Бозе–Эйнштейн конденсаттануы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Бозе–Эйнштейн конденсаттануыбозондар жүйесінде байқалатын кванттық құбылыс; азғындау (тоқырау, айну) температурасы деп аталатын температурадан төмен температурада жүйе бөлшектерінің бір бөлігінің импульстері нөлге тең күйге жинақталады (егер жүйе тұтастай тыныштықта болса).

Бұл құбылыс бу молекулаларының салқындаған кезінде сұйықтыққа айналу процесіне ұқсас болғандықтан осылай аталған. Шын мәнінде ешқандай конденсаттану болмайды: бөлшектердің кеңістіктегі үлестірілуі бұрынғыша болады, бұл жерде әңгіме тек кеңістіктегі импульстердің конденсаттануы жайлы болып отыр. Кез келген затта Бозе—Эйнштейн конденсаттануы байқалмайды. Тек абсолют нөл температураға өте жуық температураға дейін сұйық күйде қала алатын гелийде ғана Бозе — Эйнштейн конденсаттануы байқалады. T = 2,17 K температурада және қаныққан бу қысымында сұйық гелий асқын аққыштық күйге ауысады. Дәл осы жағдайды Бозе—Эйнштейн конденсаттануы құбылысымен байланыстыруға болады.[1]

Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Bose–Einstein condensate

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]