Мазмұнға өту

Уикипедия:Джимми Уэйлстің Уикипедия негіздері туралы мәлімдемесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Лақап:
УП:УН

Уикипедия негізін салушы Джимми Уэйлстің жоба негіздері туралы мәлімдемесі. Ағылшын бөліміндегі (қараңыз Jimbo Wales/Statement of principles(ағыл.) өзінің жеке бетшесінде орналасқан.

Кіріспе

Компьютерлік технологияның дамуына орай болып жатқан әлеуметтік өзгерістермен бірге өзімнің көзқарасымды ашықтық пен лицензиялауға анық және екіұшты емес етіп салуымды қажет деп ойлаймын. Уикипедияның басқа да беттері сияқты бұл бет те қисынды сұрақтардың туындауына қарай түсіндіріп және жаңартып отыратын, жанды, өзгермелі құжат.

Бұл менің негіздерім екенін атап өтуім керек, мен – олардан жоғары тұрған соңғы сатыдағы төрешімін. Бұл менің ешкімді тыңдамаймын деген ойым емес, алайда бұл негіздер ғимараттың қалған бөліктері тұрғызылатын алғашқы, іргелі деңгейін құрайды.

(Болашақта көретіндеріңіздей, бұдан еш жүрексінуге болмайды)

Негіздері

Уикипедияның жетістігі тұтастай алғанда біздің ашық қоғамдастығымызбен анықталады. Бұл қоғамдастық оның қатысушыларының әр нәрсені дұрыс жасай білгендерінде ғана өмір сүреді, тыныстайды және дамитын болады. Бұл әр алуан пішінде болуы мүмкін, бастысы – бейтарап көзқарасымызды және парасатты дипломатиялық сыпайылық мәдениетін сақтаумен біздің ортақ көрінуімізді қорғау.
Жаңа келгендер әрдайым сәлемдесіп отырады. Біздің жаңа келушілеріміздің ашықтығының жолына кесе көлденең тұратын ешқандай қастықтың, ешқандай элитаның, ешқандай иерархияның (сатылы лауазым) болмауы шарт. Қоғамдастықтың кез-келген сақтық шаралары нақты вандалдардан (шынымен де мұндай вандалдар өмірде бар және бізге зиянын тигізеді) қатаң және тексерудің максималды дәлдігі негізінде қорғалуы керек.

Қауіпсіздік үшін жүргізілген кез-келген шаралар қоғамның айқын қызығушылығын қорғауы және шағын өрісте осы мақсатқа ғана қол жеткізуде ғана қолданылады, әрі басқа жағдайда емес.

Мысалы: «тұрақты келушілерді» дұрыс анықтауда адамдарға сенудің орнына біз қарапайым, тұнық және ашық алгоритмді адамдардың бір қоғамдастыққа біраз уақыт қана, тіпті азғантай уақыт мөлшерінде қатынасуы кезінде толық айрықша құқығын автоматты түрде берілуі жағдайын қолдануымыз керек. Бұл үрдіс жаңа келушілер үшін елеусіз болу керек: бірлестікке өз үлесін қосу мүмкіндігі үшін қандай да бір арнайы әрекет жасаудың қажеті жоқ

«Бұл бетті Сіз тура қазіргі сәтте редакциялауыңызға болады.» - біздің бар ісіміздің іргелі бақылауы. Біз бұл ұстанымды дербес құқықтық жағдайда қадірлеуіміз керек.
Барлық техникалық өзгерістер біртіндеп жүзеге асуы және қайтуы қажет. Бізге барлық өзгерістер бірлестіктің Уикимедия Қорының мәселелерде туындауында ынтымақтастыққа қол жеткізу қажеттігі бірмағынада анықталғанындай, позитивті түрде қабылдануын қадағалауымыз керек.
GNU Free Documentation License және Creative Commons Attribution/Share-Alike License лицензиялық келісімінің ашық және вирустық ортасы(The open and viral nature)сайттың жетістігінің ұзақтығындағы негіз боп табылады. Біздің сайтымыздың мазмұнын жабық түрде, басыбайлы түрде пайдаланғысы келетін әрбіреудің ісі дау туғызады. Біз лицензияның рухы мен әрбір әрпін қатаң ұстануымыз керек.
Уикипедия – бұл энциклопедия. Уикипедиядағы мақалалар тақырыптары Уикипедияның өзінің «ішкі» әлемі емес, сыртқы әлеміне бағытталуы керек.
Кімнің наразылығы бар болса, сонымен құрметтің жоғарғы сатысымен және оның адамгершілін сыйлай отырып қарым-қатынас жасау керек. Олардың өз мәселелерін сындарлы көзбен айтуын үнемі бағалап отыру керек. Кім талқылауға қосылуға негізсіз наразылық білдірсе, бас тартса, сол адам шығарылуы және еленбеуі керек. Қатысушылардың қызығушылық танытқан тобыортақ мақсатғқа қол жеткізуі үшін, пәтуа (келісім) жасауы керек.Біз келісімге келмегендерге оар бізге ыңғайсызыдқ тудыруы себебінен назар аудармауымыз керек.
Дипломатия – адалдық пен сыпайылық. Бұл екі қасиет маңызды әділ өнегелі принциптер болып табылады. «Маған адал және тілектес бол. Менің көзқарастарымды өзіңнің саяси құмарлықтарыңмен бұрмалама, сонда мен де саған сондай қарым қатынас жасайтын боламын.»