Уикипедия:Уикипедия туралы
Қазақша Уикипедия дәл қазір |
---|
Уикипедия 1.44.0-wmf.1 (fbc8c4f) соңғы нұсқасындағы MediaWiki қозғалтқышымен жұмыс істейді. Онда 238 098 мақала, 3 393 659 өңдеме, 11 428 жүктелген файл, 160 807 тіркелген қатысушы, 15 администратор бар. |
Бұл жергілікті уақыт бойынша: 17:47, 4 қараша 2024 |
Уикипедия дегеніміз — көп тілді, ғаламторға негізделген, тегін және ашық мазмұнды энциклопедиялық жоба. Уикипедия сөзі уики (көп адамдар бірлесіп жасайтын интернет парақшасы) және энциклопедия деген екі сөздің қосылуынан пайда болған. Уикипедияның мақалаларында қолданушыны қосымша мәліметтер бар парақшаларға айдайтын сілтемелер бар.
Уикипедияны бүкіл дүние жүзіндегі ерікті үлес қосушылар бірлесіп жазады. 2001 жылы пайда бола салысымен Уикипедия интернеттегі ең үлкен мәлімет беретін сайттарының біріне айналды. Қазіргі таңда 70 000 белсенді авторлар[1] 280-ден астам тілде 63 895 778 мақала қосқан. Қазақ тіліндегі мақалалардың саны 238 098 жетті; күн сайын жүздеген мың келуші Уикипедия энциклопедиясында қамтылған білімді толықтыру үшін ондаған мың өзгертулер жасап, мыңдаған жаңа мақалаларды қосады. (Тағы қараңыз: Уикипедия:Уикипедия статистикасы).
Келушілердің үлес қоса алулары үшін оларда арнайы білімнің болуы шарт емес, себебі олардың басты мақсаты қазір бар мәлімет туралы мақала жазу. Басқаша айтқанда, жасына, туып-өскен жеріне, мәдениетіне, әлеуметтік жағдайына қарамастан Уикипедияға мақала жаза алады. Мақалалардың басым көпшілігін интернетке кіре алатын әркім өңдей алады. Ол үшін өңдеу деген сілтемені нұқыса жетіп жатыр. Әркім Уикипедияның өңдеу ережелеріне сай келетін және белгілі бір стандарттан төмен болмайтын мәлімет, сілтемелер немесе дәйексөздер қоса алады. Мысалы, егер сіз бір мақалаға бір мәлімет қосатын болсаңыз, онда өз мәліметіңізді қайдан алғаныңызды көрсетіңіз, себебі сілтемесіз келтірілген мәліметтер алынып тасталады.
Мәлімет қосқанда немесе өңдегенде Уикипедияны бүлдіріп қоймаймын ба деп уайымдаудың қажеті жоқ, себебі басқа редакторлар кеңес беруге немесе қателерді түзетуге әрқашан дайын, әрі Уикипедияның MediaWiki деп аталатын өзінің бағдарламалық құрылымы үлес қосушылар жасаған қателерді болдырмай тастауға мүмкіндік беретіндей етіп құрастырылған.
Уикипедия әркім үлес қоса алатын жалғасып жатқан еңбек болғандықтан, оның қағаз мәлімет көздерінен елеулі айырмашылықтары бар. Атап айтқанда, ертеректе жазылған мақалалар толығырақ және бейтараптау болып келеді де, беріректе жазылған мақалаларда жиі-жиі жалған мәлімет, энциклопедияға сай келмейтін мазмұн, тіпті бұзақылық кездесіп отырады. Қолданушылар шынайы мәліметті алып, жақында ғана қосылғандықтан әлі алынып тасталып үлгірілмеген жалған мәліметтен сақ болулары үшін жоғарыда айтылғанды есте сақтауға тиіс . Бірақ Уикипедияның қағаз энциклопедиялардан маңызды артықшылығы — Уикипедия әрқашан жаңарып отырады. Қағаз энциклопедияларда жаңа мақалалар жазып, бар мақалалардың өңдеу үшін айлап-жылдап уақыт кететін болса, Уикипедияда бұл бірнеше секунд, минут, әрі кетсе сағаттың ішінде жасалады.
Ал енді біз сізді уақыт бөліп Уикипедия дегеніміз не (және не емес) дегенді оқып шығуға кеңес береміз. Сол арқылы сіз қалай Уикипедиядан мәлімет алып, оған қалай үлес қосуға болатыны туралы ақпарат ала аласыз. Басты тақырыптар туралы мәлімет төменде берілген. Егер іздегеніңізді таба алмасаңыз, онда жиі қойылатын сұрақтар дегенге барып көріңіз. форумға сұрағыңызды қойыңыз.
Уикипедия туралы
Уикипедияның тарихы
- Бұл тақырып туралы егжей-тегжейлерін көбірек Уикипедия тарихы бетінен қараңыз.
Уикипедия басында Нупедияның бір тармағы ретінде пайда болды. (Нупедия – бұрын тегін энциклопедия жасауға бағытталған бір жоба болатын, қазір іске асырылуы тоқтатылған). Нупедияда күрделі әріптестер тексеру жүйесі болып, оған тек қана жоғары білікті мамандар ғана үлес қоса алатын, бірақ мақалалардың жазылу жылдамдығы төмен болды. 2000 жылы Нупедияның негізін қалаушы Джимми Уэйлс өзі Нупедияға қатысуға жұмысқа қабылдаған Ларри Сэнгермен бірге Нупедияны қосымша бір ашық жобамен толықтыру жолдары туралы ақылдаса бастады.
2001 жылғы қаңтардың екісінде Сангер Калифорниядағы Сан-Диего қаласында тұратын Бен Ковиц деген компьютер бағдарламашысымен бірге тамақ ішіп отырады. Тамақтың үстінде Бен Ковиц Сангерді уики ұғымымен таныстырып, оның мән-жайын түсіндіріп береді. Сангер бұның ашығырақ, әркім үлес қоса алатын энциклопедияны жүзеге асырудың өте тиімді жолы екенін түсіне қояды. Сангер уики ұғымымен бұрынырақ таныс болған Уейлсті Нупедияға қосымша уикиді ұйымдастыруға көндіреді. Сөйтіп, Нупедияның алғашқы уикиі 10 қаңтарда пайда болады.
Нупедияның редакторлары мен үлескерлері Нупедияны уики форматындағы бір парақшамен байланыстыруға қарсылық көрсетті. Сол себепті жаңа жобаға «Уикипедия» деген жаңа ат беріліп, ол 15 қаңтарда (бұл күнді қазір кейбір қолданушылар Уикипедия күні деп атап жүр) wikipedia.com деген өзінің жеке доменінде шыға бастады. Оған арнап өткізу жолағын және серверді Уейлс берді. Бұл жобаға қатысқан және қатысып жүрген қызметкерлердің ішінде оның қазіргі жетекшісі Тим Шеллді және бағдарламашы Джейсон Ричиді атауға болады. Көп ұзамай Уикимедиа қоры деген бейкоммерциялық ұйым құрылып, Уикипедияның ғаламтордағы домені қазіргі wikipedia.org дегенге өзгертілді. 2007 жылғы наурыз айында «уики» сөзі ағылшын тіліне жаңадан енген сөз ретінде қабылданды.[2]
2001 жылғы маусым айында бірқатар басқа тілдерде: каталан, қытай, нидерланд, эсперанто, француз, неміс, иврит, италиян, жапон, португал, орыс, испан және швед тілдеріндегі Уикипедиялар пайда болды. Одан кейін көп уақыт өтпей араб және венгр тілдес Уикипедия тіл бөлімдері ашылды.[3] Қыркүйек айында[4]поляк тіліндегі Уикипедия да қосылып, Уикипедияны көп тілді етуге шындап кірісе бастады. Жылдың соңында норвег және сербохорват тілдеріндегі Уикипедиялар да пайда болды.
Сауда белгілері мен құқықтар
Уикипедия — бірқатар тегін мазмұнды жобаларды іске асыратын коммерциялық емес Уикимедиа қорының тіркелген сауда белгісі. Осы жобалардың әрқайсысында сіздің еш тартынбай мақалаларға өзгеріс енгізіп, өзіңіз пайдалы деп көретін мәліметті басқалармен ынтымақтаса отырып енгізуге толық мүмкіндігіңіз бар.
Уикипедиядағы барлық мәтіндер және бейнелер мен басқа да материалдардың басым бөлігі GNU Free Documentation License (GFDL) бағынады. Егер сіз бір мазмұн қосатын болсаңыз, сол мазмұн сіздің өз иелігіңізде қала береді, ал GFDL лицензиясы сол мазмұнның тегін таратылуына және басқалардың қолдана алуына кепілдік береді.
Уикипедияға үлес қосушылар
Ондаған мың тұрақты редакторлар — білікті мамандардан кездейсоқ оқырмандарға дейін Уикипедияны өңдей алады. Осы арқылы оған орасан зор мөлшерде мәлімет енгізуге болады. Уикипедия мүшелері жоғары сапалы мақалалар жазып, әдептілікті сақтауға көмектесетін бірқатар шаралар ойластырылған. Редакторлар беттерді бақылап, бағдарламашылар кейбір дұрыс емес өзгертулерді қадағалап, түзетіп отыратын бағдарламалар жаза алады. Ерекше өкілеттіліктері бар 1000-нан астам админдер редакторлардың мінез-құлқының Уикипедияның ережелеріне және саясаттарына сай болуын қадағалайды. Егер жағдай ортақ пікірге келу арқылы мүлдем шешілмейтіндей болса, онда төрешілер комиссиясы шешім қабылдап, өзгеріс енгізу құқығынан айыра немесе оны шектеуге немесе басқа да шаралар қолдана алады.
Осы сайт Уикимедиа қорының меншігі болып табылса да, мақалалардың жазылуына және сайттың күнделікті жұмысына Қор көбінесе араласпайды.
Уикимедиa қоры
Уикимедиа қоры (Wikimedia Foundation, Inc.) — Құрама Штаттардағы Флорида штатындағы Сейнт Питерсбург қаласында орналасқан коммерциялық емес адамгершілік көмек ұйымы. Ол ұйым 2003 жылы Уикипедия және басқа тетелес жобаларға заңдық өкілеттік жасау мақсатымен құрылған. Уикипедияға қатысты сауда белгілері мен зияткерлік меншік құқықтары Уикимедиа қорының иелігінде. Оның барлық дерлік қызметтерін Уикипедия жұртшылығының еріктілері атқарады. Оған қоса Уикипедияда жалақы алатын бес қызметкер (екі компьютер бағдарламашысы, бір админ, демеу қаржы жинауды ұйымдастырушы және атқарушы директор), үш техникалық қызметкер (бағдарламалық және желілік басқару), шамамен 15 маманнан тұратын Кеңесшілер Алқасы және Қамқоршылар Алқасынан құралған. Қордың тармақтары бірнеше елдерде бар, жаңа тармақтар да ұйымдастырып жатыр. Олардың негізгі мақсаттары — өздері орналасқан жерге қатысты анықтауыш мәліметтер, жарияланымдар, демеу жинау және басқа мәселелермен айналысу.
Қор бүкіл жобаның деңгейінде Уикипедияның бүкіл дүние жүзіне қатысты барлық тілдерге және оның тетелес жобаларына қатысты ережелерді және нұсқауларды анықтап, керек болғанынша заңдық және интеллектулдық меншік мәселелер бойынша оларға қолдау көрсету. Ашық қайнарлы Уикипедия бағдарламалық жасақталуына (МедиаУики) керекті өзгерістерді де енгізіп отырады.
Өзінің барша адамдар тегін қолдана алатын анықтамалық материалдар жасап шығару және жобаның жұмысын үйлестіру мақсатына сай, Уикимедиа қоры Метауики деген бет те ұйымдастырған. Онда барлық жобаларға қатысты барлық мәселелер талқылана алады, баршаға қатысты ережелер қабылданып, incubator жаңа жобалар мен жаңа тілдердегі беттерді бастауға және бастапқы дамытуға қатысты мәселелер қарастырылады. 2007 жылғы тамыз айында Уикипедияның және оған туыстас жобалар жұртшылығы тарапынан басталған жобалар саны 100 шақты болды.
Уикипедияны ең тиімді қолдану
Уикипедияны зерттеу
Уикипедия сайтына келушілердің кейбіреулері білім алу үшін, кейбіреулері өз білімімен бөлісу үшін келеді. Тіпті сіз осы бетті оқып отырған кездің өзінде ондаған мақалалар өңделіп, жаңа мақалалар басталып жатыр. Сіз жақында жасалған өзгерістерді жуықтағы өзгерістер деген беттен көре аласыз. Сіз кездейсоқ мақалалардыда көре аласыз. Уикипедияда мақалаларды түрлі тақырыптар бойынша топтастыратын порталдар бар. Экранның сол жағында орналасқан іздеу жолағын қолданып, өзіңізді қызықтыратын мақалаларды іздей аласыз.
Қаласаңыз, Уикипедияны басқа тілдерде де оқи аласыз. Уикипедия екі жүзден астам тілде ақпарат береді (қараңыз:Уикипедия:Уикипедиялар тізімі).
Ортаққор Ашық файлдар қоры
|
Уикисөздік Ашық сөздікқор
| ||||
Уикидерек Ашық дерек базасы
|
Уикикітап Ашық кітап пен оқулық қоры
| ||||
Уикихабар Ашық жаңалықтар
|
Уикидәйек Дәйексөз жинағы
| ||||
Уикиқайнар Ашық кітапхана
|
Уикитүрлер Түрлер тізімдемесі
| ||||
Уикисабақ Білім қоры
|
Уикисаяхат Жиһанкез нұсқаулығы
| ||||
MetaWiki Жобаларды үйлестіру
|
МедиаУики Уики бағдарламалық жасақтама
|
Тағы қараңыз
Дереккөздер
- ↑ Active wikipedians (Wikipedians who contributed 5 times or more in this month) ( (ағыл.)). stats.wikimedia.org (1 тамыз 2013). Тексерілді, 12 қазан 2013.
- ↑ http://www.oed.com/help/updates/Prakrit-prim.html
- ↑ Wikipedia announcements — May 2001.
- ↑ Wikipedia announcements — September 2001.