Анатолий Александрович Рожнов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Анатолий Александрович Рожнов
Туған күні

Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value).

Қайтыс болған күні

7 қараша 1994 (1994-11-07)

Қайтыс болған жері

Алматы  Қазақстан

Азаматтығы

 Қазақстан

Қызметі

геолог, геология-минералогия ғылымының докторы (1988)

Марапаттары мен сыйлықтары

Анатолий Александрович Рожнов [1] - Социалистік Еңбек Ері (1974), тау-кен маманы, геология-минералогия ғылымының докторы (1988), 7 ақпан 1931 жылы, Ресей Федерациясы, Пермь қаласында туған.

Еңбек жолдары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • 1953 жылы Солтүстік-Кавказ тау-кен-металлургия институтын бітірген.
  • Еңбек жолын қатардағы геолог болып бастаған.
  • Жәйрем геологиялық барлау экспедициясының бас геологы болды.
  • 70-тен аса ғылыми еңбек жазған. Ғылыми еңбектері Қазақстанның маңызды кенді аудандары Атасу, Қаражал, Жәйрем, Жомарт, Үшқатын, Бестөбені зерттеу мен олардың кен байлықтарын барлауға арналды; кен орындарындағы қорғасын-мырыш және марганец кентастарының қорын есептеп шығару, кен өндіру жұмыстарын жолға қоюда үлкен еңбек сіңірді; темір-марганецті Атасу кен орнын барит-қорғасын-мырыш кентастарының ірі орталығына айналдыруда кең көлемді ғылыми жұмыс жүргізді.
  • 1979 жылы Жәйрем, Үшқатын, Арап кен орындарының шикізат базасын кеңейтіп, оларды алғаш ашқан адам деген атаққа ие болды.

Наградалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 7 - том

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Геология и металлогения Успенской тектонической зоны, 6 т., А.-А., 1967 — 68 (соавтор).