Мазмұнға өту

Дели

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
(Нью Дели бетінен бағытталды)
Қала
Нью-Дели
Әкімшілігі
Ел

 Үндістан

Статусы

Астана

Тарихы мен географиясы
Координаттары

28°42′ с. е. 77°12′ ш. б. / 28.700° с. е. 77.200° ш. б. / 28.700; 77.200 (G) (O) (Я)Координаттар: 28°42′ с. е. 77°12′ ш. б. / 28.700° с. е. 77.200° ш. б. / 28.700; 77.200 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

42,7 км²

Орталығының биiктігі

216 м

Уақыт белдеуі

UTC+5:30

Тұрғындары
Тұрғыны

11 007 835 адам (2011)

Тығыздығы

3 886 адам/км²

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+91 11

Пошта индексі

110 xxx

ndmc.gov.in  (ағыл.)

Нью-Дели картада
Нью-Дели
Нью-Дели

Дели (хинди दिल्ली; ағылш. Delhi; урду: دلّی‎) — Үндістан астанасы, Мумбаидан кейінгі екінші мегаполис. Делиде халық өте тығыз. Ауылдық жерлерден келген жұмыс қолдарын есептемегенде, ресми түрде 15 миллион адам өмір сүріп жатыр. Аумағы 1484 шаршы шақырым болатын Үндістанның астанасы Дели қаласы Инд пен Ганг өзендері суарып жатқан алып алқапқа орналасқан. Бұл жерде қаншама қала тұрғызылып, қаншасы жермен-жексен жоқ болды дейсің. Ел аузындағы аңыз бойынша, қазіргі Дели бұрынғы жеті қаланың орнын алып жатыр. Солардың бірі біздің дәуірімізге дейінгі ХІІ ғасырда салынған Махабхарата үнді эпопеясында баяндалады. 1192 жылы ауған легионы басып алып, осы өңірде сұлтанат құрған. Сұлтанатты 1398 жылы Ақсақ Темір келіп шапты. Оның Бабыр сұлтан бастаған ұрпақтары бірнеше ғасыр бойы үстемдік жүргізді. Сөйтіп, Ганг өзенінің саласы Жамуна өзенінің жағалауына салынған Агра бекінісіне ту тігіп, 1526 жылы Ұлы Моғолстан мемлекеті құрылды. Әндіжаннан шыққан Бабырдың ұрпақтары – Ғумайын, Әкбар, Жаһангер, Жақан осы өңірге биліктерін жүргізді. Әлемдегі жеті кереметтің бірі – Тәж Махалды салдырған Жақан шах 1638 жылы ескі Делидің іргетасын қалатып, үлкен шаһарға айналдырды. Бүгінгі күнге дейін сол күйінде сақталған ескі Делидің қорғандары әлемдік тарихи мұраға жатады. XVІІ-XІX ғасырлардағы ескі Дели Үндістандағы мұсылман орталығы болған. 1911 жылы сол кезде әмірін жүргізіп тұрған ағылшын үкіметі Үндістан астанасын Калькуттадан Делиге көшіреді. Сол кезде ағылшын мәнеріндегі Жаңа Дели бой көтер­ген. Қызыл құмнан жасалған күйдірілген кірпіштен салынған сол кездегі үйлер қазірге дейін қаланың көркін кіргізіп тұр.

15 миллионнан астам тұрғыны бар Делидің көшелеріндегі автокөліктер 5 миллионнан асады. Үш аяқты авторикшалар негізінен адам тасымалдауға арналған. Газбен жүретін болған соң ба, жолақысы арзан, егер міне қалсаңыз, есеп таблосына қарап төлейсіз, әдетте 50 рупийден артық болмауы тиіс. Велорикша, ат арба, есек арба, өгіз, түйе жеккен арбалар жүк машиналарымен араласып, онсыз да тар жолды одан сайын тарылтады. Тротуар көп жерлерде жоқ, сондықтан кей кездерде қоқыс төгілген жерлермен жүруге де тура келеді. Үндістанның заңы бойынша жол қозғалысы бізге керісінше, көліктер жолдың сол жағымен жүреді. Сондықтан көшелерден жаяу өткенде алдымен оң жағыңызға қарап алыңыз, содан кейін солды байқайсыз.

Дели халқының 90 пайызы хинди және урду тілінде сөйлейді, ал шетелдіктермен түсінісу үшін көзі ашықтары ағылшын тілін қолданады. Соңғы жылдарда бұл өңірге, әсіресе Агра қаласындағы Тәж Махал мазарына бұрынғы Кеңес Одағынан орыс тілді туристер көптеп келетін болғандықтан, саудамен айналысатындар оларға тауарларын өткізу үшін орыс тілін шала-шарпы үйренген. Тауардың бағасын орысша айтуға шамалары бар.