэнерго» ЖШС-терінің ірі кәсіпорындары шұғылданады.Қарағанды ғылым, білім, мәдениет орталығы. Мұнда Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының Орталық Қазақстан бөлімшесі, 19 ғылыми-зерттеу және жобалау институттары орналасқан. Қарағанда мемлекеттік университеті, техникалық университет, медицина академиясы, ішкі істер Министрлігінің заң институты және әр саладан мамандар даярлайтын мемлекеттік емес 10 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 10 кәсіптік-техникалық мектеп, 7 колледж, 80 мектеп, 39 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 40 аурухана, 84 амбулатория мен емхана, 24 кітапхана, 3 мұражай, 6 мәдениет үйі мен клубтар, 2 драма театры, музыкалық комедия театры, филармония, цирк, спорт кешені, стадион, екі үлкен саябақ бар. Қаланың орталық бөлігінің архитектурасын жасағаны үшін авторлар-тобы (архитектор Э.Г.Меликов, С.И. Мордвинцев, М.О. Жандәулетов) Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығына ие болды (1978). Қалада Н.Ә.Әбдіровке ескерткіш орнатылды (1958), «Шахтер Даңқы» (1976) және 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары қаза болған қарағандылықтарға (1978), арналған монументтер қойылды. Қарағандыда әр түрлі білім орындары бар. Олар ҚарМУ ҚарМТУ ҚММУ ҚЭУ ҚУ Болашақ ҚЗИ және әр түрлі білімді мектептер қалыптасқан,олар НЗМ, сшод "Мурагер","Дарын", Ктл және тағы да басқа білімді мекемелер қалыптасқан. Қарағанды облысының білімі мен ғылым жоғары деңгейде .

Мәдениетте

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қарағанды қаласына Дәулет Ырысбайұлы Сәтибековтың "Қарағанды вальсі" деген әні арналған.[13][14]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. Қазақстан Республикасы халқының жекелеген этностары бойынша саны (2022 жыл басына)
  3. Қазақстан Республикасы халқының облыстар және астана, қалалар, аудандар, аудан орталықтары және кенттер бөлінісіндегі жынысы бойынша саны Мұрағатталған 26 қыркүйектің 2020 жылы.
  4. Об_утверждении_дополнительного_списка_городов_и_рабочих_поселков_Казакской_АССР
  5. Ил-12 Казахского управления ГВФ в аэропорту Караганды
  6. Взрыв_на_заводе_№_4ДВзрыв_на_заводе_№_4Д
  7. Информационный портал Аппарата акима города Караганды Мұрағатталған 22 қазанның 2011 жылы.
  8. City & town of Kazakhstan  (ағыл.). pop-stat.mashke.org. Тексерілді, 29 наурыз 2016.
  9. 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Мұрағатталған 8 желтоқсанның 2019 жылы.
  10. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  11. Памятник фразе "Где-где? В Караганде!" открыт в Казахстане (29 мамыр 2011).
  12. Қарағандыда қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш ашылды (31 мамыр 2022).
  13. Қара Дәулеттің қара өлеңі - Ortalyq.kz (kk-KK).
  14. Қарағанды қ. білім бөлімінің білім беру ұйымдары - Обложка - «Балақай» бөбекжайы шеруінің өткізілуі жайлы ақпарат.