Аягөз

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қала
Аягөз
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Абай облысы

Ауданы

Аягөз ауданы

Әкімі

Байахметов Бахытжан Какенхаджыұлы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

47°58′ с. е. 80°26′ ш. б. / 47.967° с. е. 80.433° ш. б. / 47.967; 80.433 (G) (O) (Я)Координаттар: 47°58′ с. е. 80°26′ ш. б. / 47.967° с. е. 80.433° ш. б. / 47.967; 80.433 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1931

Бұрынғы атаулары

Сергиополь, Аягуз (орысша транскрипциясы)

Қала статусы

1939

Климаты

шұғыл-континентті

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

42 272[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар, орыстар, ұйғырлар, татарлар, немістер және т.б.

Конфессиялар

мұсылмандар, христиандар

Этнохороним

аягөздіктер

Ресми тілі

қазақ тілі

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 (72237)

Автомобиль коды

18

Аягөз картада
Аягөз
Аягөз
Аягөз картада
Аягөз
Аягөз

АягөзАбай облысына қарайтын қала, Аягөз ауданының әкімшілік орталығы.

Қазақстанның шығысында, Аягөз өзенінің қос жағасында орналасқан. Стратегиялақ маңызы бар қала, қалада бірнеше әскери гарнизондар мен ПВО зымыранды әскери кешен орналасқан. Тоғыз жолдың торабы. Республикалық маңызды автожолдар мен Түркістан-Сібір магистралі өтеді: Алматы — Өскемен, Қарағанды — Аягөз — Боғаз. Қала үстінде бірнеше халықаралық әуе жолдарының қиылысы орналасқан.

Халқы және құрамы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2010 жылғы 1 қазанда өткен санақ бойынша ауданда 38 155 адам, соның ішінде қаланың өзінде — 37 593 адам тұрады.

Ұлттық құрамы (2010 жылдың 1 қаңтары бойынша):

2004 жылдың 28 мамырында Аягөзде Қазақстанның 15млн-шы тұрғыны саналуға құқығы бар 760 баланың бірі туған[2].

Халқының саны (2009, 2021)[3]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
37537 42351 112,8 18101 20980 115,9 19436 21371 110

Қаланың қазіргі атауы ауданнан ағып өтетін Аягөз өзеніне байланысты қойылған. Ғалымдардың пікірінше өзеннің аты түркілердің ай тайпасының атауы мен түркіше "өгөз" «өзен», яғни «ай руының өзені» дегеннен пайда болған[4]; ал халықта түркіше ая — «әдемі» және гөз/көз — «көз» деген нұсқа кең таралған.

Алғашқы естеліктер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Алғашқы естеліктер XVI—XVII ғасырларға жатады, бұл өңірде «қазақтың Ромеосы мен Джульеттасы» — «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу өмір сүрген». Қаланың іргетасы 1831 жылы қаланған. 18311860жж. округтік қала болып, қасында ағып жатқан Аягөз өзеніне байланысты «Аягөз» атанды. 1860 ж. соң Сергиополь, толығырақ айтқанда Семей облысы, кейін Жетісу облысы Лепсі уезі Сергиополь стансасы атанды. Қазіргі таңда Сергиопольдің орнында Мамырсу ауылы орналасқан. Қазіргі қала сол ауылдың маңында 1931 ж. станса жанындағы кент ретінде пайда болған, ал Түркістан-Сібір темір жолының құрылуына байланысты 1939 жылы қала статусы мен Аягоз атауын алды, ол атауы Қазақстан тәуелсіздігін алған соң қазақша транслитерацияға ұшырап «Аягөз» атанды.

Кеңестік кезең

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Теміржол қаланың дамуына зор үлесін қосты. Қалада телеграф, алғашқы мектептер салына бастады да, халық саны өсе бастады; Тепловоздар мен паровоздарға қызмет көрсететін мекемелердің құрылысы, ауылдар мен кенттерден жастардың топтасып келуіне жол ашты. Заманауи қалаға лайық орта пайда болды: бүкіл КСРО-ға танымал «Аягөз ет комбинаты», май зауыты мен тері өңдеу фабрикасы жұмыс істеді. Бұл өнімдердің жартысы КСРО-ның басқа аймақтарына жеткізілді. Содан кейін пима өндіретін зауыт, темір-бетон өнімдерінің зауыт, пивзавод өз жұмыстарын атқарды. Кейінірек қалада үлкен әскери гарнизон пайда болды. 70-ші жылдардан бастап қала дамуының шарықтау шегіне жетіп, Аягөзде белсенді құрылыс жұмыстары басталды, қала дамуының жоспары жасалды, бірақ бұлардың барлығына Кеңес одағының құлауы теріс әсерін тигізді.

Аягөз Сарыарқаның оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстанның оңтүстік бөлігінде орналасқан. Қалада шөлейт табиғат зонасы басым, Аягөз өзені ағады. Биіктігі теңіз деңгейінен 654м. Ең биік нүктесі қаланың шетінде, ал ең төмеңгісі Аягөз өзеніндегі теміржол көпірінің астындағы шұңқыр. Қала орографиясы әртүрлі: солтүстіктен қала төмеңгі релефте орналасқан. Оңтүстіктен қала белестермен қоршалған, қалаға төбелерден өтетін ирек жолмен кіреді. Шығыстан қарасақ қала төмен орналасқан сияқты болып көрінеді, өйткені Аягөз өзені дәл сол жерден кіреді. Ең төмеңгі жері - батыс, өзеннің ағып шығатын жағы, батыста таулы жерлер кездеседі, бұл аймақтағы таулар қаланың басқа жақтарына қарағанда биігірек.

Сағаттық белдеу

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аягөз қаласы, барлық Шығыс Қазақстан сияқты UTC+6 сағаттық белдеуінде орналасқан. 2004 жылдан бастап Қазақстанда жаздық уақытқа өту өз күшін жойған.

Аймақ климаты — шұғыл-континентті. Аудан шекарасы арктикалық бассейнге ашылған, алайда Үнді мұхиты әсерінен, Азияның таулы жүйелері арқылы бөлектелген.

Аягөздің ауа райын жергілікті гидрометеостанция тексереді. Орташа жылдық температура 3,5 °C құрайды. Жылдық экстремум темератураның қатты ауытқушылығы байқалады: қыста ол тіпті −45 °C жетеді, ал жазда +40 °C. Қаңтардың орташа температурасы −17°…−19 °С, шілденің +20°…−22 °С. Ауаның орташа жылдық салыстырмалы ылғалдығы — 66 %. Атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері 250—400 мм. Қар қазанның аяғы мен қарашаның басында жауады да, сәуірге дейін жатады. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 2,4 м/с құрайды. Аягөз әжептәуір желді қала. Қыста бұл жел болмашы жиырмаградустық суықта климаттың қатаңдығын айтарлықтай күшейтеді. Температура −30° төмен болғанда дауылдық ескерту жарияланып, мектептерде сабақтар болмайды. Абсолютті минимум ол −51 °С, абсолютті максимум — +42 °С.

Климат
Аягөз климаты
Көрсеткіш Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жыл
Абсолютті максимум, °C 5 7 24 33 38 40 42 42 39 30 22 8 42
Орташа максимум, °C -11 -10 -2 12 22 27 29 27 20 11 -1 -9 10
Орташа температура, °C −15 −15 −7 6 14 20 22 19 12 4 −5 −12 4
Орташа минимум, °C −21 −21 −14 −1 7 12 15 12 6 −1 −10 −18 −3
Абсолютті минимум, °C −51 −45 −39 −26 −10 −1 4 −1 −8 −21 −49 −46 −51

Аягөз — Қазақстанның маңызды автомобиль, теміржол және әуе жолдарының бірі.

Аягөз өзенінен 3 көпір өтеді: 1 теміржолдық, 2 автомобильді (олардың бірі «жаңа» деп аталады).

Автомобиль жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Қала республикалық маңызы бар жолда орналасқан: Оңтүстіктен солтүстікке қарай А-350 трассасы Алматы — Өскемен, ал батыстан шығысқа — А-345 трассасы Карағанды — Аягөз — Боғаз өтеді. Қаладан күн сайын мыңдаған автомобильдер өтеді. Жол торабына өткенде Аягөз Шетел-Есірткілер МАИ бекеті орналасқан, өйткені бұл жолдар Ресей мен Орта Азия елдерін және Қытайды қосады. Қала Қазақстанның басқа облыстарымен (Павлодар, Алматы) және Алматы, Өскемен, Семей, Павлоар, Талдықорған, сонымен қатар Шығыс Қазақстанның ауыл-аудандарымен автобусты байланыста. Қалалық транспорт автобустармен ұсынылған, қалада барлығы 14 бағыттағы автобус бар. Олар қаланың бірінші шетінен екінші шетіне дейін айналып жүреді. Олардың барлығы «Автобус паркі» ЖШС-не қарайды.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан Республикасы халқының жынысы және жергілікті жердің типіне қарай саны (2023 жылғы 1 қаңтарға)
  2. Пятнадцать миллионов — не предел(қолжетпейтін сілтеме)
  3. 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
  4. Географические названия мира: Топонимический словарь. /Е. М. Поспелов; отв.ред. Р. А. Агеева. — 2-е изд., стереотип. — М.:Русские словари, 2002 ISBN 5-17-001389-2 ISBN 5-271-00446-5 ISBN 5-93259-014-9

Пайдалы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

http://ayagoz.kz/ http://ayaguz.narod.ru/ http://ayagoz.coolkaz.kz Мұрағатталған 18 қыркүйектің 2012 жылы.