Джерси (арал)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Джерси
ағылш. Jersey
фр. Jersey
норманд. Jèrri
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы

Ma Normandie
God Save the Queen

Әкімшілігі
Енеді

12 округ

Әкімшілік орталығы

Сент-Хельер

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

116 км² км²

Уақыт белдеуі

UTC

Тұрғындары
Тұрғыны

97 857 адам адам (2011)

Ресми тілдері

ағылшын және француз тілі

Телефон коды

+44-1534

Интернет-үйшігі

.je

Джерси картада

Джерси, карта

Джерси (ағылш. Jersey [ˈdʒɜrzi], фр. Jersey [ʒɛʁˈzɛ], норманд. Jèrri) — Ла-Манш бұғазында орналасқан арал. Норманд аралдарының құрамына енеді. Сол аралдардың ішінде ең ірісі (116 км²) болып табылады.

Халқы — 97 857[1] адам (2011). Джерси — Британ монархиясының мемлекеттік иелігі, алайда Ұлыбритания бөлігі болып саналмайды. Біріккен Патшалықтың міндеті — Джерсиді қорғау. 1973 жылы Ұлыбритания Еуропалық одаққа мүше болып кірді, сондықтан Норманд аралдары мен Гибралтар Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Патшалығы арқылы Еуроодаққа мүше болып есептеледі.[2] Джерсидің өзіндік парламенті — Джерси Штаттары бар. Джерсидің мемлекеттік иеліктеріне бірнеше кіші арал енеді.

1940 жылдың 1 шілдесінен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында нацистік Германиямен оккупацияланған, Сондықтан бұл ел үшін 9 мамыр — Азаттық күні болып есептеледі.

Бұл жерде джерсилік тұқымды майлылығы жоғары сүт беретін сиырлар өсіріледі, сондай-ақ әйгілі трикотаж матасы (Джерси матасы) осы аралдың атын иеленген[3]. Аралдың құрметіне АҚШ штаты — Нью-Джерси аталынған.

Аралдың ең танымал тұрғыны — натуралист және жазушы Джеральд Даррелл, Джерсилік зообақтың негізін салушы.

Тағы қараңыз

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Jersey Census 2011 Bulletin no 1. States of Jersey (желтоқсан 2011).
  2. European Communities Act 1972 — Ероодақ
  3. Portrait of the Channel Islands, Lemprière, London 1970 ISBN 0-7091-1541-5

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Координаттар: 49°13′00″ с. е. 2°07′57″ б. б. / 49.21667° с. е. 2.13250° б. б. / 49.21667; -2.13250 (G) (O) (Я)