Мазмұнға өту

Уикипедия:Жоққа шығару

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лақап:
УП:ЖШ
УП:×

Жоққа шығару — беттегі жасалған кейбір өзгерістерді өшіріп, алдыңғы нұсқасына қайтару процессі.

Өзге қатысушының өңдеуін жоққа шығарған кезде өңдеулер қақтығысы ережесін басшылыққа алып және мүмкіндігінше түйіндемесіне себептерін жазған жөн.

Өңдеуді қалай жоққа шығарады?

Жоққа шығару, көбіне, вандализмдік өңдемелерді жою үшін қолданылады, мұны Уикипедияның кез келген қатысушысы жасай алады.

Ең алдымен беттің өңдеу тарихына өту керек, нұсқаларды салыстыру үшін «соң.» сілтемесін қолдана отырып, дәл қандай өңдеу вандалды болғанын анықтап алу қажет.

Егер вандалды өңдеу тек бір ғана болса, онда жай ғана жанында тұрған сілтемені (жоққа шығару) шертіңіз:
  • (ағым.) (соң.) о о 15:25, 2011 ж. қазанның 10 Вандал (Талқылауы | үлесі) (102 байт) (жоққа шығару)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:21, 2011 ж. қазанның 10 Қатысушы (Талқылауы | үлесі) (5024 байт) (жоққа шығару)


Егер бірнеше вандалды өңдеу болса, онда радиотүйменің сол жақ бағанасын белгілеп — соңғы жақсы нұсқасын, оң жақтағысын белгілеп – соңғы жарамсыз нұсқасын анықтап, «Таңдалған нұсқаларды салыстыру» басқышын басыңыз:
  • (ағым.) (соң.) о о 15:27, 2011 ж. қазанның 10 Вандал2 (Талқылауы | үлесі) (85 байт)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:25, 2011 ж. қазанның 10 Вандал (Талқылауы | үлесі) (102 байт)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:21, 2011 ж. қазанның 10 Қатысушы (Талқылауы | үлесі) (5024 байт)

Кейін нұсқаларды салыстыру бетінде кестенің оң жақ жоғарғы бұрышындағы сілтемені (жоққа шығару) шертіңіз.


(Жоққа шығару) сілтемесін басқаннан кейін екі жағдайда да сіз өңдеу бетінде мынадай хабарламаны көресіз:

Бұл өңдемені жоққа шығарымақшысыз. Алдымен алдын-ала төмендегі салыстыруды тексеріп шығыңыз да бетті сақтаңыз.

Алайда егер сіз өңдеу тарихында соңғысы болып табылмайтын өңдеуді жоққа шығарсаңыз, онда MediaWiki беттің мазмұнынан жоққа шығарылған өңдеуді өшіре алмауы мүмкін, бұл жағдайда келесі хабарламаны көресіз:

Бұл өңдеме жоққа шығарылмайды, себебі арада қақтығысты өңдемелер бар.

Бұл жағдайда «бастапқы нұсқасына оралуға» тура келеді.

Ертеректегі нұсқасына қайтару

Лақап:
УП:ЕНҚ
Ертеректегі нұсқасына қайтару үшін соңғы жақсы нұсқасына оралыңыз:
  • (ағым.) (соң.) о о 15:25, 2011 ж. қазанның 10 Вандал (Талқылауы | үлесі) (102 байт)
  • (ағым.) (соң.) о о 15:21, 2011 ж. қазанның 10 Қатысушы (Талқылауы | үлесі) (5024 байт)

Сонсоң сол беттегі «өңдеу» сілтемесін басыңыз. Пайда болған өңдеу бетінің жоғары жағында беттің ескі нұсқасын өңдеп отырғаныңыз жайлы ескерту көрсетіліп тұрады. Қалауыңыз бойынша тағы өзгерістер енгізіп, бетті сақтаңыз.

Жоққа шығару түйіндемесі

MediaWiki тек бір өңдеуді жоққа шығару кезінде «[[Қатысушы:xxx]] істеген нөмір nnn түзетуін жоққа шығарды» дегенді өңдеу түйіндемесіне қосады (бұған тағы қысқаша түсіндірмеңізді қоса аласыз).

Автоматты түсіндірме жоқ болған жағдайда, «Түйіндемесі» алаңында түсінікті түсіндірме қалдыруыңызды ұсынамыз, мысалы:

[[Қатысушы:xxx]] істеген 5 вандалды өңдеу жоққа шығарылды, келесі нұсқасына қайтарылды: 21:00, 2012 ж. ақпанның 7 [[Қатысушы:yyy]]

Тағы қараңыз