Мазмұнға өту

Өзкент

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Өзкент, Өгізкент – ортағасырлық қала.

Өзкент
Қазіргі жері

 Қазақстан, Қызылорда облысы

Орналасуы

43°44′09″ с. е. 67°04′57″ ш. б. / 43.73583° с. е. 67.08250° ш. б. / 43.73583; 67.08250 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°44′09″ с. е. 67°04′57″ ш. б. / 43.73583° с. е. 67.08250° ш. б. / 43.73583; 67.08250 (G) (O) (Я) (T)

Өзкент (Қазақстан)
Өзкент


Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Ақжол ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 10 км жерде. Ортағасырлық араб деректерінде Сырдарияның сол жағалауындағы сауда орталықтарының бірі болған қала ретінде жазылған. Қалашықты алғаш 1900 жылы В.А. Каллаур, 19691970 жылдары Отырар археологиялық экспедиция (жетекші К.Ақышев), 2004 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тұран археологияылық экспедиция (жетекші М.Елеуов) зерттеген. Қаланың жобасы көпбұрышты, мықты қорғаныс қабырғасымен қоршалған. Сол қабырғалардың бойында 15 күзет мұнара орындары сақталған. Қалашықтың өлшемі солтүстіктен оңтүстікке қарай 250 – 300 м. Қорғаныс қабырғасының сыртынан айналдыра қазылған ордың тереңдігі 2 м, ені 10 м шамасында. Қалаға кіретін қақпаның орны шығыс шетінде орналасқан, оның ені 8 – 10 м. Зерттеу барысында табылған заттар қаланың 8 – 12 ғасырларда өмір сүргендігін көрсетеді.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы"