Мазмұнға өту

Григорий Романович Ширма

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Григорий Романович Ширма (21.1.1892 жылы, қазіргі Брест облысы, Пружан ауданы - 23.03.1978, Минск)- белорус совет хор дирижері, фольклорист, қоғам қайраткері, КСРО халық артісі (1955), Соц. Еңбек Ері (1977).

1959 жылдан КОКП мүшесі. 1918 жылы Седлецк мұғалімдер институтын бітірді. 1912 жылдан ұстаздық етті. 1- дүние жүз. соғысқа қатысты. 1940 жылы Белорус КСР-інің Мемлекеттік хор капелласын ұйымдастырды, әрі 1970 жылға дейін оның көркемдік жағын басқарды. Белорус халқының муз. фальклорын зерттеп, 2000-нан аса ән жинады.

"Белорус халық әндері" (1929, Вильнюс), "Белорус халық әндері, жұмбақтары, шағын әңгімелері" (1947, Минск) т.б. еңбектірі жарық көрді.

Ленин орденімен, Болгар Халық Республикасы орденімен және басқа екі орденмен марапатталған.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ Совет Энциклопедиясы
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Ryhor Szyrma