Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Қазақстан ауданы
Ақтоғай ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қарағанды облысы

Аудан орталығы

Ақтоғай

Ауылдық округтер саны

14

Кенттік әкімдіктер саны

2

Ауыл саны

35

Әкімі

Руслан Айтыкенұлы Кенжебеков

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ақтоғай ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі, №4

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°18′59″ с. е. 74°58′45″ ш. б. / 48.31639° с. е. 74.97917° ш. б. / 48.31639; 74.97917 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°18′59″ с. е. 74°58′45″ ш. б. / 48.31639° с. е. 74.97917° ш. б. / 48.31639; 74.97917 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

52,0 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

15 982[1] адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (91,38%), орыстар (6,63%), татарлар (0,33%), немістер (0,28%), өзбектер (0,27%), корейлер (0,25%), украиндар (0,15%) беларустар (0,12%), басқа ұлт өкілдері (0,59%)[2]

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+7 71037

Пошта индексі

100200-100210

Автомобиль коды

09

Ақтоғай ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Ақтоғай ауданы

 Басқа мағыналар үшін Ақтоғай ауданы деген бетті қараңыз.

Ақтоғай ауданыҚарағанды облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік аудан. 1928 жылы құрылған. Аудан аумағы 52 мың шаршы шақырымға тең. Орталығы Ақтоғай ауылы.

Географиялық орны

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Аудан батысында Шет, солтүстігінде Қарқаралы аудандарымен, шығысында Абай облысының Аягөз ауданымен, оңтүстігінде Балқаш көлі арқылы Алматы, Жетісу облыстарымен шектеседі.

1939 1959 1970 1979 1989[3] 1999 2009[4] 2021
 9898 11702 17074 15406 16390 24051 19233 16198

Тұрғындары 17 474 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 91,48%, орыстар – 6,54%, татарлар – 0,32%, корейлер – 0,27%, немістер – 0,24%, украиндар – 0,17%, беларустар – 0,10%, әзербайжандар – 0,08%, басқа ұлт өкілдері – 0,80%.

1928 жылы Қарқаралы округінің құрамында Балқаш ауданы құрылды.

1929 жылы Балқаш ауданы Тоқырауын ауданы болып өзгертілді.

1930 жылы Қарқаралы округі таратылып, Тоқырауын ауданы Қоңырат ауданы болып қайта құрылды.

1932 жылы Қоңырат ауданы Қарағанды облысының құрамына, 1934 жылы екінші рет құрылған Қарқаралы округінің құрамына енді.

1936 жылы Қарқаралы округі қайта таратылып, аудан Қарағанды облысының құрамына берілді.

1938 жылы Тасарал ауылдық кеңесі Балқаш қалалық кеңесінің қарамағына өтті.

1954 жылы Тельман ауылдық кеңесі Будённый, Қорғантас ауылдық кеңесі Калинин, Кіндікті ауылдық кеңесі Қарабұлақ ауылдық кеңесіне қосылды.

1957 жылы Будённый ауылдық кеңесі Тельман, Молотов ауылдық кеңесі Берікқара ауылдық кеңесі болып өзгертілді.

1960 жылы Берікқара ауылдық кеңесі Қызыларай, Тельман ауылдық кеңесі Киров ауылдық кеңесіне қосылды.

1963 жылы 2 қаңтарда Қоңырат және Шет аудандары біріктіріліп, Ақтоғай ауданы құрылды.

1963 жылы 24 қаңтарда Калинин ауылдық кеңесі Киров ауылдық кеңесіне, Жәмші ауылдық кеңесі Сарытерек ауылдық кеңесіне қосылды.

1964 жылы 31 желтоқсанда Шет ауданы қайта құрылып, оған 8 ауылдық кеңес берілді.

1967 жылы Айыртас ауылдық кеңесі құрылды.

1973 жылы 20 наурызда Жезқазған облысы құрылып, құрамына Ақтоғай ауданы енді.

1974 жылы Нүркен ауылдық кеңесі құрылды.

1977 жылы 15 ақпанда Приозёрный ауданы құрылып, оған Айыртас, Қарабұлақ, Қусақ ауылдық кеңестері берілді.

1978 жылы Шет ауданының Ақши, 1979 жылы Кеншоқы ауылдық кеңестері аудан құрамына берілді.

1982 жылы Қуаныш ауылдық кеңесі құрылды.

1992 жылы Кеншоқы ауылдық кеңесі Шет ауданына қайтарылды.

1997 жылы 3 мамырда Жезқазған облысы таратылып, аудан Қарағанды облысының құрамына енді.

1997 жылы 23 мамырда Тоқырауын ауданы таратылып, аумағы тұтастай Ақтоғай ауданына қосылды.[5]

2006 жылы Қуаныш ауылдық округі Қараменде би, Киров ауылдық округі Жидебай, Аманкелді ауылдық округі Шабанбай би, Ақши ауылдық округі Кежек ауылдық округі болып және Жаңаорталық ауылы Нарманбет ауылы болып өзгертілді.[6]

Әкімшілік бөлінісі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

35 елді мекен 2 кенттік әкімдік пен 14 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)[7]
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Абай ауылдық округі 339 205 60,5 182 105 57,7 157 100 63,7
Айыртас ауылдық округі 381 184 48,3 211 122 57,8 170 62 36,5
Ақтоғай ауылдық округі 3145 3373 107,2 1568 1694 108 1577 1679 106,5
Жидебай ауылдық округі 1368 1068 78,1 704 545 77,4 664 523 78,8
Кежек ауылдық округі 330 237 71,8 176 127 72,2 154 110 71,4
Қарабұлақ ауылдық округі 942 477 50,6 481 249 51,8 461 228 49,5
Қараменде би ауылдық округі 565 451 79,8 288 244 84,7 277 207 74,7
Қусақ ауылдық округі 630 373 59,2 328 185 56,4 302 188 62,3
Қызыларай ауылдық округі 696 438 62,9 368 233 63,3 328 205 62,5
Нүркен ауылдық округі 820 544 66,3 442 286 64,7 378 258 68,3
Ортадересін ауылдық округі 743 618 83,2 376 349 92,8 367 269 73,3
Сарытерек ауылдық округі 914 606 66,3 488 329 67,4 426 277 65
Сарышаған кенттік әкімдігі 4429 4083 92,2 2241 2049 91,4 2188 2034 93
Тасарал ауылдық округі 416 359 86,3 224 188 83,9 192 171 89,1
Шабанбай би ауылдық округі 882 474 53,7 477 263 55,1 405 211 52,1
Шашубай кенттік әкімдігі 2148 2417 112,5 1092 1203 110,2 1056 1214 115
ЖАЛПЫ САНЫ 19233 16198 84,2 9892 8325 84,2 9341 7873 84,3

Ірі елді мекендері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Атауы Халқы
(2021)
Сарышаған 4083
Ақтоғай 3373
Шашубай 2417
Сәуле 543
Ақжарық 438
Сарытерек 430
Шабанбай би 380
Қошқар 373
Нарманбет 367

Шаруашылығы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

2006 жылы ауыл шаруашылығы өнімнің айтарлықтай бөлігін мал шаруашылығы құрады. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіруге 1300,9 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлер пайдаланылады, оның ішінде 12,4 мың га - егістік алқаптар. 2006 жылғы астыққа 11,4 мың га ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін егістік жерлер пайдаланылды, оның ішінде 4,3 мың га дәнді дақылдар, картоп – 0,1 мың га, көкөніс – 0,05 мың га.

  • 2006 жылы: 2,9 мың тонна дәндер; 1,9 мың тонна картоп; 1,0 мың тонна көкөніс-бақша дақылдары; 7,6 мың тонна ет (тірі салмақта); 9,7 мың тонна сүт; 1227,0 мың дана жұмыртқа өндірілді.
  • 2007 жылғы 1 қаңтар: ірі қара мал саны 34,1 мың бас; қой мен ешкі – 150,2 мың бас; шошқа - 0,6 мың бас; жылқы – 10,8 мың бас; құс – 20,6 мың басты құрады.
  • Өнеркәсіптік өнімнің негізгі түрлері: нан және нан өнімдерін, ұн, өсімдік майы, балық өнімдері, түсті металдарды өндіру. 2006 жылғы өндірістік өнім көлемі (үй шаруашылық есебінсіз) 1305,7 млн. теңгені құрады.

Әлеуметтік құрылымдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 28 күндізгі жалпы білім беретін мектептер жұмыс істейді, онда 4233 оқушы оқиды;
  • 1 кәсіби-техникалық оқу орнында - 120 оқушы оқиды;
  • 19 кітапхана;
  • 18 клуб типті мекеме;
  • 1 мұражай іс-әрекет етеді.
  1. Сағадат Жапабайұлы Дүйсебеков 1992-1997 Арғын, Қаракесек, Сарым
  2. Ахметбеков Төлеужан Ахметбекұлы 1997 жылы 2 маусымда - 2001 жылы Арғын, Қаракесек, Сарым
  3. Рысқали Қалиақбарұлы Әбдікеров 2001 жылы 8 ақпанда - 2005 жылы Арғын, Қаракесек, Керней
  4. Тәтибеков Мейірхан Тәтибекұлы 2005 жылы 14 маусымда - 2006 жылы Арғын, Қаракесек, Сарым
  5. Жарылғап Махмұт Сәдуақасұлы 2006 жылы 20 қазанда - 2010 жылы Арғын, Тобықты
  6. Омаров Ғабдырахман Игілікұлы 2010 жылы 22 қаңтарда - 2011 жылы Арғын Қуандық Алсай
  7. Қайыржан Кәрімұлы Тілеубергенов 2011 жылы 21 қазанда - 2012 жылы Арғын, Қаракесек, Сарым
  8. Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы 2012 жылы 28 тамызда - 2013 жылы Арғын, Қаракесек, Майлық
  9. Ниқанбай Иманғалиұлы Омарханов 2013 жылы 29 маусымда - 2016 жылы Арғын, Қаракесек, Бұлбұл
  10. Әбеуова Салтанат Мірәсілқызы 2016 жылы 12 көкекте Арғын, Қаракесек, Майлық [8]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]