Чад

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Координаттар: 15°16′00″ с. е. 18°41′00″ ш. б. / 15.26667° с. е. 18.68333° ш. б. / 15.26667; 18.68333 (G) (O) (Я)
Чад Республикасы
фр. République du Tchad
араб.: جمهورية تشاد
Jumhūriyyat Tshād
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Unité, Travail, Progrès"»
Әнұран: «La Tchadienne»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 11 тамыз 1960 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері Француз тілі жəне Араб тілі
Елорда Нджамена
Ірі қалалары Нджамена, Мунду, Сарх
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті Идрис Деби
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 20-шы орын
1 284 000 км²
1,9
Жұрты
• Сарап (2015)
• Санақ (2009)
Тығыздығы

13 670 084 адам
11 039 873 адам
8,6 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

30 млрд.[1] $ (123-ші)
2,428[1] $ (150-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

11 млрд.[1] $ (130-шы)
890[1] $ (151-ші)
АДИ (2017) 0,404[2] (төмен) (186-шы)
Валютасы КФА BEAC Франкі
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .td
ISO коды TD
ХОК коды CHA
Телефон коды +235
Уақыт белдеулері UTC+1 және Africa/Ndjamena

Чад (ағылш. The Chad; французша: Tchad, Арабша: تشاد‎ Tšād), [ˈtʃæd]), толық атауы Чад Республикасы ( французша: République du Tchad, جمهورية تشاد, Jumhūriyyat Tshād) — Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Астанасы - Нджамена. Ашық мұхитпен шектеспейді. Батысында Нигер, Нигерия, Камерун, оңтүстігінде Орталық Африка Республикасы, шығысында Судан және солтүстігінде Ливиямен шектеседі. Халқы 16 935 318.

Отарлауға дейінгі кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

6 мың жыл бұрын қазіргі Ташад жерінде аңшылықпен айналысқан негроидтар мекен еткен.

Б.з. IX ғасырында Ташад көлі маңында Канем мемлекеті пайда болды. XII—XIII ғасырлар аралығында, солтүстігінде Тибест үстіртінен бастап Ташад көлінен оңтүстік аудандарына дейін созылып жатқан.

XI ғасырдан бастап араб исламдануының енуі басталды, оны алғашқында Канемнің басқарушы топтары қабылдаған.

XIV ғасырдың соңына қарай Канем мемлекеті өмір сүруін тоқтатты. XVI ғасырда Ташад көлінен шығыста Вадаи, оңтүстігінде Багирми мемлекеттері құрылды. Олар өзара және көршілес елдермен соғыстар жүргізіп отырды.

XIX ғасырдың ортасында Вадаи және Багирми екеуі де Раббаха мемлекетінің құрамына кіреді.

Француздардың Ташадты отарлауы.

Отарлық кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1899 жылы Франция Ташад көлі ауданын отарлай бастады. 1900 жылдың сәірінде француздар Раббах әскерін талқандап жеңеді. Бұл аудан Францияның иелігі деп жарияланды. Ал 1904 жылдан бастап Убанги-Шари отары құрамына еңгізілді.

Қазіргі Ташадтың аудандарын отарлауды француздар 1914 жылға дейін жалғастырды. 1920 жылы әскери әкімшілікті азаматтыққа ауыстырды. Әкімшіліктің негізін католик дінін қабылдаған сара тайпасы болды.

Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде одақтастар Ташад аумағынан неміс-италиан әскерлеріне қарсы әскери шаралар ұйымдастырып отырған. 1941 жылы Ливия-Италия әскерлеріне қарсы француздардың әскери колоннасы қарсы аттанды, сонын қатарында Ташадтық жауынгерлер де болған. 1946 жылы Ташад Францияның теңіздік отары деп танылды. 1958 жылдың қарашасында Француз қауымдастығы құрамындағы автономиялық республика статусын алды.

Тәуелсіздік кезеңі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1960 жылдың 11 тамызында Ташад тәуелсіздігін алды. Ташадтың президенті және премьер-министрі болып Прогрессивті партиясының басшысы Франсуа Томбалбай болды. 1962 жылы Томабалбай өзінің партиясынан басқаларына тиым салды.

Томбалбай елдің барлық экономикасын өз бақылауына алды - кәсіпорындарды мемлекеттендерді. Осы бақылауды бекіте түсу үшін 1964 жылы әскериленген - "Ташад жастарының қозғалысы" атты ұйым құрды.

1960 жылдары президент жүргізіп отырған экономикалық және әлеуметтік саясатқа қарсы Ташадтың солтүстік аудандарында халықтың қарсы шығуы орнады. 1966 жылы партизандық - Ташадты азат етудін ұлттық Майданы құрылды. Оның басты мақсаты - Тобалбайды орнынан кетіру. Партизандармен күресу үшін 1968 жылы президент Ташадқа француз әскерін еңгізуді сұрайды.

1970 жылдардың басында көп жылдық құрғақшылық пен партизандарға қарсы соғыстардың әсерінен елдің экономикалық жағдайы нашарлай түсті. Мал басы екі есе азайды. Ауылшаруашылық өнімдерін шығару күрт қысқарды. Елдің коптеген аудандарында халық аштыққа ұшырады.

1975 жылдың сәуірінде әскери төңкеріс болып, Томбалбай өлтірілді. Билікті бригадалық генерал Феликс Маллуму қолына алды. әскери хунта орнады. Солтүстік пен оңтүстік арасындағы соғысты тоқтату үшін, үкімет басшысы орнын партизандардың жетекшісі -- Хиссен Хабре ұсынды.

1979 жылдың ақпанында Маллума мен Хабренің әскерлері арасында әскери қақтығыс орын алды. Осы жылдың наурыз айында Ташадты азат етудін ұлттық Майданы басшысы - Гукуни Уэддей билікті басып алды. Маллум мен Хабре жоғарғы биліктен алшақтатылды.

1980 жылдың желтоқсан айында Ливия өзінің әскерлерін елге еңгізді. Ливия басшысы Муаммар Каддафи мен Уэддей екеуі біріккен Ливия-Чад мемлекетінің құрылғандығы туралы жариялады. 1981 жылы Ташадқа африкаарылық әскерлер (Нигерия, Заир, Сенегалдан) жіберілді, бірақ та Ташадтағы азаматтық соғыс жалғасып жатты. 1987 жылы Хабре әскерлері Уэддей мен ливиялықтар әскерлерін талқандайды.

1990 жылы Хабре әскерінің бұрынғы қолбасшысы, генерал Идрис Деби әскерлері Нджаменаға кіреді. Деби ұзақ жылдар бойы Ташадтың президенті болады. 1991 жылдың қазанында саяси партияларды құру туралы жарлыққа қол қойылды. 1993 жылы өткен Ұлттық конференцияда өтпелі кезеңнін Хартиясы қабылданды. Бұл Хартияда елді саяси реформалаудын бағыты көрсетілген. Жоғарғы өтпелі кеңес және өтпелі үкімет құрылады. Көппартиялық сайлау өткенше Деби президент болып қала берді. Жаңа конституцияны дайындау туралы шешім қабылданды. Алғашында Өтпелі кезең бір жылға орнатылған, бірақ бірнеше рет ауыстырылып, 1996 жылдың сәуіріне дейін сақталынды. Бұл жағдай елге әлі де болса тыныштық әкелмеді: қарулы қақтығыстар, әртүрлі әскери-саяси топтардың күресі жалғасып жатыр. 1996 жылдың 31 наурызында өткен референдумда жаңа конституция мақұлданды. Осы жылдың жазында өткен бірінші президенттік сайлауда билікті Деби сақтап қалды. 2001 жылдағы сайлауда да ол орнында қалды.

Аумағының көп бөлігі жазықтық. Солтүстік аудандары Сахараны қамтиды. Солтүстіктегі Тибести үстіртінде елдің ең биік нүктесі - 3415 м. Солтүстік-шығысында Эрди және Энеди ( биіктігі 1450 дейін), оңтүстік-шығыста - Вадаи (1666 м-ға дейін) шоқылары орналасқан.

Елдің солтүстігінің климаты - шөлді тропикалық, оңтүстікте - экваторлық-муссондық.

Солтүстікте тұрақты өзендер жоқ. Оңтүстікте өзен торы жиірек келеді. Ташадтың басты өзені --- Шари. Ташад көліне барып құяды. Кеме жүзуге болады. Жаңбырлар кезеңінде өзендер арнасын шығып, үлкен аудандарды басып қалады. Ал құрғақ кезеңде, керісінше, кішірейіп кетеді.

Шари өзенінің көрінісі
Ташад үш аумақтан тұрады, оңтүстік - Судандық саванна, солтүстік - Сахара шөлі, және орталық ауданы - Сахель.

Сахара жағындағы солтүстік ландшафтында тасты шөлдер немесе құмды шөлдермен алмасып келеді. Өсімдік жамылдығы жұтан (тамарикс, акациялар, түйе тікен). Жазираларда - бидай, жүзім, финикия ағаштарын өсіреді. Экваторға жақындай келе, шөлейт пен саванналарда шөп жамылғысы мен бұталар, дум пальмасы, баобабтар өседі. Оңтүстікте саванналар мен ормандар таралған. Өзен мен көлдер жағасында жайылмалы шөптесін болоталар.

Шөлдер фаунасы кедей. Саваннада ірі сүтқоректілер - пілдер, мүізтұмсықтар, буйволдар, керіктер, антилопалар бар. Жырқыштардан. арыстандар, шакалдар, гиеналар. Шари өзенінің жоғарғы ағысында маймылдар (павиандар мен колобустар) кездеседі.

Халық саны — 16,9 млн

Ташадтық кішкентай қыз

Жылдық өсім — 2 %.

Туылу — 1000-ға 40;

Өлім — 1000-ға 16 (бала өлімі — 1000-ға 97);

Эмиграция — 1000-ға 4;

Орташа өміп сүру ұзақтығы — ерлер 47 жас, әйелдер 49 жас;

Ірі халықтары: сара (28 %) және арабтар (12 %), жалпы 200-ден астам этникалық топтар бар (1993 жылдың санағы бойынша).

Тілдері — француз және араб тілдері ресми, оңтүстікте сара тілі таралған, елде жалпы 120 тіл мен диалект бар.

Діні - мұсылмандар 53,1 %, католиктер 20,1 %, протестанттар 14,2 %, анимисттер 7,3 %, басқалары 2,2 %, атеистері 3,1 % (1993 жылдың санағы бойынша).

Сауаттылығы — ерлерде 40 % және әйелдерде 12 % (2000 жылғы көрсеткіш).

Қала халқы — 27 % (2008 жылы).

Ұлттық мейрамдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1-қаңтар — Жаңа жыл

жылжымалы уақыт — Табаски (құрбан-байрамның африканша атауы)

жылжымалы уақыт— Таза дүйсенбі

1-мамыр — Еңбек күні

11-тамыз — Тәуелсіздік күні (1960)

жылжымалы уақыт — Рамазан

1-қараша — Бүкіл әулиелер күні

28-қараша — Република күні

1-желтоқсан — Бостандық пен демократия күні

25-тамыз — Рождество

Пайдалы қазбалары — мұнай, боксит, уран, алтын, бериллий, қалайы, тантал, мыс.

ЖІӨ жан басына шаққанда 1,6 мың АҚШ доллары (әлемде 196-шы орын). Кедейшілік деңгейінен төмен халықтың 80 % өмір сүреді. Ташад сыртқы көмек пен инвестицияларға мұқтаж.

Жыл ЖІӨ (млрд доллар) Инфляция (пайыз)
1980 0,652 8.7
1985 0,869 5.1
1990 1,614 0.5
1995 1,446 5.4
2000 1,389 3.8
2006 6,006 3.0

Экономикада ауылшаруашылық секторы басым (ЖІӨ-ның 57 %) келеді. Жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ы натуралды шаруашылық жүргізеді. Көбіне мал (қой, ешкі, түйе) және сорго, тары, арахис, күріш, картоп өсірумен айналысады.

Ташад әйелдері. Ташадтың басты проблемаларының бірі - су жетіспеушілігі.

2003 жылдың аяғынан бастап мұнай өндіру басталды. 2004 жылы алғаш рет экспортқа шығарылда. Мұнай саласында Қытай және АҚШ компаниялары қызмет етеді.

Өнеркәсіп — мұнай өндіру, мақта және ет өңдеу, сыра қайнату, сабын мен темекі шығару.

Сыртқы сауда

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Экспорт — 4,3 млрд АҚШ долл., 2008 жылы — шикі мұнай, мал, мақта.

Басты сатып алушылар — АҚШ 90,1 %, Тайвань 2,9 %, Жапония 2,2 %, Франция 1,5 %.

Импорт — 1,9 млрд АҚШ долл., 2008 жылы — өнеркәсіптік өнім, азық-түлік, текстиль.

Басты сатушылар — Франция 17,6 %, Камерун 14,8 %, Қытай 9,9 %, Украина 9,6 %, АҚШ 7,7 %, Германия 5,6 %.

Ішкі саясат

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Мемлекет басшысы — президент, сонымен қатар қарулы күштердің бас қолбасшысы болып табылады. 2005 жылдың 6-маусымда Конституцияға еңгізілген өзгертулерге сай, президент жалпы тікелей және құпия дауыс беру арқылы 5 жылға сайланады. Президенттікке ұсыну шектелмеген. Қазіргі президент — генерал-лейтенант Идрис Деби.

Заң шығару орган - Ұлттық жиналыс. Құрамы — 155 депутат, жалпы тікелей және құпия дауыс беру арқылы 4 жылға сайланады. Конституциядағы соңғы өзгерістерге сәйкес парламенттің жоғарғы палатасы Сенат қызметі тоқтатылған.

Ішкі саяси жағдайы тұрақсыз келеді. Елдің араб және африкан халықтары арасындағы қарулы қақтығыстар және өздері іштерінде де әлеуметтік, экономикалық, саяси мүдделеріне байланысты қақтығысып отырады. 90 жылдардан бастап үкіметке қарсы бірнеше топтар бар болды. Кейде тікелей қақтығыстарға шығып, кейде келісімдерге келіп отырады. Ірі оппозициялық қозғалыстар «Демократия мен даму үшін Біріккен күштер», 90 жж. ірі және күштісі болған. Олар Хабре жақтастарын қолдаған. «Федералды республика үшін қарулы күштер» оңтүстіктердің мүддесін қолдауға бағытталған. «Әділдік пен демократия үшін Ташадтық қозғалыс», мемлекеттік басқару аппаратында солтүстік этникалық топтардың басым болуын қолдайды. Елдің шығысын Суданның Дарфурдағы қақтығысына байланысты тұрақсыз болып отыр. Осыған байланысты Ташадқа 200 мың босқындар келген; сонымен қатар Ташад аумағында дарфурлық көтерілісшілердің базалары орналасқан, және керісінше Ташадтық көтерілісшілер де Дарфурда тығылып тұрады.

Сыртқы саясаты

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

XX ғасырдың 70-80 жж. Ташадтың сыртқы саясаты көршілес елдермен болып тұрған жанжалдарды шешуге бағытталған. Олар көбіне соғыстармен аяқталып отырды.

Ташадтың Вашингтондағы елшілігі

Тәуедсіздік алысымен де Ташадтың сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділік жойылмады. Ол қаржыларды көбіне Еуропа елдері беріп отырады. Сонын ішінде АҚШ және Франция. Бұл елдің сыртқы саясатын анықтауға әсерін тигізді.

Көршілес елдермен қатынастары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Көршілес елдермен қатынастары әртүрлі. Ташад үкіметі Ливия және Суданмен шекараларын қорғауға көп көңіл бөлуде. 1987 жылдың 2 қаңтарында Фаду үшін соғыс болып өтті, бұл ливия-ташад соғысындағы шешуші ұрыс болған. Бірақ та Ливиямен келісімге тек 1997 жылы ғана қол қойылды. Осыған қарамастан екі ел арасындағы қақтығыстар болып тұрады. Орталық Африка Республикасымен де проблемалар туындап отырады. 2002 жылы осы елдер арасында шекараның бірнеше жерлерінде қақтығыстар орын алды.

1995 жылдың қаңтарында мұнайды бірлесіп өндіруге байланысты Камерунмен келісімге қол қояды. Осыған негізделе Камерун аумағы арқылы мұхитқа шығатын мұнай құбыры тартылды. Осы жобада ірі мұнай компанияларынан (Exxon Mobile) басқа Халықаралық банк те қатысты.

Денсаулық сақтау

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Денсаулық сақтау саласының жағдайы нашар болып тұр. Инфекциялы және паразиттік аурулардын таралуы. Таза ауыз судың жетіспеушілігі ( халықтың 27 %-ы тұрақты түрде сумен қамтылған) жұқпалы аурулардын таралуын көбейтеді. Орташа өмір сүру жасы — 48 жас. 2000 жылы медициналық қызметі халықтын 29 %-ын қамтыған, денсаулық сақтауға шығындар ЖІӨ-нің 3,1 %. 2003 жылы ЖИТС-пен ауырғандар саны 200 мың болған. 18 мыңға жуығы қайтыс болған. Бұл аурудың өсу қарқыны 4,8 %-ды құрады. Дәрігерлер шетелде және Нджаменаның медициналық университетінде дайындалады. Емдеу орындары тек ірі қалаларда ғана бар.

Білім беру

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

1920 жж. Ташадтың оңтүстігінде ашыла бастаған протестанттық мектептермен бірге батыстық білім беру беру келді. Отарлық әкімшілік талаптарына сай, бүкіл мектептерде сабақтар француз тілінде өтулері керек болатын. Мемлекеттік субсидилер арқылы стандартты оқу жоспары көпшілікке қол жетімді болды.

Ташадтағы білім беру бастауыш деңгейінде жүргізілді. 1942 жылға дейін орта білім алғысы келетін студенттер Браззавильге барулары керек болатын. Мемлекеттік орта мектептер 1942 жылы ашыла бастады. Бірақ мектептік бағдарлама 1950 жж. ортасына дейін сертификатталмаған болатын.

Тәуелсіздік алысымен бастауыш білім міндетті болды. Мектепке бару 12 жасқа дейін болатын. Елдегі барлық мектепрді сертификаттау қиынға соқты. 1960 жж ортасына қарай 6 мен 8 жас аралығындардың 17 %-ы мектептерде оқыды. Ташадтағы тұңғыш мұсылман мектебі — Ecole Mohamed Illech, 1918 жылы қаланған.

Үкіметтің істеріне қарамастан, білім деңгейі төмен деңгейде болды. 1971 жылы 15 жастан үлкен ерлердің 88 және әйелдердің 99 пайызы жаза, оқи немесе французша (сол кездегі мемлекеттің жалғыз ресми тілі) сөйлей алмады; араб тілін білу 7,8 пайыз болды. 1982 жылы жалпы сауаттылық 15 пайызды құрады. Білім берудің дамуына басты кедергілері ретінде: қаржыландырудың аздығы және мұғалімдердің санының шектеулігі бар. Кейбір сыныптарда 100-ге жуық оқушылар оқиды. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда мұғалімдердің квалификациясы төмен болды.

1970-ші және 1980-ші жж. арасында білім берудегі проблемаларды шешуде алға жылжыды. Бастауыш мектеп мұғалімдерін дайындайтын бағдарлама жасап шығарылды. Орта мектептерде мұғалімдер саны арта түсті. 1971-1972 жж арасында Нджаменада университет ашылған болатын.

Алда тұрған басқа проблема, француздар жасап кеткен оқу бағдарламалары тиімсіз болды. Бастауыш мектептерде сабақ беру француз тілінде жүргізілді, алайда жаңа мектепке келген ташадтықтар ол тілде сөйлей алмайтын. Соныен қатар француздар дайындаған академиялық бағдарламаларда елге керек емес мамандықтарға дайындаған. 1960 жж басында үкімет осы мәселелерді шешуге тырысты. Француздық классикалық оқу беру жүйесі жаңасына өзгертілді.

Білім беру жүйесіндегі бүкіл жетістіктерді Ташадтағы азаматтық соғыс жоққа шығарды. Соғыс салдарынан білім беруге бөлінетін қаржы күрт қысқарды.

Соғыс бітісімен білім беру жүйесін жандандыруға көшті. Жаңа мектептер салына бастады. 1984 жылы Ташадтың университеті қайта жұмысын бастады. 2005 жылы қайта азаматтық соғыс басталды. Қарулы күштерге қаржыландыру арттырылып, басқа салаларды қаржыландыру тоқтатылды.

Унианга Серир көлі, Ташад

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. a b c d Chad. International Monetary Fund.
  2. Chad. Human Development Indices and Indicators: 2018 Statistical Update. UNDP.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]