Мазмұнға өту

Люксембург Ұлттық футбол құрамасы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Люксембург Ұлттық футбол құрамасы
Логотип
Лақап аты

D'Roud Léiwen
(Қызыл арыстандар)

Конфедерация

УЕФА

Федерация

Люксембург футбол федерациясы

Бас бапкері

Люксембург Люк Хольц

Капитаны

Марио Мутш

Ең көп
ойын саны

Джефф Штрассер (98)

Үздік
бомбардир

Лион Март (16)

Үй стадионы

Жози Бартель

ФИФА рейтингі

86 (-2) (29 қараша 2018)

ФИФА коды

LUX

Формасы
Форма
Негізгі
форма
Форма
Қонақтық
форма

Люксембург Люксембург 1:4 Франция Франция
(Люксембург, Люксембург; 29 қараша 1911)

Люксембург Люксембург 6:0 Ауганстан Ауғанстан
(Лондон, Ұлыбритания; 26 шілде 1948)

Люксембург Люксембург 0:9 Англия Англия
(Люксембург, Люксембург; 19 қазан 1960)

Англия Англия 9:0 Люксембург Люксембург
(Лондон, Англия; 15 желтоқсан 1982)

Футболдан Люксембург Ұлттық құрамасы (люксемб. -{Lëtzebuergesch Foussballnationalequipe}-, фр. Équipe du Luxembourg de football, нем. Luxemburgische Fußballnationalmannschaft) — Футболдан халықаралық матчтарда өнер көрсетіп жүрген Люксембург құрамасы.

Еуропадағы аутсайдер құрамалардың бірі. 2018 жылы қараша айында ФИФА рейтингінде 86-орынға жайғасты[1].

Алғашқы ойынын 1911 жылы 29 қазан күні Францияға қарсы өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліп қалды. 1934 жылы алғаш рет әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. бірақ екі ойында да жеңіліп қалды.

Ешқашан әлем және Еуропа чемпионаттарына қатысқан емес. Бірақ сенсация жасаған матчтары жетерлік: мәселен, 1962 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінде Португалияның өзін 4:2 есебімен ұтып кетті. Ал 1964 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде Нидерландыны қапы қалдырды! Келесі сатыда Дания футболшылары бұларды үш ойын өткізіп барып әрең ұтты — 1:1, 3:3, 0:1.

1996 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеуінде 10 ұпай жинады. Турнир барысында Еуропаның болашақ күміс жүлдегерлері Чехияның өзі тізе бүкті.

Танымал ойыншылары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Нико Браун — 40 (9)
  • Жефф Штрассер — 98 (7)
  • Ги Эллер — 55 (2)
  • Лион Март — 24 (16)
  • Виктор Нюренберг — 19 (5)
  • Карло Вайс
  • Мануэль Кардони — 68 (5)
  • Поль Кох
  • Луи Пило — 49 (7)
  • Джон ван Рейсвейк
  • Орельен Йоахим — 47 (6)

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сiлтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]