Мазмұнға өту

Жержаңғақ

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Жержаңғақ

Жержаңғақ (лат. Arachіs) — бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы. Майлы дақыл. Оңтүстік Америкада 30-ға жуық түрі бар. Қазақстанда 18 ғ-дың соңында әкелінген A. hupogaea түрі өсіріледі. Жержаңғақылғал және жылу сүйгіш, бір жылдық жаздық дақыл. Өсіп-өну кезеңі 120 — 150 күн. Биіктігі 25 — 75 см, түзу сабақты немесе төсемелі сабақты, бүйірінен өскен өркендері бар. Тамыр жүйесі мықты, тереңге (180 — 190 см) кетеді. Гүлі сары не сарғылт түсті, гүлшоғыры жапырақ қолтығында орналасқан. Жемісі 1 — 7 тұқымды бұршақ. Оның құрамында орта есеппен 42% май, 22% ақуыз және 12% көмірсу бар. Әдетте, әр өсімдікте 600 — 700 жеміс болады. Гектарынан 9 ц-дей тұқым, 20 — 50 ц құрғақ шөп алынады. Жемісінен алынған майы тамаққа, кондитер өнеркәсібінде пайдаланылады. Сабағы мен жапырағы малға жемшөп. Жержаңғақ басқа бұршақ тұқымдастары сияқты жерді құнарландырады. Өсімдік ауруларымен және зиянкестерімен сирек зақымданады. Жержаңғақ Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы аудандарында өсіріледі.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. "Қазақ Энциклопедиясы",3 том

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Жержаңғақ Мұрағатталған 4 қыркүйектің 2011 жылы.