Мазмұнға өту

Ливия шөлі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ливия шөлі, Сахара шөлінің солтүстік-шығысында, Ливия, Египет және Судан мемлекеттері аумағында, Ніл өзенінің батысында орналасқан. Аумағы 2,0 млн. км²-ге жуық. Солтүстік бөлігі теңіз деңгейінен 300 м биіктікте, теңіз жағалауын шағылдар (дюналар), қалған жерлерін құм басқан. Солтүстік-шығысында терең тектоникалық ойыс (Каттара ойысы, теңіз деңгейінен 133 м төменде) жатыр. Оңтүстік бөлігі тасты немесе құмдақты үстірт (биіктігі 400 — 500 м) болып келеді. Кейбір жерлерінде биіктігі 1934 м-ге дейін жететін (әл-Увейнат тауы, т.б.) қалдық массивтер кездеседі. Климаты тропиктік, құрғақ, солтүстік — жерортатеңіздік субтропиктік. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 25 мм-ден аз. Кейбір жылдары жауын-шашын мүлде болмайды. Солтүстігінде ол 50 — 100 мм-ге жетеді. Шөл қарағаны, жыңғыл, жусан өседі. Грунт сулары және құдықтар маңында Сива, Файюм, Жалу, Дахла, Куфра, Фарафра, т.б. шұратты жерлер бар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы