Орынбай Аймағамбетов
Аймағамбетов Орынбай (1923, Қарағанды облысы, Тельман ауданы,) - ақын. Карағанды шахталарында жұмыс істеген. Өлеңдері 1940 жылдан жергілікті газеттерде жариялана бастады. "Шахтер шамы", "Туған калам", "Қарқаралы", "Ильичпен сырласу" тәрізді өлең-жырлары туған жер, оның еңбекшіл адамдарына арналған. Мақсұт Байсейітов, Кәртай Ермекбаев, Бақыт Мұстафин сияқты үзеңгілес әріптестерімен айтысып жүлдегер атанды. 1969 ж. халық ақындарының Республикалық ғылыми шығармалар конференциясына қатысты.