Электр қозғалтқышы
Электр қозғалтқышы – электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіруге арналған машина.
Оның тұрақты және айнымалы токқа арналған түрлері бар. Айналыс жиілігін тиімді әрі бір қалыпты етіп реттей алатындағы тұрақты токқа арналған электр қозғалтқышының артықшылығы болып есептеледі. Айнымалы токтың электр қозғалтқышына синхронды электр қозғалтқышы (айналыс жиілігі қоректенетін ток жиілігіне байланысты болатын электр қозғалтқышы), асинхронды электр қозғалтқышы (жүктеме шамасы артқанда айналыс жиілігі кемитін электр қозғалтқышы) және коллекторлы электр қозғалтқышы жатады. Тәжірибеде асинхронды электр қозғалтқыштар кең тараған. Мұндай қозғалтқыштың құрылысы қарапайым, жұмысы сенімді болып келеді. Асинхронды электр қозғалтқышының негізгі кемшілігі: реактивті қуатты көп пайдаланады. Айналыс жиілігін бірқалыпты етіп өзгерту қажет болған жағдайда тұрақты токтың электр қозғалтқышы кейде айнымалы токтың коллекторлы электр қозғалтқышын пайдаланылады. Электр қозғалтқышының қуаты ваттың ондық үлесінен ондаған Мвт-қа дейін жетеді. Электр қозғалтқышы өнеркәсіпте көлікте, тұрмыста және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |