Мазмұнға өту

Майбалық (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Майбалық
Морфометрия
Өлшемі8,4 × 3,7 км
Ауданы14,6-21,1 км²
Орташа тереңдігі1,5 м
Су алабы
Құятын өзендерҚызылсу, Қарасу
Орналасуы
50°59′25″ с. е. 71°30′11″ ш. б. / 50.99028° с. е. 71.50306° ш. б. / 50.99028; 71.50306 (G) (O) (Я)Координаттар: 50°59′25″ с. е. 71°30′11″ ш. б. / 50.99028° с. е. 71.50306° ш. б. / 50.99028; 71.50306 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақАқмола облысы
Майбалық (көл) (Қазақстан)
Майбалық
Майбалық (көл) (Ақмола облысы)
Майбалық

МайбалықАқмола облысы, Есіл алабындағы ағынсыз көл.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астана қаласының оңтүстігінде орналасқан.

Гидрографикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Ауданы 14,6-21,1 км 2-ге дейін өзгеріп отырады. Ұзындығы 8,4 км, енді жері 3,7 км. Орташа тереңдігі 1,5 м. Су жиналатын алабы жатық; оңтүстік-шығыс жағасы жарлы, биіктігі 3-4 м, қалған бөлігі көбіне түйетайлы. Майбалыққа көктемде солтүстігінен Қарасу, оңтүстігінен Қызылсу жылғалары құяды. Минералдары шамалы. Көлден жылына 25-30 т мөңке балық ауланады (2002). Суы шаруашылыққа пайдаланылады, ал алабы - шабындық. Жағалауында Нұрбай ауылы орналасқан.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5