Орынбай Аймағамбетов

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Орынбай Аймағамбетов (1923, Қарағанды облысы, Тельман ауданы) - ақын. Қарағанды шахталарында жұмыс істеген. Қарағанды мұғалімдер институтында оқыған. Ұлы Отан соғысына (1941-45) қатысқан. Қазіргі Бұқар жырау ауданы түлегі. Қарағанды шахталарында, облыстық радио, «Орталық Қазақстан» газетінде жұмыс істеген.[1] Өлеңдері 1940 жылдан жергілікті газеттерде жариялана бастады. "Шахтер шамы", "Туған калам", "Қарқаралы", "Ильичпен сырласу" тәрізді өлең-жырлары туған жер, оның еңбекшіл адамдарына арналған. Мақсұт Байсейітов, Кәртай Ермекбаев, Бақыт Мұстафин сияқты үзеңгілес әріптестерімен айтысып жүлдегер атанды. 1969 ж. халық ақындарының Республикалық ғылыми шығармалар конференциясына қатысты.[2]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
  2. “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6