Хуан Боскан
Хуан Боскан Альмогавер (ис. Juan Boscán Almogáver, каталон тілінде: Joan Boscà i Almogàver, 1490 ж., Барселона — 1542 ж. 21 қыркүйек, Перпиньян) — испандық жаңашыл ақын.
Өмірбаяны
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Бай отбасыдан шыққан, әкесінен ерте айырылған (1492 ж.). Жоғарғы білім алған. 1507 жылдан бастап Католиктік патшалар сарайында, кейінірек Карлос I сарайында қызмет етті. 1522 жылдан бастап Альб герцоктің тәлімгері болып кызмет етті. Сарайда Диего Уртадо де Мендосоймен достасты. Олар достық жолдаумен айырбастасты, екеуі де испандық поэзияның маңызды тұлғалары болды.
1530 жылы Родос аралында түріктермен соғысты, 1532 жылы Венада соғысты. Италияда испан елшісі болды, ол жерде Гарсиласо де ла Вегамен танысты.
Шығармашылығы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Аузиаса Марканың поэзиясы Босканға бедел мен бағдар берді. Венецияның испандық сарайындағы атақты елшісі Адре Наваджераның әсерімен Боскан италияндық лирика мен Петрарка дәстүрлеріне бет бұрды. Испандық поэзияны күрделі өлеңмен байытты, ол өлең сонетта, терцина, октава формасымен жасалды.
«Геро және Леандр» поэмасында Боскан ежелгі грек сюжеттерінен үлгі алды. Бальдассар Кастильонің «Сарай жайлы» деген диалогын аударды (1534 ж.). Ол басылым өте үлкен табыс алып келді. Боскан Гарсиласоның шығармасын өнімге дайындады, бірақ ойлағанын соңына дейін жеткізе алмады. Оның бастағанын жоғары білім алған әйелі Ана Хирон де Ребольедо аяқтады. Ол Барселонада екі автордын да шығармалар жинағын басып шығарды (1534 ж.).
Орыс тіліндегі шығарылымдары
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Поэзия испанского Возрождения/ Сост. и коммент. В. С. Столбова. М.: Художественная литература, 1990, с.66-77
- Сонет в переводе Валерия Перелешина.[1]