Білге Құтлұқ қаған
Білге Құтлұқ қаған | ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
739 — 741 | ||
Ізашары | Йоллығтегін қаған | |
Ізбасары | Озмыш қаған | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Тәңіршілдік | |
Дүниеге келуі | белгісіз | |
Қайтыс болуы | 741 | |
Династия | Ашина | |
Әкесі | Білге қаған | |
өңдеу |
Білге Құтлұқ қаған (骨咄葉護 - Гудоеху, жеке аты 阿史那骨咄葉護 - Ашина Гудо) - 739 жылдан 741 жылға дейін билік еткен Шығыс Түрік қағанатының қағаны. Білге қағанның екінші ұлы.
Басқаруы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Йолығтегін қаған қайтыс болған соң, билік оның інісі Құтлұқтың қолына көшті. Алайда Құтлұқтың билікке іс жүзінде араласуға мүмкіндігі болмағаннан соң, оның анасы билікті өз қолында ұстады. Қытайлық әскербасы Ли Чжи түріктерге грамота алып келді. Онда император Құтлұқты қаған ретінде мойындайтынын мәлімдеді. Жаңа жылда қаған императорға құттықтау жіберді. 741 жылы қаған билігі, дәлірек айтқанда Иньсы Даганның билігі әлсірей бастады. Рулық бірлестіктер оған бағынбайтын болды. Хандар өз әскерлерін жиып, бір-бірімен қырқыса бастады. Қаған батыс аймақтың шадын өлтіріп, әскери билікті өз қолына алды. Шығыс аймақтың шады Пан Күлтегін өзінің қауіпсіздігіне алаңдап, азаматтық соғысты бастап жіберді.
Азаматтық соғыс
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Ал келесі болған оқиғалардың шынайылығына келгенде дереккөздер (Цзычжи Тунцзянь, Тан Шу, және түріктердің руна жазулары) әртүрлі мәліметтерді келтіреді. Тан Шудың нұсқасы бойынша, Пан Күлтегін Білге Құтлұқ қағанды өлтіріп, билікті өз қолына алады.
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|