Халықаралық Алматы әуежайы
Халықаралық Алматы Әуежайы (ағылш. Almaty International Airport) Қазақстандағы ең үлкен әуежай. Ол Алматы Орталығынан 18 километр қашықтықта орналасқан. Әуежай арқылы Қазақстан бойынша жолаушылардың жартысы және жүктердің 68% өтеді. [2] 2011 жылы әуежай 3,665,538 жолаушыға қызмет көрсеткен (2010 жылмен салыстырғанда 19%-тік өсім). [3] Әуежайды «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ басқарады, акцияларының 100% түрік TAV Airports Holding компаниясына тиесілі[4].
Халықаралық Алматы Әуежайы | |||
---|---|---|---|
IATA: ALA – ICAO: UAAA
| |||
Қысқаша мәлімет | |||
Әуежай түрі | Азаматтық | ||
Иесі | Groupe ADP | ||
Операторы | TAV Airports Holding | ||
Қызмет көрсетеді | Алматы, Қазақстан | ||
Тасымалдаушы Хабы | * Air Astana | ||
Теңіз деңгейінен биіктігі | 681 м / 2234 ф | ||
Координаттар | 43°21′07″ с. е. 077°02′26″ ш. б. / 43.35194° с. е. 77.04056° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
Сайты | |||
Ұшып-қону жолақтары | |||
Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
м | фут | ||
05R/23L | 4,397 | 14,427 | Асфальт |
05L/23R | 4,500 | 14,764 | Бетон |
Статистикасы (2021) | |||
Жолаушылар | Шамамен 7 млн. | ||
Source: 24.kz [1]. |
17 ақпанда Мәскеуде Мемлекетаралық авиация комитетінің Авиация және әуе кеңістігін пайдалану жөніндегі кеңестің 32 сессиясы өтіп, Алматы әуежайының әуеайлағы ең үздік әуеайлақ атағына ие болды[5]
Тарихы
өңдеуӘуежай 1935 жылы салынған. 1990 жылға дейін ол Кеңес Азаматтық Авиация Департаментінің бөлігі болып, 1991 жылы "Алматы Әуежайы" болып қайта құрылды. Сол кезден бері әуежай тәуелсіз бизнес бірлік ретінде өз жұмысын жалғастырды. Кейін ол Халықаралық Алматы Әуежайы ЖШС болып қайта аталды.
1998 жылы әуежай ұшып-қону жолағы (ҰҚЖ) жөндеуден өткеннен кейін, Алматы Әуежайы II категорияға ие болып, Халықаралық Әуежай статусын алды.
1999 жылдың 9 шілдесінде әуежай ресторанында өрт басталып, бүкіл әуежай терминалы жанып кетті. Жаңа терминалдың құрылысы 2004 жылы аяқталды.
Алматы Әуежайы Air Astana ұлттық тасымалдаушының хабы болып табылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы жүк тасымалдау хабы.
2008 жылдың қыркүйек айында екінші ұшып-қону жолағы ашылды. Жаңа ұшып-қону жолағына ICAO сертификаты беріліп, оған III категория берілді. Жолақ сапасы мен онда орнатылған заманауи құрал жабдықтар ұшу қарқыны бойынша әуе кемелерінің барлық түрін ешбір шектеусіз қабылдауға мүмкіндік береді. Жаңа ұшып-қону жолағы Орталық Азияда ең ұзын болып табылады.
Әуекомпаниялар мен бағытар
өңдеуІшкі
өңдеуӘуе компаниясы | Бағыттары |
---|---|
Air Astana | Ақтау, Ақтөбе, Астана, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Шымкент |
SCAT | Ақтау, Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Семей, Шымкент, Тараз |
Semeyavia | Семей |
Zhezair | Жезқазған |
Халықаралық
өңдеуӘуе компаниясы | Бағыттары |
---|---|
Air Arabia | Шарджа |
Air Astana | Ақтау, Ақтөбе, Анталия, Астана, Атырау, Баку, Бангкок-Suvarnabhumi, Бейжің-Capital, Бішкек, Дели, Душанбе, Франкфурт, ГонКонг, Коломбо (Шри-Ланка), Ыстамбұл, Қарағанды, Қызылорда, Лондон-Хитроу, Орал, Өскемен, Павлодар, Сеул-Incheon, Шымкент, Шуанлю, Ташкент, Тбилиси. |
Air Seychelles | Маусымдық: Маэ (2022 жылдың 26 желтоқсанында басталады) |
airBaltic | Рига |
Avia Traffic Company | Бішкек |
AnadoluJet | Анкара |
Asiana Airlines | Сеул |
China Southern Airlines | Үрімші |
Czech Airlines | Прага |
Donbassaero | Киев-Boryspil |
Etihad Airways | Абу Даби |
Hainan Airlines | Бейжің-Capital |
Irtysh Air | Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Өскемен |
KLM | Амстердам |
Lufthansa | Франкфурт |
Mahan Air | Тегеран-Imam Khomeini |
Pegasus Airlines | Ыстамбұл-Sabiha Gökçen |
Rossiya | Санкт Петербор |
RusLine | Екатеринбург |
S7 Airlines | Новосібір |
SCAT | Ақтау, Анталия, Астана, Бодрум, Душанбе, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Санкт Петербор, Семей, Шарм әл-Шейх, Шымкент, Тараз, Ташкент |
Semeyavia | Семей |
Somon Air | Душанбе |
Sky Airlines | Анталия |
Tajik Air | Душанбе |
Transaero Airlines | Мәскеу-Домодедово |
Turkish Airlines | Ыстамбұл-Atatürk |
Turkmenistan Airlines | Ашғабат |
Ukraine International Airlines | Киев-Boryspil |
Uzbekistan Airways | Ташкент |
Note: ^1 : Although BMI's flight to London-Heathrow has a stop in Amritsar. It has no rights to transport passengers solely between Almaty and Amritsar.
Жолаушылар тасымалы
өңдеуЖолаушылар тасымалы бойынша Алматы әуежайы Қазақстандағы ең ірі ауежай болып табылады. Төменгі кесте әуежайдың жылдық жолаушылар масымалын көрсетеді:
Жыл | Жолаушылар саны | Өзгеріс |
---|---|---|
2010 | 3,000,000 | ▬ |
2011 | 3,665,538 | ▲ 22.2% |
2012 | 4,003,004 | ▲ 9.2% |
2013 | 4,323,224 | ▲ 8% |
2014 | 4,588,866 | ▲ 6% |
2015 | 4,905,307 | ▲ 6.9% |
2016 | 4,878,450 | ▼ 0.5% |
2017 | 5,640,800 | ▲ 15.6% |
2018 | 5,686,926 | ▲ 1% |
2019 | 6,422,721 | ▲ 13% |
2020 | 3,669,668[6] | ▼42.9% |
2021 | 6,103,657[7] | ▲ 66.3% |
Болашағы
өңдеуҚазіргі уақытта, әуежайда жаңа терминал салынуда. Жаңа терминалды 2024 жылдың жаз мезгілінде іске қосу жоспарланған. Жаңа терминалдың басты артықшылығы advanced EDGE стандартына (экологиялық таза ғимараттарды сертификаттау жүйесі) сай болады. Айталық, энергияның 40%-дан астамын, судың 20%-дан астамын көлемін, сондай-ақ құрылыс кезінде материалдардың 20%-дан астамын үнемдеу көзделген. Бұдан бөлек салынып жатқан терминал Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) стандарты бойынша Optimum деңгейіндегі сервиспен қамтамасыз етіледі. Әуежайға қызмет көрсетудің жаңа тұжырымдамасы жылдам, сапалы қызмет көрсетуді қамтып, шығындарды оңтайландыруға бағытталған. TAV Airports Holding Алматы әуежайын Орталық Азиядағы ірі жүк хабына айналдырып, Алматы облысын ілгерілетумен бірге Қазақстанға жаңа авиакомпанияларды тартуды жоспарлап отыр.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ [1]
- ↑ Euromoney: ISI Intellinews http://www.euromoney.com/article.asp?ArticleID=1856080
- ↑ Almaty International Airport (official site)
- ↑ [2] Мұрағатталған 5 қыркүйектің 2023 жылы.
- ↑ Халықаралық Алматы әуежайының әуеайлағы ТМД елдеріндегі ең үздік әуеайлағы атанды Мұрағатталған 10 маусымның 2012 жылы.
- ↑ https://kz.kursiv.media/2021-04-23/mezhdunarodnyy-aeroport-almaty-snizil-chistuyu-pribyl-v-sem-raz/ Мұрағатталған 9 желтоқсанның 2022 жылы.
- ↑ https://cfts.org.ua/news/2022/01/26/passazhiropotok_krupneyshego_aeroporta_kazakhstana_v_2021_godu_pochti_dostig_dopandemiynogo_urovnya_68758
Сыртқы сілтемелер
өңдеу- Халықаралық Алматы әуежайы (ресми сайты)
- Халықаралық Алматы әуежайынан ұшықып шыққан ұшақтар мен қонып жатқан ұшақтардың радарлық бағылаулары
Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: Almaty International Airport |